Басты бет / Жүктілік & босану / Жүктілік / Жүктілік кезіндегі тамақтану

Жүктілік кезіндегі тамақтану

Жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтанудың маңызы қандай?

Аяғы ауыр әйел үшін тамақтың мөлшері емес құнары маңызды. Іштегі ұрық әйелдің жеген тамағындағы құнарлы заттар арқылы қоректенеді. Жүктілік кезінде спиртті ішімдік ішу орны толмас кемшіліктерді тудырады. Сондықтан, алкогольді ішімдіктер мен улы тағамдардан сақтанған жөн. Сізге зиян болған нәрсе сәби үшін де зиян болып табылады.

Егер жүктілік кезінде салмағыңызда айтарлықтай өзгерістер байқалса, арнайы дәрігерлермен кеңескеніңіз дұрыс болады. Жерік болған тағамыңызды, кей жағдайларда жеміс-жидектеріңізді уақытылы тауып, жеуге асығыңыз. Жеріктік іштегі ұрыққа қажетті азықты анықтайды. Сол себептен де аяғы ауыр әйелге оның жақын адамдары қалағанын тауып беруді үлкен жауапкершілік санайды. Әйелге жетпей тұрған дәрумендер мен минералды заттар жатырдағы ұрыққа да жетіспей тұрады.

Бір әйел күн сайын 2100 ккал қуат көзін қажет етсе, өз кезегінде, жүкті әйел 2500 ккал қуат көзін қажет етеді. Ал бала емізетін шақта 3000 ккал қуат көзіне дейін қажет етеді.

Жүктілік кезінде қандай тамақ жеген дұрыс?

Әр түрлі құнарлы азық түрлерінен құралған тағамдардың пайдасы зор. Ондай тағамдардың қатарына сүт өнімдері, ет, балық еті, жеміс-жидектер, көкөністер, майлы тағамдар, жұмыртқа мен бидай (арпа) өнімдері жатады. Құнарлы азықтың түр-түрінен күн сайын жеген абзал. Ағзаға қажетті майлар, көмірсулар мен ақуызды осы тағамдардан алуға болады.

Күн сайын үш рет көп мөлшерде тамақтанғаннан гөрі бес-алты рет жеңіл тамақтанудың пайдасы мол. Ас қорыту жеңілдейді.

Іште ұрық біткен кезден бастап әйел адам ағзасының ақуызға деген сұранысы артады. Ол шашамен он пайыздық мөлшерді құрайды. Ақуызға бай азықтар: ет, балық ет, жұмыртқа, сүт өнімдері. Сондай-ақ, бұршақ пен бұршақ өнімдері де ақуызға бай келеді.

Жүкті әйелдің ағзасындағы майларға деген сұранысы 35%-ға артады екен. Майды сүт өнімдерінен, түрліше майлардан, маргариннен және жаңғақтардан алуға болады.

Жүкті әйелдің ағзасындағы көмірсуларға деген сұраныс 55%-ға артады. Көмірсулар бидай өнімдерінде, нанда, макарондарда, картопта және күріште молынан болады.

Тамақтану кезінде тағы неге назар аудару керек?

Жүкті әйелдің ағзасына қажетті ақуыз, майлар мен көмірсулардан бөлек қосымша дәрумендер мен минералды заттар керек.

Темір. Аяғы ауыр әйел үшін қандағы темірдің көп мөлшерде болуы өте маңызды. Себебі, қан құрамындағы темір қан мөлшерін арттыруға көмектеседі. Ал қан аз болған жағдайда анемия ауруы пайда болып, жүкті әйел мен іштегі ұрықтың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Қалыпты жағдаймен салыстырғанда аяғы ауыр әйеодің ағзасы үшін темір екі есе көп мөлшерде қажет.

Мырыш. Іштегі сәбидің дамуы кезінде қажетті минералдың бірі осы мырыш болып табылады. Егер жоғарыда айтылған құнарлы тағамдарды қажетті мөлшерде жеген болса, онда мырыштың да мөлшері керекті деңгейде деген сөз.

Жүктілік кезінде А дәруменінен бас тарту қажет. А дәрумені кей жағдайларда эмбрионды зақымдауы ықтимал. А дәрумені көбінде малдардың бауырында болады. Сиыр еті мен шошқа етінде улы заттардың болуы ықтимал. Ал шошқа етінің мұсылмандар үшін харам екенін ескерсек, болашақ ұрпағымыздың денсаулығының жақсы боларына сенім мол болады.

Аяғы ауыр әйелдің кофе мен шайды және коланы мүмкіндігінше аз қолданғаны жақсы. Егер мүмкін болса, тіпті қолданбағаны нұр үстіне нұр болады. Ал спиртті ішімдіктердің қаншалықты зиянды екенін айтып жату қажет емес болар.

Ұқсас мақалалар

Аяғы ауыр әйелдердің дұрыс тамақтануы

Жүктілік кезіндегі тамақтануға байланысты сұрақ-жауаптар. Вегетариандық тағамдар

Азық-түліктен келетін індеттер: Листериоз инфекциясы

Сусындарға қатысты сұрақ-жауап

фото: healthcompass.co.uk

Қызықты мақалалар

Жүкті әйелдің тіс күтімі қандай болуы керек?

Жүктілік кезінде әйел ағзасында көптеген өзгерістер болады. Осы кезге дейін өзіне ғана арналған дәрумендермен ендігі …

20 комментариев

  1. Динара

    Менің сұрайын дегенім, жүктілік кезінде ешқандай тамаққа тәбетің тартпаса не істеуге болады?

  2. Менінде сұрайын дегенімде осы сурак, тамакка деген тәбетім жок, ол іштегі балагы зияны болай ма?

  3. Назерке

    Менин сурайын дегеним. Мен жуктимин,3ши аптасында,бирак менде ешкандай жуктилик кезинде болатын журек айну т.б.сиякты жагдайлар орын алмайды,себеби не?

    • Анаргүл

      Мен өткенде поезда бір медсестра əпкемен келгенмін. Мен оған менің аяғым ауыр бірақ менде таксикоз болмайды дегенмін ол айтты қайта таксикоз болмаған жақсы деді құса беру балаға да зиян екен

      • Несібелі

        Сəлеметсіздерме! Менің сұрайын дегенім мен жүктімін 3-апта. Мен қатты тұмауратып қалдым. Бұл менің бірінші жүктілігім. Қатты уайымдап жүрмін іштегі балаға зияны барма. Жауап беріңіздерші өтініш. Алдын ала рақмет

    • ондай болады,менде де билинбеген, басым айналу,кусу,жерік деген,аягы ауыр адамдар сиякты болмаган ари ишимде кишкентай болган,екиншемде керісінше

  4. Райхан

    Салематсыз ба!? Менің аяғым ауыр, бирак инфекция бар болып шыкты канымда. баланы сактап калу үшін не истеуге болады!? негізінде инфекцияны емдеу үшін 6 ай емделдим сонда да аз молшерде инфекция калып отыр.

  5. мадина

    Салеметсизб е? Менин улым 7 айлык. Коя тын сурадым Невропотолог тын айтуынша басы улкен. 45 см. Ал салмагы 8 700. Канша болганы дурыс? Сай келмейди дейди? Не истеуге болады?

  6. Гаухар

    Босанганыма 6 кун болды 3 кунНен бери балам тушкан жок неге зиян емес па отиниш жауап кутем

  7. молдір

    Салеметсізбе?мен қазір жуктіліктің 27аптасындамын..маган кандай тагамдар жеуге болмайды..мен кола мен лайстен баскага табетім жок не істеуім керек..олар балаға зиян емеспе..организм соны калап турса.

  8. айдана

    аягым ісіп жур басам кейде ауырады не істеуге болады 5 ай болды

  9. Гүлзат

    Сәлеметсиздерме?! Менің сұрағым: жүктімін 4 апта, бірақ жүкті кездегі жүрек айну, бас айналу, лоқсу, таксикоз, жеріктік жоқ. Себебі неде???

  10. маржан

    салеметсиздерме. мен 22 апталык аягым ауыр,мен казир таттини коп жеймин, онын зияны барма?

  11. Эльвира

    салематсызба мениң аяғым ауыр 3 ай лимон жеуге болама отинем айдындарыш

  12. Жуктилик кезинде кофе,чай,кола ишпеген дурыс дейсиз? Сонда не ишкен тимди?

  13. Аружан

    Салеметсизбе мен жуктимин 16апта такси козим кетпей жатырм ол белги кашан кетет

  14. салеметсіздерма . сұрайын дегенім менің басым айналады кейде журегім айнығандай болады тіпті өте ашуланшақ болып кеттім ,тесттен екіншісі анық емес белгі шықты ,узи ден ештеңе көренбейді , жатыр тұсым аура береді бірақ ішім аздап шығып келеді дәркерлер білмеиді алі қысқа уақыт деиді жуктімін бе айтыңыздаршы

  15. Жуктилик кезинде китаийскии суп ???? ишуге боладыма?

  16. Қыздар ешқашан да китайский суп ролтон сосын газдалған сусын болмайды екен.баланың басы кішкентай,сосын шашы өспей қалады екен.соны білдім.

  17. Несібелі

    Сəлеметсіздерме! Менің сұрайын дегенім мен жүктімін 3-апта. Мен қатты тұмауратып қалдым. Бұл менің бірінші жүктілігім. Қатты уайымдап жүрмін іштегі балаға зияны барма. Жауап беріңіздерші өтініш. Алдын ала рақмет

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика