Жүктілік кезіндегі тамақтану

Жүктілік кезіндегі дұрыс тамақтанудың маңызы қандай?

Аяғы ауыр әйел үшін тамақтың мөлшері емес құнары маңызды. Іштегі ұрық әйелдің жеген тамағындағы құнарлы заттар арқылы қоректенеді. Жүктілік кезінде спиртті ішімдік ішу орны толмас кемшіліктерді тудырады. Сондықтан, алкогольді ішімдіктер мен улы тағамдардан сақтанған жөн. Сізге зиян болған нәрсе сәби үшін де зиян болып табылады.

Егер жүктілік кезінде салмағыңызда айтарлықтай өзгерістер байқалса, арнайы дәрігерлермен кеңескеніңіз дұрыс болады. Жерік болған тағамыңызды, кей жағдайларда жеміс-жидектеріңізді уақытылы тауып, жеуге асығыңыз. Жеріктік іштегі ұрыққа қажетті азықты анықтайды. Сол себептен де аяғы ауыр әйелге оның жақын адамдары қалағанын тауып беруді үлкен жауапкершілік санайды. Әйелге жетпей тұрған дәрумендер мен минералды заттар жатырдағы ұрыққа да жетіспей тұрады.

Бір әйел күн сайын 2100 ккал қуат көзін қажет етсе, өз кезегінде, жүкті әйел 2500 ккал қуат көзін қажет етеді. Ал бала емізетін шақта 3000 ккал қуат көзіне дейін қажет етеді.

Жүктілік кезінде қандай тамақ жеген дұрыс?

Әр түрлі құнарлы азық түрлерінен құралған тағамдардың пайдасы зор. Ондай тағамдардың қатарына сүт өнімдері, ет, балық еті, жеміс-жидектер, көкөністер, майлы тағамдар, жұмыртқа мен бидай (арпа) өнімдері жатады. Құнарлы азықтың түр-түрінен күн сайын жеген абзал. Ағзаға қажетті майлар, көмірсулар мен ақуызды осы тағамдардан алуға болады.

Күн сайын үш рет көп мөлшерде тамақтанғаннан гөрі бес-алты рет жеңіл тамақтанудың пайдасы мол. Ас қорыту жеңілдейді.

Іште ұрық біткен кезден бастап әйел адам ағзасының ақуызға деген сұранысы артады. Ол шашамен он пайыздық мөлшерді құрайды. Ақуызға бай азықтар: ет, балық ет, жұмыртқа, сүт өнімдері. Сондай-ақ, бұршақ пен бұршақ өнімдері де ақуызға бай келеді.

Жүкті әйелдің ағзасындағы майларға деген сұранысы 35%-ға артады екен. Майды сүт өнімдерінен, түрліше майлардан, маргариннен және жаңғақтардан алуға болады.

Жүкті әйелдің ағзасындағы көмірсуларға деген сұраныс 55%-ға артады. Көмірсулар бидай өнімдерінде, нанда, макарондарда, картопта және күріште молынан болады.

Тамақтану кезінде тағы неге назар аудару керек?

Жүкті әйелдің ағзасына қажетті ақуыз, майлар мен көмірсулардан бөлек қосымша дәрумендер мен минералды заттар керек.

Темір. Аяғы ауыр әйел үшін қандағы темірдің көп мөлшерде болуы өте маңызды. Себебі, қан құрамындағы темір қан мөлшерін арттыруға көмектеседі. Ал қан аз болған жағдайда анемия ауруы пайда болып, жүкті әйел мен іштегі ұрықтың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Қалыпты жағдаймен салыстырғанда аяғы ауыр әйеодің ағзасы үшін темір екі есе көп мөлшерде қажет.

Мырыш. Іштегі сәбидің дамуы кезінде қажетті минералдың бірі осы мырыш болып табылады. Егер жоғарыда айтылған құнарлы тағамдарды қажетті мөлшерде жеген болса, онда мырыштың да мөлшері керекті деңгейде деген сөз.

Жүктілік кезінде А дәруменінен бас тарту қажет. А дәрумені кей жағдайларда эмбрионды зақымдауы ықтимал. А дәрумені көбінде малдардың бауырында болады. Сиыр еті мен шошқа етінде улы заттардың болуы ықтимал. Ал шошқа етінің мұсылмандар үшін харам екенін ескерсек, болашақ ұрпағымыздың денсаулығының жақсы боларына сенім мол болады.

Аяғы ауыр әйелдің кофе мен шайды және коланы мүмкіндігінше аз қолданғаны жақсы. Егер мүмкін болса, тіпті қолданбағаны нұр үстіне нұр болады. Ал спиртті ішімдіктердің қаншалықты зиянды екенін айтып жату қажет емес болар.

Ұқсас мақалалар

Аяғы ауыр әйелдердің дұрыс тамақтануы

Жүктілік кезіндегі тамақтануға байланысты сұрақ-жауаптар. Вегетариандық тағамдар

Азық-түліктен келетін індеттер: Листериоз инфекциясы

Сусындарға қатысты сұрақ-жауап

фото: healthcompass.co.uk

Comments 20

  • Қыздар ешқашан да китайский суп ролтон сосын газдалған сусын болмайды екен.баланың басы кішкентай,сосын шашы өспей қалады екен.соны білдім.

  • Сəлеметсіздерме! Менің сұрайын дегенім мен жүктімін 3-апта. Мен қатты тұмауратып қалдым. Бұл менің бірінші жүктілігім. Қатты уайымдап жүрмін іштегі балаға зияны барма. Жауап беріңіздерші өтініш. Алдын ала рақмет

Яндекс.Метрика