Босануды жеңілдететін медициналық шаралар

Босанатын кезде қолданылатын ауырсынуды сездірмейтін әдістер
Бүгінгі күні босану кезінде ауырсынуды сездірмейтін дәрі-дәрмектер көптеген босану үйлерінде қолданылады. Жалпы наркоз өте аз қолданылады, тек төтенше жағдайлар туындамаса.

Эпидуралды анестезия

Эпидуралды анестезия. Бүгінгі күні өте кең тараған әдіс. Ауырсынуды сездірмейтін зат жұлынды қоршап тұратын тығыз ми қабығының алдындағы кеңістікке ине және катетер (дененің қуысына енгізілетін қуыс тетік) арқылы енгізіледі. Бұл дененің төменгі жағындағы ауырсынуларды сездірмейді. Сонымен қоса, бел анестезиясы деген әдіс те бар. Бұл да эпидуральды әдіс сияқты жасалады, бірақ өте жіңішке ине арқылы. Енгізілетін анестетик мөлшері айтарлықтай төмен.

Эпидуральды әдіс өте қолайлы және тиімді: ол дененің төменгі жағының ауырсынуын басады және адамды ақыл-есінен айырмайды. Дүниеге келетін сәбиге де зияны аз. Катетер перидуральды кеңістікте (тығыз ми қабығының астында) әйелдің босануы аяқталғанша қалады, егер анестетиктің әсері азая бастаса, қосымша тағы да енгізуге болады.
Эпидуральды анестезияның сонымен қоса кемшіліктері де бар: туу әрекетінің белсенділігі төмендейді (толғақ пен күшенудің уақытша «басылуы»), қан қысымы төмендеуі немесе босанушының аллергиялық реакциялары туындауы мүмкін. Теориялық түрде ми қабығын, жүйке талшықтарын немесе катетерді дұрыс емес енгізсе омыртқа жотасын зақымдап алуы ықтимал. Алайда, сауатты анестезиолог маман болса, мұндай қателік туындамайды.

Промедол инъекциясы. Наркотикалық анальгетиктерді (мысалы, промедол) тамыр ішінен немесе бұлшықет ішінен инъекция жасау арқылы ауырсынуды сездірмеуге болады. Промедол — есірткілік зат, жұмсақ түрде әсер ететіндіктен, балаға зиянды әсер етпейді. Препарат тек жатыр мойны ашылғанда немесе ұрықты шығаратын кезеңнің бастапқы сатысында енгізіледі. Бұл – препарат әсерінің ұзақ еместігіне байланысты, 1,5-2 сағат қана. Тек бір рет енгізу қажет.
Жергілікті инфильтрационды анестезия. Сәби дүниеге келген соң енгізіледі. Ол ішкі гениталий мен екі аяқтың арасындағы ауырсынуды төмендетеді. Толғақ және күшену кезінде мұндай препараттың әсері жоқ.

Шат аймағын тілу (разрез промежности)

ПеринеотомияПеринеотомия – шат аймағындағы артқы тесік пен қынаптың арасын кесу – босанушының 50%-на жасалады. Бұл операцияның мақсаты – босануды жеңілдету және босанатын кезде сәбидің жарақат алу қаупін болдырмау. Босанатын кезде сәбидің басы бұттың (промежность) тканьдері жағынан қысым көреді. Осындай кезде тілу бұттың қысымын төмендетеді және сәбидің басы мен омыртқасын қыспайды. Ұзаққа созылған босану кезінде бұтты тілу сәбиді оттегі жетіспеушілігінен аман алып қалады.
Әдетте операция анестезиясыз жасалады, себебі күшену кезінде бұт тканьдері анағұрлым созылатындықтан, оның қан айналысы тоқтайды. Сол себепті әйел ауырсынуды сезбейді.

Эпизиотомия, разрез промежности

Эпизиотомия. Кейде әйел денсаулығының көрсеткіштерінің нәтижесінде дәрігерлер осы әдіске жүгінеді. Ол перинеотомияға қарағанда, зақымдағыш болып табылады. Себебі тілік бұттың ортасынан шетке қарай жасалатындықтан, бұлшықет тканьдерімен бірге қынап қабығы да кесіледі.

Эпизиотомия босанған соң да қосымша қолайсыздықтар туындатады. Тігілген аймақтың ауырсыну сезімдері ұзақ уақытқа сақталады. Әйелдер бірнеше апта бойы отыра алмай, сәбиін жатып немесе тұрып емізуге мәжбүр болады. Кіші дәретке отырғанда да жағымсыз сезімдер (мысалы, жарақаттың орнының ашуы) пайда болады. Жарақатқа инфекцияның түсуі де мүмкін. Әдетте мұндай қолайсыздықтың алдын алу үшін күрделі емес емдеу шаралары жүргізіледі: антисептикалық құралдар арқылы тігістерді өңдеу, қажет болған жағдайда физиотерапевтикалық шаралар, сонымен қоса емдік гимнастика жасалады. Бұл жарақаттың жазылуын тездетеді және асқынудың алдын алады. Оған қоса, тігістің орны ауырмай, түрлі асқынуларды болдырмау үшін тазалық шараларын сақтау қажет:
әрбір кіші дәретке отырған соң төменгі жағыңызды және сыртқы жыныс мүшелерін жылы қайнаған сумен шайыңыз да, жұмсақ сүлгімен құрғатыңыз.

Есіңізде болсын! Барлық қимылдар алдынан артқа қарай бағытталуы керек, әйтпесе тік ішектің аймағындағы инфекциялар операциядан кейінгі тігіске түсуі мүмкін.

  • гигиеналық төсеніштерді әрбір 4 сағат сайын ауыстырып отырыңыз.
  • отырған күйіңізде кіші дәрет алу қолайсыз болса, тұрып көріңіз.
  • дәрігердің белгілеуі бойынша тағайындалған майлар мен аэрозольды дәрі-дәрмектерді қолданыңыз.
Яндекс.Метрика