Бала, ұрпақ, перзент туралы мақал-мәтелдер (Үшінші бөлім)

Қазақ халқының бала, ұрпақ, перзент, ұл, қыз туралы мақал-мәтелдері (Үшінші бөлім)
***
Өз қолыңда болмаса, атаң да жат.
***
Қыз шыққан жерден ұл да шығады.
***
Қыз «қуыршақ» дейді,
Ұл «құлыншақ» дейді.
***
Қыз бала өкпеші болса, қалыңмалы көп болар,
Ер бала өкпеші болса, ырысқа кесір болар.
***
Қыз ырыс емес пе, ұл қоныс емес пе?!
***
Мал балада қалды, бай далада қалды.
***
Ойнақтаған бала от басар.
***
Өз балаң өзекке тепсең де кетпейді,
Кісі баласы кісендесең де тұрмайды.

Ұқсас мақалалар

Бала, ұрпақ, перзент туралы мақал-мәтелдер (Бірінші бөлім)

Бала, ұрпақ, перзент туралы мақал-мәтелдер (Екінші бөлім)

Жесір мен жетім туралы мақал-мәтелдер

Яндекс.Метрика