Жүктілікке дейінгі дайындық: 10 кеңес

Қыз бала оң босағасын аттап, отбасын құрғаннан кейін ана атануы — табиғаттың заңы. Дейтұрғанмен, ана болу бақытының барлық әйелге бірдей бұйыра бермейтіні бар. Жастайынан денсаулыққа деген немқұрайдылық кейін уақыт өте келе бала көтермейтін бедеулікке алып келетінін қыздарымыз естерінен шығармаса екен дейміз.

Өмірде адам қандай да бір жетістікке немесе мәртебеге жету үшін көп еңбек етіп, талай тер төгетіні мәлім. Түрлі дайындықтар мен сынақтардан сүрінбей өткенде ғана діттеген мақсатына қол жеткізетіні сөзсіз. Дәл осы қағида сияқты ана мәртебесіне ие болу үшін де қыздарға көбірек жауапкершілік жүктеледі. Ана атану үшін қандай нәрселерге назар аудару керек?, нендей мәселелерге көбірек көңіл бөлген жөн? осы сияқты сұрақтарға барынша дұрыс әрі нақты жауап іздеуге тырысып көрсек.

Жүктілікке дейінгі дайындық болашақ нәрестенің денсаулығына өзіндік әсерін тигізбей қоймайды. Дені сау баланы дүниеге әкелу үшін болашақ ананың да денсаулығы қалыпты жағдайда болуға тиіс.

Қыз баланың денсаулығы жастайынан бастап қадағаланады. Жылы киіну, суық судан аулақ болу, аяқ-қолды жылы ұстау, саламатты өмір салтын қалыптастыру, жеке гигиенасына көңіл бөлу сынды алғышарттар болашақ ананың денсаулығына міндетті түрде оң ықпалын тигізеді. Төменде жүктілікке дейінгі дайындық жұмыстарының 10 шарты көрсетілген.

1. Қан құрамындағы фолий қышқылының жеткілікті болуы болашақ аналар үшін өте пайдалы. Сол үшін де жүктілік байқалған кезде дәрігерлер көбінесе фолий қышқылын пайдалануға кеңес береді. Адам организміндегі фолий қышқылының жүктілікке дейін қажетті мөлшерінде болуы ұрықтану процесін мейілінше тездетеді. Күнделікті тамақтану барысында ас мәзіріне көбірек ет, сүт, жеміс-жидек өнімдерін пайдаланған жөн. Сәбіздің, әсіресе, сәбіз шырынының адам денсаулығы үшін берері көп.

2. Жаман әдеттерден, нақтырақ айтар болсақ, темекі, ішімдік өнімдері, есірткі заттарынан алыс жүру керек. Зерттеулерге сүйнетін болсақ, мұндай өнімдерді тұтынған әйел ағзасы әлсіздеу келеді. Бойға бала біткенімен, олардың денсаулықтары бір қалыпты болады деу қиын. Ішімдік пен темекі пайдаланатын әйелдер арасында түсік тастау оқиғалары көп кездесетіні де сондықтан.

3. Кофеиннің адам денсаулығы үшін зиянды екенін ескергеніміз жөн. Себебі кофеин қан құрамындағы темірдің тиісті деңгейінде болуына кедергі жасайды. Онымен қоса, іштегі баланың дамуына зиянын тигізеді. Сол үшін күнделікті өмірде кофе, кола сынды сусындарды аз пайдаланғаннан ұтпасаңыз, ұтылмайсыз. Бұл сусындарға әбден құмартып қалған жандар үшін кофеиннен бірден бас тарту қиынға соғуы әбден мүмкін. Сондықтан ақырындап олардың мөлшерлерін азайту керек.

4. Дене салмағының қалыптан тыс болуы немесе өте арық болудың да жүктілікке әсері болады. Адамның дене салмағы неғұрлым өзіне лайық болған сайын организмнің жүктілікке деген бейімі де солғұрлым жоғары болады.

5. Тамаққа таза әрі пайдалы өнімдерді тұтынған абзал. Жоғарыда, бірінші пунктте аталған өнімдерге қоса теңіз өнімдерін де ас мәзіріне енгізу керек. Майлы, қуырылған, ысталған тамақтардан тиісінше бас тартқаныңыз өзіңізге жақсы. Олар қанның қоюлануына әкеп соғады. Ал қан қоюланса ұрықты қабылдау процессі жақсы жүрмейді деген сөз.

6. Күнделікті дене шынықтыру жұмыстары сізге өте пайдалы. Бұлшықеттер мен буындарға арналған жаттығулардың сіздің қан айналымыңызға тигізер пайдасы мол. Аптасына 2-3 рет міндетті түрде спортпен айналысқаныңыз жақсы.

7. Ауыз қуысының гигиенасына назар аударыңыз. Ауыз қуысындағы бактериялар белгілі деңгейде баланың ми қабыршықтарының дамуы мен тамақтану процестеріне кедергі келтіреді. Жүктілікке дейін 6 ай бұрын міндетті түрде тіс дәрігерлеріне қаралғаныңыз сізге жақсы болмаса, жаман болмайды.

8. Тұқым қуалаушылық ауруларынан сақ болу. Қыз бен жігіттің ататектеріндегі ауруларға көңіл бөлген жөн. Қазағымыз бұрыннан бері жастарды отастыру кезінде бір-бірлерінің ататегіне мұқияттылықпен қараған.

9. Жүктілікке дейін 6ай бұрын гинекологқа қаралғаныңыз абзал. Дер кезіндегі көрсетілген ем-домдар сіздің және болашақ сәбидің денсаулығына міндетті түрде жақсы әсер етуі тиіс.

10. Ер азаматтың денсаулығы да аса маңызды. Олардың ішімдік, темекі, есірткі өнімдерінен аулақ болуы ұрықтың сапасына тікелей әсер етеді. Ерлердің жеке гигиеналары, жыныстық ауруларының болмауы — болашақ ана мен нәрестенің денсаулығына кепілдік беретін маңызды факторлардың бірі.

Comments 28

  • Маган баланын журеги токтап калган деди 5 апталыгында казир 10 апталык екен не истесем болады даримен тусиремин ба

  • Озим сенби журмин журек айну брлып жатыр тестте 2 палоска коринип тур.бирак узи солай айтты.Отиниш тезрек жауап берсениздер.

  • Салеметсиздер ме? Менин турмыс курганыма 6жыл болды. 2 рет бала котередим. Бириншисинде кесарвамен 6,5айлык ул баланы дуниеге акелдим. 4куннен сон шетинеп кетти. 2 рет 1жылдан сон тагы котеремин 11 недели выкидыш самопроизвольный аборт болды. Мине 4ж отти содан бери котере алмай журмин. Бармаган врач калмады……..

  • Сəлеметсізбее мені қояар сұрағымм менім аяғым ауырр біраақ 6айі Аллабұйрса əлі ішім құтай ол неден болады уаймдап жүрмінн ішімнің шықпағанына

  • Саламатсыздар қыздар.жалпы жүкті болуға асықпау керек.өйткені Алланың өзі біледі .қашан ана құрсағына жан бітіруді.Мен тұрмысқа шыққаннан кейін 1,5-жыл көтере алмай дəрігерлерге айлап қаралдым.больницада да айлап жаттым.көп ем дом алдым.ешқандай көмек болмады.содан кейін аллаға сиындым.күндердің бір күнінде яғни сол 1,5-жылдан кейін жүкті болдым.қазір аллаға ризамын үш баламыз бар алла бере салған.міне ана бақыты деген осы болар.біз асыққанмен алла асықпайды екен.

Яндекс.Метрика