Менингит қайдан пайда болады

Қызылша мен менингит бәсеңдер емес.
Балаларда менингиттің қәзір жиі кездесу иммунитеттері әлсіздігінен деп ойлаймын. Қарапайым ОРВИ дің өзі менингитке асқынып кетуі мүмкін. Бұлда антибиотикті оңды-солды пайдалануының кесірі ма дерсің.
Ендеше, көбірек ана көруі үшін лайк аямаймыз.

Менингит – əртүрлі қоздырғыштар(вирус, менингококк не басқа бактериялар) салдарынан, ми мен жұлын қабығының қабынуы. Иммунитеті əлсіз болғандықтан балаларда жиі кездеседі. Яғни, инфекция ми қабығына тез өтеді.
Негізгі белгілері:
– Дене температурасының 39-40 градусқа жоғарылауы. Ауру аяқ астынан белең алады, дене қызуы түспейді
– бас айналу, сандырақтау, ересек балалар қатты бас ауруына шағымданса, 1 жасқа дейнгі балалар жылап мазасызданады, еңбегі томпиып кетуі мүмкін.
– жүрек айну, жеңілдік əкелмейтін құсу байқалады
– қатты жарық, шуға тітіркену, тырысу, қалтырау болады.
– жəне денеде қызыл түстес бөртпелер туындауы мүмкін.
Менингиттің жедел, созылмалы жəне 6 сағат ішінде өлімге алып келуі мүмкін «молниеоносты» түрлері болады. Қай түрі болсада, уақыт өткізбей дер кезінде баланы стационарға жеткізу қажет.
Нақты диагноз жұлын сұйықтығын зерттеу арқылы қойылады.
Егер менингитті бактерия шақырса «іріңді менингит», вирус шақырса «серозды менингит» деп аталады. Дәл қәзір осы екі түрі жиі кездесіп тұр. Аллаға шүкір, бұлар жеңіл өтеді.

Келесі сақтық шараларын жасаңыздар:
*бөлмені жиі желдету, жеке бас гигиенасын сақтау, бала жақсы тамақтануына мəн беру
*қоғамдық орындар, əсіресе желденбейтін сауда орталықтарына баруды шектеу
*баланы тұмау, бактериальды инфекциялардан, салқын тигізуден сақтауға барынша тырысу.
Дендеріңіз сау болсын!

Айдана Кеңесханқызы

Яндекс.Метрика