Басты бет / Жүктілік & босану / Жүктілік / Жоспарсыз жүктіліктен сақтану жолдары

Жоспарсыз жүктіліктен сақтану жолдары

Адамзат қауымы баланы жоспарлаудың тәсілін үйренді. Қазіргі кезде жүктіліктен сақтанудың түрлі амалдары бар. Тек дәрігердің кеңесімен өзіңізге лайықтысын таба біліңіз. Өйткені, әр адамның ағзасының ерекшелігіне қарай сақтану құралдарының бірі лайықты болса, керісінше бірі жақпауы мүмкін. Сондықтан, кеңінен қолданылып жүрген жүктіліктен сақтайтын құралдармен таныстырып өтсек.

Мүшеқап (презерватив)
Тиімділігі: жүктіліктен сақтануда 100 пайыз кепілдік бере алады. Еркектің ұрығын жатырға жібермей, ұстап қалатындықтан, жүктілік те болмайды. Оған қоса, әлемде кең тараған СПИД, ВИЧ ауруларынан тиімді қорғаныс.

1vopros.ru, Мүшеқап, Жүктіліктен сақтану
фото: 1vopros.ru

Кемшілігі: Қолданар алдында оның сапалылығына мән беріңіз. Жыртылған немесе бұрын пайдаланылған мүшеқаптарды мүлде қолданбаңыз. Сапалы дегендерінің өзі температураның ауысуына шыдас бермейді. Сондықтан, оны қалыпты температурада тұрған бөлмеде сақтау қажет.
Қолданылу тәсілі: Ер адам төсек қатынасы барысында тек қозғаннан кейін ғана қолданады. Оны жыныс мүшесіне кигізердің алдында ұшында ауасы сығылған бос кеңістік қалу керек.

Спермицидті құралдар. Бұған түрлі таблеткалар, крем, мазь, свеча түрінде шығарылатын құралдарды жатқызады.
Тиімділігі: Жатырға енген еркектің шәукетінің белсенділігін жояды. Сондықтан, ұрықтану процесі жүрмейді. Оған қоса, жыныс мүшелері арқылы берілетін түрлі аурулардың да алдын алатын қасиеті бар. Өйткені, жатырға енген түрлі вирустарды жойып жібере алады. Тұрақсыз жыныстық қатынаста өмір сүретін әйел баласына қолайлы.
Кемшілігі: Әрбір жақындасудан кейін біреуін салып отыру керек. Кей жағдайда аллергиялық белгілер байқалуы мүмкін.
Қолданылуы: Жыныстық жақындасудан бұрын салынады. 1 сағаттан 24 сағатқа дейін (құрамына байланысты) күшін сақтай алады. Спермицид жатырға енген соң төсектен тұруға болмайды.

Спираль. Кең тараған тиімді тәсіл. Оның қарапайым пластиктен, күмістен және мыстан құйылған түрлері кездеседі. Формасы да алуан түрлі.
aclinicmed.ru, Спираль фото, Спираль, Жүктіліктен сақтану, Контрацкация
фото: aclinicmed.ru, do100verno.com

Тиімділігі: Жүктіліктен ұзақ мерзімге сақтануға болады. Шығарылу тәсіліне қарай 1 жылдан 5 жылға дейін жатыр ішінде тұра береді. Дәрігерлер 98 пайыз сақтайтындығына кепіл береді. Ағзаның зат алмасу процесіне әсер етпейтіндіктен сырқат (қант диабеті, жүрек ауруларына ұшыраған) әйелдерге де қолдана беруге болады.
Кемшілігі: Алғашқы айларда етеккір аса көп көлемде келуі мүмкін. Құрамы әр түрлі болатындықтан кері әсерін тигізетін кездері болады. Сондықтан, гинеколог – дәрігер спиральді жатырға енгізер алдында нұсқауымен мұқият танысып шығу керек. Жатыр іші құралдарын қолданғаннан кейін түрлі жыныстық аурулар қозуы мүмкін. Жатырдан тыс жүктіліктің қауіптілігі 20 пайызға дейін артады.
Қолданылуы: Жатыр іші құралдарын тек дәрігер медициналық мекемелерде салады. Сондай-ақ, әйелге қолдану-қолданбауын дәрігер шешеді. Өйткені, әйел кем дегенде бір бала туған (бала тумаған әйелдердің жатыры тым кішкентай болғандықтан, спиральді салуға болмайды), жыныстық аурулары байқалмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі.

Гормоналды құралдар
Тиімділігі: Жүктіліктен сақтану мақсатында ғана емес, ағзадағы түрлі гормоналды ауытқушылықтарды ретке келтіру үшін қолдануға болады. Етеккірдің жүйесін қалыпқа келтіруге көмектеседі. Мамандар бұл дәрілердің жатыр мен сүт бездерін рак ауруынан сақтайтындығын айтып жүр.
Кемшілігі: Семіруден, жүрек, қан-тамыр ауруларынан зардап шегетіндер, темекі тартатындар, сондай-ақ қант диабетімен ауырғандарға пайдалануға болмайды. Өйткені, оның құрамында қанды қоюландыратын заттар бар. Үздіксіз пайдаланғандықтан бауырға салмақ салады. Бауырында кінәраты барларға да қолдануға болмайды. Сондай-ақ, ең қиыны – гормоналды құралдар белгілі бір уақытта, тұрақты түрде қолданылатындықтан, уақытын өткізіп алуға болмайды. Әйелдер арасында бұл құралдарды қолдану барысында салмақ қосатындығы туралы айтылады. Бұл дәрілер адамның тәбетін ашатындықтан, асты әдеттегіден көбірек тұтына бастауыңыз мүмкін. Бұл өз кезегінде артық салмаққа алып баратыны жасырын емес.
Қолдану тәсілі: Таблеткалар күнделікті ішуге арналған. Ал, инъекциялы құралдар егу арқылы жүзеге асырылады.

Контрацепцияның түрін таңдау сізге ғана байланысты екендігін жадыңыздан шығармаңыз. Дәрігердің кеңесі міндетті түрде қажет. Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда. Жасанды түсікке жеткізбей, сақтанудың түрлі амалдары бар екендігіне көз жеткіздіңіз деп ойлаймыз.

Қызықты мақалалар

Жүктілік кезінде сыра ішуге бола ма?

Сыраның құрамында қанша грамм спирт болады? Сыраның құрамындағы спирттің мөлшерін анықтау үшін сыраның қанша пайызы …

16 комментариев

  1. Спералды салдырганда аурама

  2. Айгерим

    Salemetsizbe!Menin jasim 23te 2 balam bar jakinda spiral saldirdim ariktap kettim onin sebebi nede kaita aldiruim kerekpa spiraldi

  3. Салеметсизбе? Меним сурагым озим 26дамын жжолдасым 35те уйленгенимизге 1жарым жыл болды. Турмис Курип-бир аидансон жукти болдым 7-айлык етип егиз ул босандым. Алты аидан сон тагы котерип коидым бирак таблеткамен тусик жасадым, сурагым Жакында спираль салдырдым Бул жагдаида мен толип кетпеиминбе? Жаккан жакпаганын калаи билемин казир тек Белим ауырады

  4. Ляззат

    Салеметсиздерме,егер спираль жакса айел семиреди,жакпаса ариды дейди,менде салдыруым керек,бирак коркып журмин

  5. молдир

    Салеметсиздерма сиздерден сурарым мен сперал салдырдым содан кейин белим Ишим ауырат астымда,,содан УЗИ тустим загиб матка леди енди алдырамба

  6. Кандай спираль турин салдырса арыктайды? Мен толып кетуден коркамын.

  7. Саламатсизба менин жасым 29 спирал салдырту ушин етеккир келу керекпе?Меним нарестем 7 айлык менде етеккир али жок бирак салдырта беруге болама салдырткан жагдайда ауыртама

  8. Аружан

    Арине ауыртады спираль.брак 10минуткой.

  9. еркинай

    Спираль салдыртканнан кейн неше кунге дейiн жакындаспау керек

  10. Сәлеметсіз бе мен біріншімді кесеревамен қызымды алған сол себепті маған 3жылға дейін көтеруге болмайды деп кеңес берген.Маған еттеккір 3 айда келді енді жүктіліктің алдын алу үшін ЖІС салдырған жағдай зиянды болады ма , одан кейін бала көтерумен кері əсірі бар ма.Мен өзім табиғи босанбағандықтан ЖІС салуға болады ма аурсыну болама?

  11. Нурслу

    Мен сперал салганыма 1жыл болды алиде ишим белим ауырады арыктап кеттим ,мен енди спералды алдырып дарилер аркылы кутинсем болама?

  12. Сагида

    Менин спераль салдырганыма 3 жыл болды. Белим сумдык ауырады. Неге ауырады. Спиральдын асеринен бола ма

  13. Айгерим

    Саламатсыздарма! Мен спираль салғаныма екі жыл болып калды бирақ мен арыктап кеттим. Осы айда ягни. Мартта етекірім 1мен 5 аралығынан кешікпей келетін. Бирак келмеді. Котерип калу болама?

  14. Акниет

    салеметсиздер ма… спираль дын кандай тури жаксы?

  15. Сəлеметсізбе спераль бүйрекке əсер ете ма ?

  16. Амангул

    Сəлеметсіздерме, менің жасым 29 да мен уш баланы кесервамен тудым аралары екі жастан дəрігер маған енді кш жыл күтін деді маткаң жұқарған деді. Спираль салдырайын деп едім қандай түрі жақсы күмісі жақсы леп естідім толып кетпеймінба маған көмектесіп жіберіңізші ақыл кеңес беріп отиниш

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика