Category «Энциклопедия»

Соңғы гестоз деген не?

Соңғы гестоз – көбінде жүктіліктің үшінші триместрінің басында пайда болатын, жиі кездесетін аса қауіпті ауру. Бұл аурудың «соңғы токсикоз» деген балама атауы да бар. Негізінен, гестоз ағзада өзгерістер болып жатқанда пайда болады, болашақ ана мен бала үшін өте қауіпті. Гестоздың белгілер: Гестоз жүктіліктің 16–20 апталарында пайда болып,  үшінші триместрде (28 аптада) байқала бастайды.

Кеш токсикоз (соңғы токсикоз)

Кеш немесе соңғы токсикоз — жүктіліктің екінші жартысындындағы қауіпті асқынулардың бірі. Көп жағдайларда кеш токсикозды жүктіліктің бірінші жартысындағы ерте токсикоздың баламасы ретінде жүрек айну, құсу белгілерімен көрінеді деп санайды. Кеш токсикоз ерте токсикозға қарағанда қауіпті және қатерлі. Қатерлілігі – жүкті әйелдің өзіне сезілмейтін қан қысымының жоғарлауымен, жасырын ісікпен және зәрде нәруыздың (ақуыз) болуымен көрінетін ауру. Нәтижесінде, айтарлықтай зат алмасудың …

Хорион бүрлерінің биопсиясы

Хорион бүрлерінің биопсиясы (орыс.: Биопсия ворсин хориона) – бұл жүктіліктің алғашқы триместрінде жасалатын, баланың дамуында ауытқулардың болу мүмкіндіктерін анықтайтын сараптаманың бір түрі. Хорион бүрлері шарананың негізін салушы ретінде ұрықты (эмбрион) жатыр қабырғасында ұстап тұрады. Бұл бүрлердің генетикалық құрылымы сәби ағзасының жасушаларымен бірдей болып келеді. Уақыт өтісімен бұлардан шарана пайда болады.

Бала, ұрпақ, перзент туралы мақал-мәтелдер (Екінші бөлім)

Қазақ халқының бала, ұрпақ, перзент, ұл, қыз туралы мақал-мәтелдері (Екінші бөлім) *** Балаға пышақ бермесе, бір жылар, Пышақ берсең, екі жылар. *** Бала соққан кездіктің басы жарық. *** Баланың ұяты – әкеге, Қыздың ұяты – шешеге.

Балалар арасындағы пневмания

Балалар арасындағы пневмания

Пневмания немесе өкпенің қабынуы— түрлі вирустардың, бактериялардың, паразиттердің, микроорганизмдердің әсерлерінен пайда болған өкпе инфекцияларына қатысты ортақ термин. Көбіне пневмания вирустардың (мысалы: аденовирустар, тұмау вирустарының, т.б.) әсерінен болады. Кейбір жағдайда пневманиямен ауыратын ауру адам түшкіру кезінде қасында отырған сау адамның өкпесіне бактериялар мен микроорганизмдер жұқтыру арқылы өкпенің инфекциялық қабынуын таратады. Пневманияның белгілері: Аурудың белгілері балалардың жас ерекшелігіне қарай және …

Жатыр мойны эрозиясы

Жатыр мойны эрозиясы (орыс.: эрозия шейки матки) — жатыр мойнының шырышты қабықшасының тұтастығының бұзылуы немесе шырышты қабат ұлпаларының зақымдалуынан пай болатын кішігірім жаралар (эрозиялар). Бұл ауру әйелдерде ең жиі кездесетін гинекологиялық аурулардың бірі болып саналады.

Спермограмма — еркек бедеулігінің диагностикасы

Спермограмма: материалды алу

Спермограмма деген не? Спермограмма деп сперманы (шәует) сандық және сапалық тексеру әдісін айтады. Бұл тексеруді эякулят (сыртқа шыққан шәует) арқылы микроскоп астында қарап тексереді. Осы әдіс арқылы аналық жұмыртқа жасушасының ұрықтануын нақты анықтауға болады. Бірақ та алынған мәліметті қатты бағалаудың қажеті жоқ, себебі бұл көріністер 100% нақты бедеуліктің себебін көрсетпейді. Егер патологиялық жағдайлар анықталған кездің өзінде табиғи …

Гиперактивті балалар туралы

Гиперактивті бала – өте көп қимылдайтын (қозғалатын), шаршауды білмейтін, айтқанға көне бермейтін, басқа балалардан мінез-құлқы мен қимылы өзгеше бала. «Гипер» сөзі «шамадан тыс жоғары деңгейде» дегенді білдіреді. Кез-келген баланың өмірінде ашуланатын уақыттары болады. Мәселен, ұйықтайтын уақытта төсекте байбалам салады, дүкенде еркелеп, айтқанды тыңдамайды. Бұл баланың зеріккендігін білдіруі мүмкін, бірақ тек гипербелсенділіктің белгісі емес.

Қынап туралы не білеміз?

Қынап (орыс.: влагалище; лат.: vagina) — әйелдің ішкі жыныстық мүшелерінің бірі, түтік тәрізді болып келеді, қыздық пердеден жатыр мойнына дейінгі аралықты алып жатыр.  Жатырдың қалыпты жағдайдағы ұзынды 7-12 см құрайды.

Әйелдің репродуктивті жүйесі

Әйелдің репродуктивті жүйесі немесе әйелдің жыныс мүшелері дегеніміз көбейіп, ұрпақ жалғастыруға жауапты мүшелердің жиынтығы. Әйелдердің репродуктивті жүйелері ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінен тұрады. Бұл жүйе әйелдерді еркектерден ерекшелеп тұрады, яғни әйел жыныстылардың анатомиясына ғана тән ерекшелік болып табылады.

Жатыр миомасы

Жатыр миомасының түрлері

Жатыр миомасы (орыс.: миома матки; лат.: uterus myomatosus) – жатырдың бұлшықеті қабатының айналасында орналасатын қатерсіз ісік. Жатыр миомасы әйелдерде ең көп кездесетін қатерсіз ісік түріне жатады. Әйелдердің шамамен 40% осы аурумен ауырады, бірақ олардың көбісі білмейді. Себебі, әдетте, аурудың ешқандай белгілері болмайды. Жатыр миомасының пайда болуы жатыр жасушаларының белсенді бөлінуіне байланысты. Бұл құбылыстың себептері әлі толық …

Фетальді алкогольді синдром жайлы не білеміз?

Фетальді алкогольді синдром немесе ұрықтың алькогольді синдромы (басқа атаулары: эмбриональді алкоголь синдромы, фетальды алкогольді салдарлар) — әйелдің жүктілік кезінде және оған дейінгі уақытта алкогольді (құрамында спирті бар) ішімдіктерді тұтыну салдарынан нәресте бойында пайда болатын психикалық және физикалық ақаулардың жиынтық атауы. Мұндай ақаулар алкогольді ішімдіктерден болатын зардаптардың ең қауіптілеріне жатады.

Яндекс.Метрика