Кегель жаттығуының пайдасы

Кегель жаттығуы- ол кіші дəретті ұстай алмаудың, кіші жамбас ағзаларының төмен түсуінің алдын алатын керемет жаттығу. Сонымен қатар қынап бұлшық еттерінің қатайып тарылуына ықпал етеді.
Жасы үлкен əйелдер, жүкті əйелдерде жəне босанғаннан кейінгі кезеңде кей əйелдерде жөтелгенде, түшкіргенде, қатты қимыл жасағанда кіші дəретін ұстай алмай қалып жатады. Ал бұл жаттығу соның алдын алудың оңай əрі тиімді жолы.
Сондықтан күнделікті бірнеше минутыңызды осы жаттығуға бөлсеңіз нәтижесі керемет!
✔ Ал енді бұл жаттығуды жасамас бұрын ол бұлшық етті табуымыз керек.
Ол үшін кіші дəретке отырғанда зəрді қысып тоқтатып көріңіз. Егер қолыңыздан келсе, онда дəл осы бұлшық етті жаттықтырасыз.
Бұл жаттығуды кез келген жерде отырып та, тұрып та, жатып та жасай беруге болады. Кітап оқып отырғанда, ыдыс жуып тұрғанда, машинада отырғанда т.б. кез келген жерде жасай бересіз. Оны ешкім байқамайды Жоғарыдағы фотодағы қыз  сияқты жасасаңыздар оңай болады.
✔ Жаттығуды күнделікті жасау керек. ✔ Жаттығу барысы:
Кіші жамбас бұлшық етін қысып 5секунд тұрыңыз. Сосын жіберіңіз. Осылай 5 рет жасаңыз. Жəйлап 10 секундқа дейін жеткізіп 10 рет жасаңыз.
Күніне 3 рет 10 секундтан 10 рет жасау керек.
Нəтижеге жету үшін тек қана қынап бұлшық еттерін ғана қысыу керек. Жамбасыңыз ,ішіңізді тартудың қажеті жоқ. Тынысты да тоқтатпау керек.

-Кегель жаттығуын кіші дəретке отырғанда жасауға болмайды. Ол қуықтың зəрді толық шығармауына əкеліп соғады.

–  Қуық толып тұрғанда жасауға болмайды.

– Ретсіз көп жасауға да болмайды . Осы жаттығуды үзбей ретімен жасап жүріңіздер, нәтижесі коп күттірмесі анық. Ерінбеңіздер қыздар, бұл өте жақсы жаттығу.
Кегель жаттығуын жасаудың түрлері көп, тереңірек ютубан немесе гуглдан қарап көрсеңіздер болады.

Дереккөз

Яндекс.Метрика