Жүктілік

Жүктіліктің алғашқы белгілері

Адам баласының артынан ұрпақ қалдырып, өзінің мұрагері ететін перзенттерінің дүниеге келуі ер мен әйелдің арасындағы жыныстық қатынастың себебінен биологиялық жолмен болады.

Адамзаттың жүктілік мерзімі қырық аптаны, яғни, тоғыз айды құрайды. Әрбір аптада ішке біткен ұрықтың бойында түрліше өзгерістер болып отырады. Жүктіліктің нақты диагнозы дәрігердің көмегімен анықталады. Одан басқа жүктіліктің алғашқы кездегі белгілері де бар.
Медицинада жүктіліктің нақты мерзімін анықтаудың маңыздылығы зор. Және ол мерзімдегі уақыттар аптамен есептеледі. Әр бір апта сайын жатырдағы ұрықтың даму кезеңдерін шамалап білуге болады. Ол үшін арнайы техникалық жабдықтардың қажеті жоқ. Қалыпты жағдайдағы жүктілік 38–42 аптаның көлемінде болады. Демек, 280 күннің шамасындай уақытқа дейін созылады. Жүктілік ұзақтығы соңғы етеккірдің алғашқы күнінен бастап саналады.

Перенетальды диагностика бірнеше кезеңдерден тұрады.
Эмбриональды кезең. Бұл кезең 10-шы және 13-ші аптаның аралығында аяқталады. УЗИ және биохимиялық маркер арқылы іштегі ұрықтың бойында Даун синдромы мен Эдвардс синдромының қаупі бар-жоқтығы анықталады.

16-шы және 18-ші аптаның аралығындағы кезең үш реттік биохимиялық маркер арқылы Даун синдромы, Эдвардс синдромы мен жүйке түтікшелеріндегі ақаулардың бар-жоқтығын анықтауға ең оңтайлы кезең болып табылады. Үш реттік биохимиялық маркер арқылы тексеру он төртінші аптадан бастап жиырмасыншы аптаға дейін жалғасады.

18-ші аптада іштегі ұрықтың қозғалысы байқалады. Егер алғаш рет жүкті болған әйел болса, онда 20-шы аптада іштегі ұрықтың қозғалысы байқалады. Оың қозғалысын дене бітімі арықтау келген әйелдер толық әйелдерге қарағанда ертерек сезеді.

20-шы және 24-ші аптада ұрықтың дене мүшелерінің жағдайын анықтайтын УЗИ тексеруі болады.

26-шы аптада қандағы қант диабетінің қаупі бар-жоқтығын анықтайтын (глюкозаны тексеретін) тест болады. Бұл тесті О’Салливан тесті деп те атайды.

30-шы және 34-ші апта аралығында іштегі ұрықтың жағдайын мен бала жолдасының (қағанақ, шу ) жағдайын анықтайтын үшінші реттік УЗИ тексеруі жүргізіледі.

38 аптадан асқан жүктілік жетілген болып табылады. Қалыпты жағдайдағы босану 40-шы аптада болады деп айтылғанымен, көбінесе, бұл уақыттан екі аптаға дейін бұрынырақ немесе кешірек босанатын жағдайлар болып жатады.

Қырық екі аптадан асқан жүктілік ұзақ уақытқа созылған жүктілік болып саналады.

Жүктіліктің белгілері
Нақты емес белгілері:

  • Жүректің айнуы, таңертеңгі уақытта  лоқсу, асқа деген тәбеттің өзгеруі мен иіс сезу түйсіктерінің өзгеруі;
  • Жүйке жүйесіндегі өзгерістер: ашушаңдық, қызбалық немесе ұйқышылдық;
  • Бет терісінің пигменттерінің жоғарлауы, емізіктің өзгеруі;
  • Жиі зәр (кіші дәрет) жіберіп қою;
  • Қарын көлемінің ұлғаюы.

Нақты белгілері (дәрігерлік тексеруде белгілі болатыны):

  • Аменорея;
  • Сүт бездерінің ұлғаюы, уыздың пайда болуы;
  • Жатырдың пішіні, көлемі және консистенциясының өзгеруі;
  • 5-6-шы аптадан бастап жатырдың үлкеюі.

Ұқсас мақалалар

Босанғаннан кейін етеккірдің келуі және кешігуі

Бала емізетін әйелдің жүктілігінің 4 белгісі

Tags

Ұқсас мақалалар

12 Comments

  1. Оте керемет жазылган кенес. Әсіресе, бірінші баласын дуниеге әкелетін жас аналар ушін. Осындай ана мен баланын денсаулыгы ушін (жогары дарежели даригерлердин) кенестери кобейе берсін!

  2. Cалем! Оте жаксы ашылган сайт екен. Менин сурагым бар. турмыс курганыма 3 айдан аса уакыт болды бирак али жукти бола алмай журмин. Даригерлер бари дурыс дейди. Калай тез жукти болуга болады? Отиниш жауап кутемин….

  3. salemetsizderme?men 11 synyp okuwysymyn!jasym 17de.1ai uakyttan beri etekkirim kelmei koidy bul kalypty jagdai ma kalai oilaisyndar?kenes berinizderwi?

    1. Сәлем! Ондай жағдай болып тұрады. Себептері көп. Мысалы, диета, салмақ жоғалту, ішкі бездердің жұмысының өзгеруі… Жағдайды анықтау үшін гинекологке барып көріңіз.

  4. салем мен атырау каласынанмын мен етекирим 3айдай озгеше болып келип жур кою болып,мен балалы болгым келеди не истеймин,жауап катсаныз деймин,

    1. Ол жағы көптеген себептерге байланысты. Мысалы, қабыну, эндометриоз, гормондық бұзылулар деген сияқты. Дұрыстап анықтап алу үшін, емделу үшін жақсы гинекологке қарал. Денсаулықпен ойнауға болмайды.

  5. мен восполениемен ауырып журип жазылсам жукти болам ба?

  6. салеметсиздер ме? менин сурайын дегеним, бир рет тусик тастадым, бирак оны жигитимнен баска ешким билмеиди, жатырдагы жара оз бетимен жазылып, жатырдын жазалануы мумкин бе? олай болмаса кандай дари дармектер колдануга болады, кайта бала котере аламын ба, осы жай мени аландатады. жауапсыз калмасыншы.

  7. менин турмыска шыканыма 1 жылдан асты бирак али котермедим осыдан 3 ай бурын вр коринип ем кабылдадым ар барганымда УЗИ тусирип назначение жазып беретин ен сонгы месяч. келмей калып барганымда азирше еш нарсе жок деп тек кана дюфастон берди 10 кун иш деп, Бул сонда котергеннин белгиси ме

  8. Ажар ең бірінші әрине Алладан сұрайсыз. Екіншіден жақсы дәрігерлерді тауып алыңыз да жақсылап тексеріліңіз. Дюфастон бергені сіздің етеккіріңізді ретке келтіру үшін. Өзімнің барып жүрген дәрігердің тел берейін 87017264639 Ольга Вячеславна. Керемет дәрігер.

Back to top button
error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.