Category «Жүктілік & босану»

Жүктіліктің бірінші триместрі

Жүктіліктің бірінші триместрі — алғашқы триместр, жүктіліктің 1-12 апталары, яғни 1-3 айлары аралығын қамтиды. Жүктілік кезеңін үшке бөліп қарастырғанда  «триместр» сөзінің қолданылуы өте орынды. Себебі ол «үштен бір бөлігі» дегенді білдіреді, ал кей жердерде кездесетін «жүктілік тоқсаны» тіркесіндегі «тоқсан» сөзіның мағынасы «төрттен бір бөлігі» дегенді білдіреді.

Ертерек жүкті болудың 7 амалы

Қалай ертерек жүкті болуға болады? деген сұрақ көптеген жас келіншектерді, атап айтсақ, тұрмыс құрғанына 5-6 ай болып, бірақ көтермей жүрген жас келіншектер мен бедеулікке ұшыраған келіншектерді қаттырақ алаңдатады. Енді біз сол сұраққа жауап боларлықтай жеті амалды назарларыңызға ұсынамыз. Олар төмендегідей:

Темекі шегу жатырдан тыс жүктілікке себеп болады

Темекінің зияны көп-ақ: материалдық, моральдық, денсалулыққа байланысты зияндар. Әйелдің немесе еркектің денсаулық жағдайына кері әсер ету арқылы олардың ұрпақ сүю бақытынан айырылуларына себеп болады не болмаса жүкті болу құбылысын қиындатады. Сондай қиындықтардың бірі — жатырдан тыс жүктілік.

Абайла! Токсоплазмоз індеті жұғады

Жүкті әйелдер денсалуықтарын дұрыстап күту керек. Болашақ ананың денсаулығы болашақ сәбидің денсаулығына тікелей әсер етеді. Қауіпті індеттерден сақтану, жұққан жағдайда емделу болашақ сәбидің сау болып туылуына себеп болады. Сондай қауіпті індеттердің арасында токсоплазмоз да бар.

Жүктілік кезіндегі токсоплазмоз (сұрақтар)

Жүктілік кезіндегі токсоплазмоз туралы сұрақтар Токсоплазмоз — адамдар мен жануарларда кездесетін жұқпалы індет, теріде қызыл дақ болып шығады. Аурудың Toxoplasma gondii деп аталатын қоздырғыштары негізінен шикі ет өнімдерінде, мысықтарда көп кездеседі. Жуылмаған жеміс-жидектер арқылы да таралуы мүмкін. Жүктілік кезінде токсоплазмоз ауруын жұқтыру ықтималдылығы қандай?

Жүктілік кезінде кездесетін кейбір қолайсыздықтар

Барлық ерлі-зайыпты адамдар ерте ме кеш пе балалы болуды ойланады. Бала дүниеге келгеннен кейін еркек тек психологиялық тұрғыдан ғана өзгерсе, ал әйел сырқы келбеті жағынан да өзгеріске ұшырап жатады. Сәбилі болатыныңызды білген керемет бір күні үйреншікті өміріңізбен қоштасуға тура келеді. Өйткені, жас ана жүктілік кезінде түрлі қолайсыздықтармен кездесері анық. Солардың бірнеше түріне тоқтала кетсек:

Жетілмей қалған жүктілік

Жетілмей қалған немесе дамымай қалған жүктілік (орыс.: замершая беременность) — жатырдағы ұрықтың жүктілік барысында дамымай қатып қалып, тіршілік етуін тоқтатуы. Бұл патологиялық жағдайға жатады. Жүкіліктің мұндай сәтсіз түрі алғашқы триместрде (12-13 аптаға дейін) көп болады. Бұрынғы уақыттарда менопаузаға жасы таяп қалған әйелдер көп ұшырасса, қазіргі күндері жиырманың үстіндегі жас келіншектер де ұрынып жатады. Отандық гинеколог мамандардың деректеріне …

Жүкті әйелдердегі қаназдық ауруы

Қаназдық (анемия) — жүктілік кезінде өте жиі кездесетін ауру. Үнемі басты ауыртып, балтырды сыздатпағанымен, болашақ ана мен болашақ сәбидің денсаулықтарының мықты болуына кедергі келтіреді. Қаназдық дегеніміз анемия. Ол байқалған кезде қан құрамындағы эритроциттерде кездесетін гемоглобин (оттегі тасымалдағыш ақуыз) мөлшерінің кеміп кетуі орын алады. Гемоглобинмен бірге эритроциттердің кеміп кетуі де мүмкін. Бұл кесел жылдың қыс және көктем …

Іші шыққан әйел қалай ұйықтау керек?

Жүктіліктің бесінші айынан бастап аяғы ауыр әйелдің іші шығады. Жүктіліктің соңына қарай қарны (іші) үлкейіп кетеді. Алғашқыда қалыптасып кеткен ұйқыдағы күйіңізде ұйықтай алмайсыз. Себебі шыққан ішіңізбен «санасуға» тура келеді. Бір-екі түндік жайлы ұйқыңызды қисаңыз, жаңа қалыпқа (күйге) үйреніп аласыз.

Босануды жеңілдететін медициналық шаралар

Босанатын кезде қолданылатын ауырсынуды сездірмейтін әдістер Бүгінгі күні босану кезінде ауырсынуды сездірмейтін дәрі-дәрмектер көптеген босану үйлерінде қолданылады. Жалпы наркоз өте аз қолданылады, тек төтенше жағдайлар туындамаса. Эпидуралды анестезия. Бүгінгі күні өте кең тараған әдіс. Ауырсынуды сездірмейтін зат жұлынды қоршап тұратын тығыз ми қабығының алдындағы кеңістікке ине және катетер (дененің қуысына енгізілетін қуыс тетік) арқылы енгізіледі. …

Босану қалай өтеді?

Босану қалай өтеді? Көбіне, босанатын уақыт толғақтан басталады. Толғақ – бұл жатыр мойнының ашылуына әкелетін жатырдың қысылуы. Олар бірнеше сағат бойы іштің төменгі жағында және бел жақта созылыңқы түрде, жиі қайталанады. Мұндай кезде әйел ішінің қатая бастағанын сезеді. Толғақ бірнеше секундқа созылады да соңынан жатыр босаңсиды. Бірінші толғақтар ауырсынуды сезінбегендіктен, байқалмай қалады. Толғақтың арасындағы үзілістерде …

Жыныстық қатынас (сұрақ-жауап)

Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас тақырыбы әйелді де, еркекті де алаңдатады, ойландырады, түрлі күмәндар тудырады. Асылында, көптеген жұбайлар үшін жүктілік кезінде жыныстық қатынас жасаудан қорқудың қажеті жоқ. Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас жасауға (жақындасуға)

Болашақ аналарға арналған киім мен аяқ киім

Жүкті кезінде әр әйел (әсіресе бірінші сәбиі болса) киім-кешектерін жаңарту керек. Ең бастысы, киімнен талап етілетіндігі – ыңғайлылығы. Киім ішіңізді қыспауы керек, сондықтан қатты байланатын белбеулерден, стрейч-джинсылардан, сымбатыңызды айқындап тұратын шалбарлардан, қысып тұратын ішкиімдерден бас тартуыңыз қажет. Оған қоса, резеңкеден жасалған гольфи мен шұлықтарды кимеңіз. Теріңізге жақын тұратын киімдер (көйлек, ішкиімдер) табиғи гигроскопиялық маталардан тігілгені …

Яндекс.Метрика