Category «Жүктілік»

Жүктілік кезінде выделение: қалыпты жағдай ма әлде дерт па?

Жүктілік кезінде выделение: қалыпты жағдай ма әлде дерт па?

Әйелдердің жыныстық мүшесінен ары бері келіп тұратын выделение денсаулықтың жақсы екенін білдіретін фактор.     Және сол выделение жүкті болған әйелде де кездесуі ғажап емес. Кейде оны байқаған аналар уайымға салынады. Себебі, көп әйелдер қай выделение қалыпты жағдай, ал қайсысы дәрігерге қаралуға себеп болатынын білмейді.   Қынап выделениесінің негізі функциялары: Эмбрионды әртүрлі қауіпті инфекциялар мен …

Жүкті әйелдің бала емізуіне бола ма?

Қызым 1 жас 7 айлық. Еміземін. Өзім жүктімін, 5-ші апта. Менің жағдайымда бала емізуді жалғастыра беруге бола ма? Жүктілік сүттің құрылымына әсер ете ме? Егер әсер ететін болса, баланы емшектен қалай шығаруыма болады? Қайта жүкті болған жағдайда емізуді жалғастыра беруге болады.

Кішкентай жатырмен бала көтеру мүмкін бе?

«Жатырдың кішкентай болуы» деген не? Оның себебі неде? Кішкентай жатыр немесе ғылыми тілдегі жатыр гипоплазиясы дегеніміз әйел жатырының толық дамымай қалуы. Оның негізгі себебі — жыныстық жетілу кезеңіндегі гормондық бұзылыстар мен жүйке жүйесіндегі бұзылыстар мен стрестік жағдайлар. Кейде жатыр аймағымен байланысы жоқ инфекциялық аурулардың салдарынан да жатырдың жетілмей қалуы мүмкін. 11-15 жас аралығындағы қыз балалардың сапалы азықпен …

Жүктілік кезінде сыра ішуге бола ма?

Сыраның құрамында қанша грамм спирт болады? Сыраның құрамындағы спирттің мөлшерін анықтау үшін сыраның қанша пайызы спирттен тұратындығын және ішілетін сыраның мөлшерін анықтау керек. Көп сыралардың бір стаканында (0,2 л) шамамен 8-12 грамм спирт болады. Ал 0,5 литрлік шөлмегінде 20-30 грамм спирт болады. Жүкті әйелдердің сыра ішуіне бола ма?

Жүкті әйелдің тіс күтімі қандай болуы керек?

Жүктілік кезінде әйел ағзасында көптеген өзгерістер болады. Осы кезге дейін өзіне ғана арналған дәрумендермен ендігі жерде құрсағындағы сәбиі де ортақтасады. Бұл болашақ ананың бойындағы жетіспеушіліктің орнын қосымша дәрумендерді қабылдауы арқылы ғана толтыра алады. Темір жетіспеушілігі – анемияға, кальцийдің, фтордың, фосфордың аздығы – сүйек пен тістің босауына, шаштың түсуіне алып барады. Біз бұл мақаламызда адам сұлулығының …

Жүкті әйелдерге керекті кеңестер

Қыз баласы ақ отауға келін болып түскеннен бастап – келіншек атанады. Жас келіншектің бақытты да керемет шағы – жүктілік кезеңі.Ең алғаш бойыңа бала бітіп, тіршіліктің бар екенін сезініп, көтеріп жүру — бақыт. Кейбір жағдайларда, жүкті әйелдердің алғашқы айларында, токсикоз басталады. Ол кейде 2-3 айға, тіпті туғанға дейін созылады.

Темекі шегу жатырдан тыс жүктілікке себеп болады

Темекінің зияны көп-ақ: материалдық, моральдық, денсалулыққа байланысты зияндар. Әйелдің немесе еркектің денсаулық жағдайына кері әсер ету арқылы олардың ұрпақ сүю бақытынан айырылуларына себеп болады не болмаса жүкті болу құбылысын қиындатады. Сондай қиындықтардың бірі — жатырдан тыс жүктілік.

Абайла! Токсоплазмоз індеті жұғады

Жүкті әйелдер денсалуықтарын дұрыстап күту керек. Болашақ ананың денсаулығы болашақ сәбидің денсаулығына тікелей әсер етеді. Қауіпті індеттерден сақтану, жұққан жағдайда емделу болашақ сәбидің сау болып туылуына себеп болады. Сондай қауіпті індеттердің арасында токсоплазмоз да бар.

Жүктілік кезіндегі токсоплазмоз (сұрақтар)

Жүктілік кезіндегі токсоплазмоз туралы сұрақтар Токсоплазмоз — адамдар мен жануарларда кездесетін жұқпалы індет, теріде қызыл дақ болып шығады. Аурудың Toxoplasma gondii деп аталатын қоздырғыштары негізінен шикі ет өнімдерінде, мысықтарда көп кездеседі. Жуылмаған жеміс-жидектер арқылы да таралуы мүмкін. Жүктілік кезінде токсоплазмоз ауруын жұқтыру ықтималдылығы қандай?

Жүктілік кезінде кездесетін кейбір қолайсыздықтар

Барлық ерлі-зайыпты адамдар ерте ме кеш пе балалы болуды ойланады. Бала дүниеге келгеннен кейін еркек тек психологиялық тұрғыдан ғана өзгерсе, ал әйел сырқы келбеті жағынан да өзгеріске ұшырап жатады. Сәбилі болатыныңызды білген керемет бір күні үйреншікті өміріңізбен қоштасуға тура келеді. Өйткені, жас ана жүктілік кезінде түрлі қолайсыздықтармен кездесері анық. Солардың бірнеше түріне тоқтала кетсек:

Жүкті әйелдердегі қаназдық ауруы

Қаназдық (анемия) — жүктілік кезінде өте жиі кездесетін ауру. Үнемі басты ауыртып, балтырды сыздатпағанымен, болашақ ана мен болашақ сәбидің денсаулықтарының мықты болуына кедергі келтіреді. Қаназдық дегеніміз анемия. Ол байқалған кезде қан құрамындағы эритроциттерде кездесетін гемоглобин (оттегі тасымалдағыш ақуыз) мөлшерінің кеміп кетуі орын алады. Гемоглобинмен бірге эритроциттердің кеміп кетуі де мүмкін. Бұл кесел жылдың қыс және көктем …

Іші шыққан әйел қалай ұйықтау керек?

Жүктіліктің бесінші айынан бастап аяғы ауыр әйелдің іші шығады. Жүктіліктің соңына қарай қарны (іші) үлкейіп кетеді. Алғашқыда қалыптасып кеткен ұйқыдағы күйіңізде ұйықтай алмайсыз. Себебі шыққан ішіңізбен «санасуға» тура келеді. Бір-екі түндік жайлы ұйқыңызды қисаңыз, жаңа қалыпқа (күйге) үйреніп аласыз.

Жыныстық қатынас (сұрақ-жауап)

Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас тақырыбы әйелді де, еркекті де алаңдатады, ойландырады, түрлі күмәндар тудырады. Асылында, көптеген жұбайлар үшін жүктілік кезінде жыныстық қатынас жасаудан қорқудың қажеті жоқ. Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас жасауға (жақындасуға)

Яндекс.Метрика