Ішек инфекциясы кезде не істеу керек?

Құсып, іші бірнеше мəрте өтіп жатқан бала, көп мөлшерде сұйықтық жоғалтып жатқаны хақ. Баланың тамаққа мүлдем тəбеті де жоқ.
Сіздің, ана ретіндегі басы мақсатыңыз балаға көбірек су, сұйықтық беру.
Суды бірден көп мөлшерде берсеңіз, асқазан тітіркеніп, құсып тастайды. Сол себепті, аз-аздан, жиі жиі су беріңіз. (Əр 5-10 минут сайын 2-5 мл). Тек осылай, балаңыздың жағдайы нашарламауына көмектесесіз. Себебі, ішек инфекцияларында ең қауіптісі – сусыздану.
Əсіресе, компот пен кисель өте тамаша көмектеседі. Компоттың өзінде, қағында пюре қылып берсеңіз ішек микрофлорасына оң əсер етеді?. Компотты қантсыз, балаға үзбей беру баланы ішек инфекциясынан қорғайды?.
Құсу азайғанда, балада тəбет бола бастайды. Қандай тамаққа тəбеті оянса, соны берген дұрыс. Аш ұстамаңыз, тəбеті болса асқазан ішек жолдары тамақты қорытуға дайын деген сөз.
Сиыр сүті өнімдерін шектей тұрыңыз. Тек сүзбе(творог) ұсынсаңыз болады.
Бала бұрын жеп көрмеген, жаңа тамақты жазылмай тұрып, балаға бермеңіз.
Күріш, перловка сынды крупаларды қайнатып, жеңіл майсыз көкеністер қосылған ет сорпасын ұсынсаңыз болады.

Ішек инфекциясы, түрлері, себептеріне басқа пост жазу керек ау. Бүгін, тек ЕМІ туралы.
Ең алдымен, кеше айтқанымдай ішек инфекциясы кезінде ең қауіптісі ол сусыздану, яғни ағзаның көп мөлшерде су, тұз, электролиттерді жоғалтуы. Бұл өте қауіпті. Сондықтан, бірінші күннен балаға аздан, өте жиі су ұсыну керек.
Тұз, электролиттер жоғалуының алдын алу үшін РЕГИДРОНды əр құсқан, іш өткен сайын 2 жасқа дейнгі балаларға 50-100, 2 жастан жоғары балаларға 100-200 мл беру керек. Ішпе жатса кез-келге сұйықтық(су, компот, кисель) үздіксіз аздан ұсыныңыз.
Айтпақшы, ішек шырышты қабатынан жақсы сіңу үшін сұйықтық жылы емес, бөлме температурасындай болуы керек.
Ішек инфекциясының белгілерінің бірі ҚҰСУ. Құсу болдырмау үшін суды да, тамақты да аз мөлшерден қабылдау керек. Бірақ, құсуда, іш өтуде ағзаның бактерия мен вирустан тез құтылуға əрекеті. Сондықтан, құсуды басатын, іш өтуін тоқтататын СТОПДИАР сынды дəріні беру өрескел қəтелік. Керсінше, іш өтуді, құсуды басу арқылы ағза улануы жалғасады.
– Екіншіден, сорбент беру керек. Олар, белсендірілген көмір, смекта сынды дəрілер. Олар өз бойына ағзаны улап, құсу мен іш өтуді шақырып жатқан вирус, бактерия, токсиндерді сіңіріп алып, сыртқа шығарады. Ағза жазылады.
– Үшіншіден, пробиотик беріледі. Ол- ішек микрофлорасын қалыпқа келтіретін,пайдалы микроорганизмнен тұратын дəрілер.(линекс, хилак-форте, энтерожермин, максилак,ЭНТЕРОЛ, ВИВАЛАКТ т.б)
– Төртіншіден, егер үлкен дəретте бактериальды ішек инфекциясына тəн өзгерістер болса, сол инфекцияға əсер ететін антибиотик тағайындалады. Мысалы, цефалоспорин не макролид тобынан.
Ішек инфекциясы кезінде ең қауіптісі баланың сусыздануы. Дəл сол сусыздану дəрежесіне қарап, баланы стационарда емдеу туралы шешім қабылданады.

Айдана Кеңесханқызы

Яндекс.Метрика