Кесар тілігінен кейін сағыз шайнау ішекті оңай əрі қауіпсіз қалыпқа келтіреді

Операциядан кейін ішек өз жұмысын бірнеше сағатқа тоқтадады.Ол жəйлап қалпына келеді əрине, бірақ ол қалпына келгенше біраз қиыншылықтар тудыратыны рас. Операциядан кейін тамақтану ішек жұмыс істемегендіктен құсуды шақыруы мүмкін, сондықтан газ шықпағанша тамақтануға кейбір дəрігерлер рұқсат бермейді. .
Осы ішектің жұмыс жасауын тездету үшін операциядан кейін САҒЫЗ шайнау тез көмектеседі екен.  Оңай əрі қол жетімді тəсіл емес пе?)) .
Сағыз шайнағанда сілекей бөлінеді, шайнау арқылы ми ішекке сигнал береді жұмыс істеу керектігі жөнінде.
Ғалымдардың 17 зерттеуіне 3500- дай кесар тілігінен кейінгі əйелдер қатысқан. Зерттеу нəтижесінде операциядан кейін сағыз шайнағандардың ішектері, сағыз шайнамағандарға қарағанда 7 сағатқа ерте қалпына келіпті. Ешқандай кері əсер болмаған. .
Сонымен кесар тілігінен кейін сағыз шайнау ішекті оңай əрі қауіпсіз қалыпқа келтіреді екен. Əрине қантсыз сағыз болуы керек.

Пікір жазу

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика