Басты бет / Аналар әлемі / Жүктілік кезінде кездесетін кейбір қолайсыздықтар

Жүктілік кезінде кездесетін кейбір қолайсыздықтар

Барлық ерлі-зайыпты адамдар ерте ме кеш пе балалы болуды ойланады. Бала дүниеге келгеннен кейін еркек тек психологиялық тұрғыдан ғана өзгерсе, ал әйел сырқы келбеті жағынан да өзгеріске ұшырап жатады. Сәбилі болатыныңызды білген керемет бір күні үйреншікті өміріңізбен қоштасуға тура келеді. Өйткені, жас ана жүктілік кезінде түрлі қолайсыздықтармен кездесері анық. Солардың бірнеше түріне тоқтала кетсек:

Токсикоз. Бұл кезде кейбір иістер жағымсыз болып сезіледі, әлсіздік пен жүректің айнуы байқалады. Тамаққа қарай алмау, жиіркену, лоқсу сезіледі. Тіпті кейбір әйелдерде музыкаға, теледидарға, кейбір адамдарға, өз күйеуіне де қарай алмай құса бастайды. Ерте басталған токсикозбен көбіне бауырында, өтінде және ас қорту мүшелерінде ақауы болған әйелдер азап шегеді. Токсикоз 12 аптадан кейін басылады.
Кеңес. Егер жүрек айнуы мен құсу тым жиіленіп, ыстық көтеріле берсе дәрігерге қаралған жөн.

Анемия. Бұл болашақ ананың қан құрамында гемоглобин мөлшері мен темірдің жетіспеушілігінен болады. Жүкті әйелдің қан құрамындағы темірдің жетіспеушілігі бірденен білінеді. Оттегінің жетіспеушілігіне әкеліп соқтырады да, әйел тез шаршағыш балады және басы айнала береді.
Кеңес. Жүйелі түрде қанның жалпы сараптамасын жасатып тұрыңыз. Дәрігеріңіз тағайындаған темір мөлшерін жоғарылататын дәрі-дәрмектерді қабылдау керек. Өзіңіздің күнделікті ас мәзіріңізге мынадай тағамдарды кіргізіңіз: бауыр, сыр, қызылша, анар. Таза ауада көбірек серуендеңіз.

Варикоз. Бұл қан тамырларының шамадан тыс созылуынан пайда болады, оның кеңеюі он екінші аптадан кейін пайда болуы мүмкін. Қан тамырларының варикоздық кеңеюі ауырлық сезінумен, ыстығы көтерілуімен, аяқтарының ауыруымен, сіңір тартылуымен қабаттаса жүреді. Бұлар шаршағаннан, аяқта ұзақ тұрғаннан және де ауа райының ыстығында өршиді.
Кеңес. Он екінші аптадан кейін биік өкше аяқ-киімдерді кимеген жөн; ұзақ уақыт аяқта тұрмаған дұрыс; өте ыстық және өте салқын ваннаға түспеген дұрыс; күніне 30 минут жаяу жүру қажет; жылу шығаратын жерлерде ұзақ уақыт отырмаған абзал (пештің қасы, батарея және т.с.с)

Қынап кандидозы (немесе молочница). Кандида тұқымдасының ащытқы тәрізді саңырауқұлақтарымен шақырылған, қынап шырышты қабатының қабынуы. Бұл ең жиі кездесетін инфекция: дүниежүзінде 10 миллионға жуық әйелдер осы аурумен ауырады. Қынап кандидозы барлық жүкті әйелдерде кездеседі деуге болады, тіпті осы уақытқа дейін ешқандай аурумен ауырмаған болса да. Өйкені, жүктілік кезінде иммунитет төмендегендіктен саңырауқұлақ микрофлорасы жанданады.
Кеңес. Өз бетіңізбен емделмеңіз, ол қауіпті, өйткені оны емдейтін дәрі-дәрмектін бәрі бірдей жүктілік кезінде пайдалануға болайды. Оданда дәрігерге жүгінген жөн, екіқабат әйелдерді емдеуге арналған арнайы қынаптық таблеткалар (свечи) тағайындайды. Оның өзін 12 аптадан кейін қолданған абзал.

Тістер. Тәтті, қышқыл ыстық пен салқынға әсер етуі мүмкін. Жүктіліктің 13-ші аптасынан бастап баланың сүйек ұлпасы қарқынды қалыптаса бастағандықтан ана организмі көп мөлшерде кальций береді. Осы кезде әйелді қызылиектің (десна) қанауы, тіс ауыруы мен тіс кариесі мазалауы мүмкін.
Кеңес. Егер сізде кариес бар екендігі анықталса, міндетті түрде стомотологқа қаралып емдетініз. Егер де қызылиектің қанауы пайда болса, онда тісінізді түймедақпен, қалақаймен (крапива) және шалфеймен шайып тұрыңыз. Ет, сыр мен сүт өңімдерін көбірек тұтынып тұрыңыз.

Қыжыл. Бұл 30-шы аптадан кейін пайда бола бастайды. Ас қорыту баяулап қиындайды, ол ас қорыту бұлшықетінің босаңсуына және ас қорту бездері қызметінің өзгеруіне байланысты. Сол себебті көптеген әйел жүктіліктің соңғы мерзіміндерінде қыжылдың жағымсыз әсерін сезінеді.
Кеңес. Көп тамақ ішпеу керек. Аз мөлшерде, бірақ жиі ішіп отырған дұрыс. Майлы және божуды туғызатын қышқыл тағамдарды тұтынудан бас тартқан жөн (майға қуырылған тамақ, кептірілген көкөністер, түйе бұршақ және т.б). Таңертен 1 стакан газдалмаған су ішкен дұрыс.

Іштегі қоңыр дақтар. Ол жүктіліктің 12-ші аптасынан кейін пайда бола бастайды. Бұл дақтар тек жүктілік кезінде ғана пайда болатын құбылыс. Мұндай дақтар бетте немесе иекте пайда болуы мүмкін.
Кеңес. Бұл дақтарды көріп шошымаңыз, ол деген жүктілік жақсы жүріп жатқандығы мен қажетті гормондардың бөлініп жатқандығының белгісі. Бала туылғаннан кейін қайта жоғалып кетеді. Жазда күнге күймеңіз, мақта мақтадан тігілген киімдер мен жалпақ жаздық бас киім киіп жүріңіз.

Ұқсас мақалалар

Жүктілік кезіндегі тазалық: әйел гигиенасы

Жүктілік кезінде дәрі-дәрмектерді қабылдау

Жүктілік кезіндегі медициналық бақылаулар

Аяғы ауыр әйелдердің дұрыс тамақтануы

Жүктілік кезінде жасауға болмайтын әрекеттер

Токсикоз ауруы

Қызықты мақалалар

Жүкті әйелдің тіс күтімі қандай болуы керек?

Жүктілік кезінде әйел ағзасында көптеген өзгерістер болады. Осы кезге дейін өзіне ғана арналған дәрумендермен ендігі …

36 комментариев

  1. Салеметсіздерме! менің сіздерге қоятын бір сауалым: мен екінші балама жүктімін. 2 айға жақындады. Енді менің аяғым талады және де ішімді біртүрлі ауырсынамын. бұл қалыпты жағдай ма? Жауап жазыңыздаршы. Күтем. Алдын ала рахмет!

  2. Айнура

    салеметсиздерме!!!
    менын сурагым менде 20.04.2012 куны тусык болды,былмеймын не себепты болганын,дарыгерлер сактануга кенесты кеш берды,мен тагы котерып калдым,естуымше 6 аисыз котеруге болмайды дейды нестеймын,озым тугым келеды

  3. менің аяғым ауыр бірақ қанды бөлінді келіп жатыр не істеуге болады?

  4. 19 сентябрь соңы етеккір келді тест көрсем положительный результат шығып тұр, бірақ қанды бөлінді келіп жатыр не істеуге болады? Жауап жазыңыздаршы өтініш тез арады

  5. гулзира

    Салеметсиздерме меним аягым ауыр бирак жатырдын он жагы шаншып шаншып ауырады 13 апталыкпын. Бул не? Узи ге 9 апта кезинде тустим дым жок бари жаксы деп ед.

  6. жулдыз

    Менин 5жасар 1балам бар.казыр 2шисин котергим келеди.алдынгы айдын 4не етеккирим келип,8не кеткен.енди осы 2-3кун болды тамак писиргенде журегим айнып жур.омырауым кезде сыздайды.бугн тест карагам 1полоска шыкты.енди аягым ауыр ма,алде емеспе соны кашан аныктауыма болады.отинем

  7. жадыра

    салеметсиздерме.сиздерден сурайн дегеним казир мен жуктилмктин 21аптасындамын.салмагым осыдан бир апта бурн 56 еди осы аптада 57 болп турмын.бундай салмак косу каншалыкты зиян немесе дурыспа?озим бурн 46 едим.жауап берсениздер деймин.алдые ала рахмет.

    • Ана мен бала сайты

      Саламатсызба! Жүктілік барысында салмақтың қосылуы қалыпты жағдай.

  8. Етеккірім 6 шілдеде келгеннен кеийн келген жок жакнда тест салып караганда екі сызық көрсетті, нешінші апта екенін білмеймін бірақ кунде белім, ішім аурады тартып, басқа белгі жок

  9. каракоз

    салеметсиздерме.менің сіздерге кояр сұрағы. менде қазір 19 апта.жатканда бел суйектерім тықылдап ауырад қозғалу қиын.сосын шыбым ауырып жүре алмай жүрмін.не істесем болады

  10. Аймара

    Анон салеметсизбе? Маган 25 апта, аягым жамбасым тала беред неге

  11. Salamatsyzdarma men eki kabatpyn 8shi ai birak menein denemde 4esotka paida boldy kalai aryluyma bolady otinish kenes berinizder

  12. фатима

    Сəлеметсіздерме мендегі жүктілік 36 аптадан асты менің оң аяғым бой өсерімнен бастап тартылып ауырып жүр, аяғымды бұрып, бүгіп, котеріп, қозғалтамай қалдым. Астымда біресе қатты ашылап жатқандай күйде боламын. Бұл жағдай 1 аптадан асты болып жатқанына еш қояр емес аунауға, отырсам тұруға жарамай қалдым. Бұндай жағдайда не істеуге болады. Балам жақсы қимылдайды, ішім белім мүлде ауырмайды. Мазалайтыны тек аяғым мен астым. Бұл 3 ші жүктілігім. Алдынғы екеуін кесір тілігімен босанғанмын. Рахмет жауап жазып жатсаныздар

  13. Мадина

    Салеметсизбе мен 26апталык жуктимин ишим ауырады козгалыс оте коп жауап берсениз. Рахмет

  14. Шамсия

    Салеметсизбе? Сізге қояр сурағым жуктіліктің 33 аптасы 1ші жүктілігім еди. Менин аягым аурады толыгырак аитканда жамбасым. Жамбаска уршык кирип туратын жер . Белимде аурат 1-2 кун ауратта жок боп кетет 2-3 айда кайта аурат. Баланын жағдайы жаксы,тебет козгалат ,журек согысы да жаксы. Бул калыпты ма?

  15. Нургул

    Сәлеметсіздер ме? Мен жуктиликтин 38.39аптасындамын. Енди мени карап журген врач су кету кауипи болуы мумкин деген, су кеткенди калай ажыратамыз? Ол кандай болады? Кеше бир сұйықтық келген сол емеспа коркып журмин. 1ши жуктилигим еди.

  16. Алмагул

    Менде геморройдың бастапқы кезі.геморроймен бала босануға бола ма или операциямен босана ма?өтініш жауап күтем.

  17. Салтанат

    Салеметсіздер ме?! Маган 32апта белім сегізкөзім жамбас сүйектерім аурып жүргізбей қалды. Бұл дұрыспа? Ауырсыну кезінде жеңіл босанам деп көп қимылдап тірлік істеу дұрыс па əлде беліме салмақ түсірмес үшін аз қимылдау дұрыс па? Көп қимылдасаң жеңіл босанасың дегенге қаншалықты сенуге болады? Сосын мен күйеуіммен қосылмағаныма 1жарым айдай боп калды. Ол алыста маган 36апта болган кезде келеди. Сол кезде косылсак маган нагрузка бллмайма? Сурагыма жауап берсениздер екен

  18. Менин аягым ауыр 16 апталык, 3 куннен бери белим ауырып жур бул калыпты жагдай ма

  19. Менін аяғым ауыр 18 апта гарденелла инфекция полежет. Эрозия бар дейді. Босанғандар бар ма

  20. Салеметсіздерма? Мен 3 жарым жылдай көтере алмай енді көтердім 6 7 апта болд енді қоңыр қызыл болып қан келіп жатыр іштерім аурып нестерімді білми қорқып жатырмын зорға котергенімде нестесем болад алдын ала рахмет

  21. Коркем

    Сәлеметсізбе менің аяғым ауыр болғаны 5 апта бирак жатр мойны иши астым катты кышып веделене келип жатр (Молочница ) осыны калай емдесем болад свеча салгам болмай жатр. Мүмкін болса уколы барма? Өтініш сізден жауап күтемін!

    • Бонита

      Сиз не ыстедыныз? Аман есен босанып алдыныз ба менде осы жагдай болып жатыр?

  22. Арайлым

    Саламатсыздарма менин есиим Арайлым менин аягым ауыр 6.5 ай болды бырак жии белим аурып он аягым бастырмай кала береди даже журе алмай калам ол калыпты жагдайма?!

  23. Саламатсызба менин журегим айниды тосим ауырады тестпен карасам бир сызык шыгады оны калай билсем болады сосын алсидик бар тамак жесем кыжыл пайда блады неликтен отинем сурагымажауап бериниздерши.

  24. Шолпан

    Саламатсыз ба?тест тексерген едим мутный болып 2 сызык шыкты узиге барсам ештене жок бирак жатырын таза емес…жатырын майыска диди котермегенсин бид тестти 2 рет кордим екеуинде де 2 сызык oсыдан еки ай бурын тастап койган болатынмын одан кейн месечный келди отинем жауап берсенин

  25. іш катты ауырып шыдатпайды, куык — карын сайып ауырады және омыраудын асты, табет мулдем жок, киши даретке жиі грамдап… бауыр айнып кусалмай, даретке барам тук шыкпай… бул калыптыма?

  26. Коныр выделение кандай жагдайда келед мПаi. Жуктилик белгиси ме?

  27. Сəлеметсіз бе?мен жүктімін 7ай болды маған розовый қан сияқты келді бұл неге болуы мүмкін?

  28. Жазира

    Салеметсизбе?! Менде екинши жуктилик, 27-28 апта, журген кезде шатым (еки аягымнын ортасы) ауырады, коп козгалганнан болама?!

  29. Мадина

    Салеметсиздерме мен сурайын дегеним менин ишимнин томенги жагым томпайык шыгып тур басында ауырган казир ауырганы койды кешкисин жатканда козгалгандай. Болады месячный 2 ай келмеди тест пен тексерсем тек 1 сызык корсетип тур бул нение белгиси жуктиликтин белгисиме алдын ала рахмет

  30. Мереке

    Салеметсиздерме?мен емизули анамын бопеме 10 ай болды.бирак аягым ауыр 1 айдан астык.енди мени мазалап жургени басымнын он жак бети ауыра береди токтамай.кешкисин аздап аягым исип жур.кандай кенес берер единиздер?

  31. Сəлеметсіздерме менің сіздерге қояр сұрағым мен жүктімін 36апта5күн болд бірақ ішім біртүрлі батып ауырып тұр.Жауап беріңіздерш…Алдын ала рахмет!

  32. Сəлеметсіз бе!Менің сіздерге қояр сұрағым -жүктімін 12апталық.Белім жиі аурады.Бұның себебі не де?Қалыпты жағдай ма?

  33. Саламатсызба . менде жуктилик 7.8.9 апталары устим барлык жери кышиды неден?

  34. апта емес айларында устим кышиды

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика