Ларингит дамуының негізгі себептері

Нəрестесі ларингит болып қалған ана аурудың атынан шошып, интернет ақтарып, ақпарат іздейді. Ендеше сіздер үшін, парақшамда аталмыш сырқат туралы қазақша мəлімет тұрсын.
Балалардағы ларингиттің ең бірінші белгісі — дауысының қарлығуы мен тыныс алуының қиындауы. Ларингит бір рет ғана, не қайта қайта өршіпте көрініс беруі мүмкін.

Ларингит дамуының негізгі себептері:

✓Вирустар. Фарингит, тонзиллит сиақты тамақ ауруларында инфекция көмекейге түсіп кетсе ларингит дамиды. Ауру қоздырғышы вирус болғанына қарамастан антибиотик тағайындалады

✓Аллергендер. Шаң-тозаң, жануарлардың жүні, кейбір тамақ өнімдері аллергиялық ларингит шақыруы мүмкін. Бұндай жағдайда антигистаминдік дəрілер тағайындалады.

✓көмекей шырышты қабатының ісінуге бейім болуы кей балаларда ларингиттің 3 жасқа дейн жиі ауруына алып келеді.

✓Жүйке жүйесі əлі толық дамымағандықтан, эмоциональды қобалжулар да дауыс байламдарының ісінуі не спазмын шақырады.
✓1 жасқа дейінгі балаларға спрей, аэрозоль қолдану көмекейдегі байламдарда аллергиялық реакция шақырып спазм туындатуы мүмкін. Сол себепті алдыңғы посттарымда жазғандай кішкентай балаларға спрей, аэрозоль қолдануға болмайды. Тамақты өзіңіз сүртіп, мұрынға тамшы қолдану керек.
Кішкентай нəрестелерде көмекейдің шырышты қабаты «рыхлый», сондықтанда жоғарыдағы факторлар шырышты қабаттың ісініп, дауыс қуысының қысылуына алып келеді. Ал, бұл бала дауысы қарлығуы, ит үргендей қатты жөтелуіне, дауыс байламдары спазмы (сужение) тыныс алудың қиындауына алып келеді. Көкірек тұсында сырылдар да анық естіледі, кейде дене қызуы көтерілуі байқалады.
Ларингит кезінде балада тыныс алуы қиындап, ентігу басталса, оны тыныштандырып, ыстық су буымен ингаляция, не небулайзер арқылы физиологиялық ертіндімен не спазмды басатын дəрілермен ингаляция жасаңыз. Тағы ұстама басталмауы үшін диеталық тамақтануға көшу керек (ащы, тұзды, майлы, қуырылған тамақты шектеу). Асқынған түрлері тек ауруханалық емді қажет етеді.

Пікір жазу

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика