Босанудың белгілері қандай?

Əр бір жүкті əйел жүктілігінің соңғы айларында бөпесін құшақтап иіскеуге асығатыны белгілі. Бір жағынан қуаныш сезімі, бір жағынан қорқыныш сезімі туындап, қашан толғағым келеді деп күтеді.
Жүктіліктің аяқталып жатқанының көптеген түрлері бар, солардың маңыздыларына тоқталсақ:
✓Іштің төмен түсуі (баланың босану жолдарына қарай жылжуы)
✓ Тыныс алу жеңілдеуі (іш төмен түскен соң өкпе қысылмай оңай тыныс алады.)
✓ Дəретханаға бару жиілейді ( бала төмен түскендіктен қуыққа қысым көп түседі)
✓ Іштің жеңіл өтуі

✓ Бел аймағындаңы ауыру сезімі ( сегізкөз-жамбас сүйек байламдарының созылып ашылуы жоғарылағандықтан)
✓ Салмақтың азаюы (ісіктер азая бастайды)
✓ Көңіл- күйдің өзгеруі мүмкін (ұйқышылдық немесе қатты белсенділік болуы мүмкін)
✓ Айтолғақар — Ретсіз толғақтар, арасында бір рет ауырсыну. 1 күнде бірнеше рет қана болуы мүмкін. — Қысқа мерзімді толғақтар. — Ауыру сезімі қатты емес — Демалған соң немес өздігінен тоқтайды -Жатыр мойнының ашылуына əсер етпейді.
Босанудың белгілері
✓ Толғақтар арасы 15-20 мин, кейін 10-5 мин күшейе түседі
✓ Жатыр мойны тығынының (пробка) кетуі (ол босанудан 2 апта бұрын кетуі де мүмкін, немесе босанар сəтте кетуі мүмкін əркімде əрқалай. Кеткенін байқамай қалуыңызда мүмкін)
✓Қағанақ суының кетуі
Босанудың белгілері əркімде əрқалай болуы мүмкін, кейбір əйелдерде белгілер болмауыда мүмкін. Айтолғақ пен толғақты ажырату үшін душқа түсіп көруге болады, егер реттілігі мен күші сақталса онда ол толғақ. Босануға дайындалыңыз.

Толғақты шақыру үшкн залвқ арасында кең тараған тəсілдер: еңкейіп пол жуу керек, баспалдақпен мініп түсуде пайдалы, көп серуендеп жүру керек, билеу керек қыздарфиники жеу пайдалы екен, құрамында жатырды жиырылтатын окситоцин бар екен. Егер уақтыңыз өтіп, толғақ келмей жатса сумкаларыңызды дайындап род домға қарай жолға шығыңыз)) дəрігерлер толғақты өздері шақырып алады.

Пікір жазу

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика