Аяқтан шығатын жағымсыз иістен арылу жолдары

Аяғыңыздан иіс шығып, ыңғайсызданып жүрсеңіз..
— Сүйікті аяқ киіміңізден жағымсыз иіс шығып, көпшілік орындарда ыңғайсыз жағдайға қалдырады ма? Одан арылудың жолын іздеп жүрсеңіз сұрағаныңыз алдыңыздан шықты дей беріңіз. Негізі аяқтағы иіс түрлі жолдардан пайда болады. Сапасыз аяқ киімге тап болсаңыз, иіс шығатын болады. Кей адамдардың ішкі ағзасында түрлі өзгерістер салдарынан да иістен арылу қиынға түседі. Ол үшін арнайы дәрігерлердің тексеруінен өтіп, емдік шаралармен алдын алған дұрыс. Жасы келіп, қартая бастаған адамдардың денесінен арнайы токсиндердің бөлінуінің нәтижесі де иіс шығуға алып келеді. Тек аяқтан ғана емес, бүкіл дене терісінен шығатын жағымсыз иістен арылу қиын емес. Жиі салқын сумен шайып тұру ғана. Ұзақ уақыт жуынбай тазалық сақтамаса, дене мен киімдерге иіс біржолата сіңіп қалуы мүмкін. Тағы да бір дерек, аяқ иісінің жұқпалы болып келуі. Аяқ киіміңізді немесе шұлығыңызды өзгемен ауыстырып кисеңіз, оның иісі сізге жүғады. Сондықтан да абай болуды ескертеді мамандыр. Бәрін айт та, бірін айт. Иіс қалай пайда болса да, болар іс болып, бояуы сіңді. Тек одан арылудың жолы қажет.

—  Арақ пен спирт Аяқ киіміңіздің ішін кәдімгі арақпен сүртіп шығыңыз. Немесе оның орнына нашатыр спиртін пайдалансаңыз болады. Мақтаны араққа немесе нашатыр спиртіне малып алып, аяқ киімнің ішкі бөлігін толық қамтып ылғалданырып шығасыз. Бірден кимей, оның кепкенін күтіңіз

— Тұзды су немесе ас содасы Тұзды судың немесе ас соданың суына аяқ киіміңізді екі күн бойы ұстау. Бұл әдіс қиындау болып көрінгенімен ең пайдалысы. Кез келген аяқ киіміңізді дәл осы әдіс бойынша буға қойсаңыз, ішіндегі вирустар мен бактерияларды толықтай жояды.

— Белсендірілген көмір Иістті жоюға арналған тағы да бір таңқалдырарлық әдістің бірі тұз ұнтағы мен белсендірілген көмір ұнтағы. Мақтадан жасалған ауа өткізгіш шұлықтың ішіне тұздың майда ұнтағы мен белсендірілген көмір ұнтағын араластырып аяқ киіміңіздің ішіне екі түнге қалдырыңыз.
Сірке суы Аяқ иісінен арылуға сірке суының да көмегі бар. Суға араластырылған сірке суымен аяқ киіміңіздің ішімен сыртын толық сүртіп шығыңыз. Бұл әдісті жиі жасап тұру қажет. Мысалы, аяқ киімді екі рет кисеңіз, ортада бір рет сүртіп тұрыңыз.

— Хош иісті эфир майы Біз ұсынар соңғы әдіс, хош иісті эфир майы. Иісті ұзақ уақытқа шығармай тұратын бұл кеңесті де жиі жасап тұрыңыз. Кез келген жұмсақ мата немесе мақтаға хош иісі бар майдың бір немесе екі тамшысын тамызып, бір күн тұрғызсаңыз, бірнеше күн иіс сақталып тұрады. Жылдың қай мезгілі болмасын, аяқтағы иістің болары даусыз. Әсіресе, ер адамдарда. Қандай аяқ киім кисеңіз де, таза ауаға желдетіп тұруды ұмытпаңыз.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика