Recent Posts

Нәрестенің физикалық дамуы

Дүниеге келгенде баланың салмағы орта есеппен 3-тен 4 кг-ға дейін, ал бойларының ұзындығы 45-50 см болады. Бірақ бұл көрсеткіштер нақты емес, кейбірінің салмағы аз, не бұдан артық болып туылады. Шамамен, өмірінің алғашқы жылдары сәби 7 кг салмақ қосады, бойы 25 см-ге өседі. Бала денсаулығының ең маңызды көрсеткіші – оның дене құрылымының …

Толығырақ »

Сәбиіңіздің алғашқы ыдыс-аяқтары мен төсек жабдықтары

Сәбиіңіздің алғашқы ыдыс-аяқтары мен төсек жабдықтары

Бала есейген сайын тамақтануы үшін ыдыс-аяқтар да көптеп қажет болады. Емізігі бар бөтелке. Бүгінгі күні сәбилерге арналған бөтелкелерді қауіпсіз, жоғары температураға төзімді (120°С) пластиктен жасайды. Ішіндегі ең қолайлысы – аузы кең, цилиндрлік пішіндегі бөтелке. Оны жуғаныңызға оңай болады. Құрғақ қоспалардан тағам дайындарда немесе шай құйғанда сіз ештеңені төгіп алмайсыз. Ал ойдан …

Толығырақ »

Омырау тазалығы

Омырау тазалығы, Емшек, Әйелдің емшегі

Сәбиін омырауымен емізетін әйел үшін омырау тазалығын сақтау өте маңызды. Сондықтан тазалық жөнінде қиын емес бірнеше ережелерді сақтау сәбидің қолайлы тамақтануына, емізген кезде ауырсыну сезімдерін болдырмауға, төсіңіздің жақсы кейпін сақтап қалуға көмектеседі. Еш уақытта омырауыңызды жөкемен (мочалка) ысқыламаңыз. Сонымен бірге, гигиеналық шаралар үшін дәстүрлі косметикалық заттарды қолдануға болмайды, яғни омырауды …

Толығырақ »

Сәбиін емізетін ананың тамақтануы

Тамақтану, сапалы азық-түлік

Жүктілік кезінде әйелдің салмағы шамамен 10-12 кг-ға артатынын сіздер білесіздер. Босанған соң бірден баланың, жолдастың және ұрық маңайындағы судың салмағының есебінен бұл көрсеткіш 4,5-6 кг-ға азаяды. Осылайша, қалған 6-8 кг. қор сақталып қалады, оның 2/3-і – босанған соң ағзаны қосымша энергиямен қамтамасыз ететін май қабаты. Ең алдымен бұл қорлар сүт …

Толығырақ »

Табиғи босанудан кейінгі әйелдің жағдайы

Табиғи жолмен босанған соң бірнеше күн бойы, тіпті бірнеше апта бойы әйел бойында кейбір қолайсыздықтар сезіледі. Қынаптан қанды іріңнің бөлінуі (лохия) баланың жолдасы ажыраған кезде жатырдың шырышты қабатының зақымдануынан болады. Босанған соң алғашқы екі-үш күнде етеккірдің алғашқы күніндегідей іріңді бөлініс өте көп мөлшерде және ашық түсті болады.

Толығырақ »

Мастит және оның алдын алу

Мастит, емшектің қабынуы, Мастит туралы, Мастит деген не?

Мастит – сүт безінің қабынуы. Ірің тудыратын микробтардың сүт бездеріне түсуінен (әдетте емшек үрпінің жарылуынан) пайда болады. Көбінесе бала емізіп жүрген әйелдер ауырады. Мастит кезінде температура 39°С-ге дейін көтеріліп, әйелдің жалпы жай-күйі нашарлайды, басы ауырады. Зақымданған сүт безі екінші тәулікте бұрынғыдан да қатайып, қатты ауырады, қызарып ісіп кетеді. Мастит көбінесе …

Толығырақ »

Кесар тілігі (Кесар тілігі операциясы)

Кесарево сечение, Кесар тілігі

Кесар тілігі деген не? Әйел табиғи жолмен, өздігінен босана алмаса немесе әйел мен сәбидің өміріне қандай да бір қауіп төніп тұрса (мысалы, босану кезінде оттегі тапшылығы), кесаре тілігі жасалады. Ол дегеніміз жүкті әйелдің ішін жарып, нәрестені сол кесілген (тілінген) жер арқылы шығарып алатын хирургиялық операция. Операция алдын ала жоспарланған немесе …

Толығырақ »

Балаға аяқкиім таңдау

Балаға аяқкиім таңдау, аяқ киімнің суреті, Аяқкиімнің суреті, Балалар аяқкиімі

Баланың аяғы ана құрсағында жатқанда алтыншы айда-ақ жетіле бастайды. Ал, 20 жасқа жеткенде қалыптасу процесі тоқтайды. Дүниеге келген соң алғашқы 2-3 жылда аяқтарының өте жылдам қарқынмен өсетіндігі соншалық, сатып алған аяқ киімдеріңіз тозбай жатып сыймай қалады. Сондықтан, балаңыздың аяғына дәл келетін аяқ киімді таңдау оңай шаруа емес. Әдетте, балаға 9-10 …

Толығырақ »

Босануды жеңілдететін медициналық шаралар

Перинеотомия

Босанатын кезде қолданылатын ауырсынуды сездірмейтін әдістер Бүгінгі күні босану кезінде ауырсынуды сездірмейтін дәрі-дәрмектер көптеген босану үйлерінде қолданылады. Жалпы наркоз өте аз қолданылады, тек төтенше жағдайлар туындамаса. Эпидуралды анестезия. Бүгінгі күні өте кең тараған әдіс. Ауырсынуды сездірмейтін зат жұлынды қоршап тұратын тығыз ми қабығының алдындағы кеңістікке ине және катетер (дененің қуысына …

Толығырақ »

Бала асырап алу

Асырап алу — балалары болмаған немесе жетім балаларға қомқор болу мақсатында басқа баланы асырау, қамқорлыққа алу әрекеті. Асырап алу әлемнің көптеген халқында бар. Қазақ халқында да бала асырап алу салты бар. Көп уақыт бойына нәрестелі болмаған ерлі-зайыптылар ата-аналарымен және өзара ақылдасып бала асырап алып

Толығырақ »

Босану қалай өтеді?

Босану кезеңдері, босану, бала туу, толғақ, толғату

Босану қалай өтеді? Көбіне, босанатын уақыт толғақтан басталады. Толғақ – бұл жатыр мойнының ашылуына әкелетін жатырдың қысылуы. Олар бірнеше сағат бойы іштің төменгі жағында және бел жақта созылыңқы түрде, жиі қайталанады. Мұндай кезде әйел ішінің қатая бастағанын сезеді. Толғақ бірнеше секундқа созылады да соңынан жатыр босаңсиды. Бірінші толғақтар ауырсынуды сезінбегендіктен, …

Толығырақ »

Жыныстық қатынас (сұрақ-жауап)

Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас тақырыбы әйелді де, еркекті де алаңдатады, ойландырады, түрлі күмәндар тудырады. Асылында, көптеген жұбайлар үшін жүктілік кезінде жыныстық қатынас жасаудан қорқудың қажеті жоқ. Жүктілік кезіндегі жыныстық қатынас жасауға (жақындасуға)

Толығырақ »

Баланың ішінің қатуы қауіпті ме?

Баланың ішінің қатуы қауіпті ме?

Емшектегі балалар арасында кездесетін аурудың түрі көп. Олардың бірі – іш қату. Іш қатқаны қандай да бір дерттің белгісі. Оған жүрдім-бардым қарауға болмайды. Аталған қиындыққа кез-келген ата-ана өмірінде кем дегенде бір рет бетпе-бет жолығады. Сондықтан, оны емдеуде дәрігер кеңесі артықтық етпейді. Тараз қалалық №2 емхананың балалар дәрігері Перуза Тәжібаева аналарға …

Толығырақ »

Болашақ аналарға арналған киім мен аяқ киім

Болашақ аналардың ішкиімі

Жүкті кезінде әр әйел (әсіресе бірінші сәбиі болса) киім-кешектерін жаңарту керек. Ең бастысы, киімнен талап етілетіндігі – ыңғайлылығы. Киім ішіңізді қыспауы керек, сондықтан қатты байланатын белбеулерден, стрейч-джинсылардан, сымбатыңызды айқындап тұратын шалбарлардан, қысып тұратын ішкиімдерден бас тартуыңыз қажет. Оған қоса, резеңкеден жасалған гольфи мен шұлықтарды кимеңіз. Теріңізге жақын тұратын киімдер (көйлек, …

Толығырақ »

Ана сүтінің мөлшері мен сапасы емшектің өлшеміне тәуелді емес

Ана сүті емшек өлшеміне тәуелді емес, емшектің суреті, емшек, бала емізу

«Егер әйелдің (бала емізетін ананың) емшегі кішкентай болса, баласын тойдырып емізе алмайды. Өйткені емшегі кішкентай анадан аз сүт бөлінеді» деген түсініктің бар екендігі белгілі. Оны аңыз десек те болады. Себебі әйел омырауынан бөлінетін сүт пен сүттің сапасы емшектің үлкен немесе кіші болуына байланысты емес. Әйелдің емшегінің басым бөлігі май ұлпаларынан …

Толығырақ »
error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика