Бала текті болуы үшін…

Қазақта ТЕКСІЗ деген сөз, өте ауыр сөз болып саналады.

Тарихқа үңілсек, 90% ТЕКТІ тұлғалардың АНАЛАРЫ ТЕКТІ болған.

Менің көңілім толмайтыны, қазір онлайн түрде семинар, тренингтер өткізіп жүрген ханымдардың кейбірі (бәрі емес), қыз-келіншектерді адастыруда. Өзіңді ұмыт, «ниже плинтуса» төменде дейді. Күйеуіңе қызмет ет, аяғын жуу т.б дейді. Әйел еркектен бір саты төмен тұру керек. Бұл дұрыс. Бірақ, соншалықты «ниже плинтуса» емес. Енең не десе де, күйеуің қалай езгілесе де көн дейді.Сонда әйелдің самооценкасы қайда қалады? Өзіндік ойы, бағалауы жоқ әйел, қандай бала тәрбиелейді. .
Мен енеңе қарсы шық, күйеуіңді тыңдама, сыйлама деп жатқам жоқ.
Бала тәрбиелеп отырған, әр әйел тектілікке талпыну қажет.

Текті бала тәрбиелеу үшін, өзіміз тектілікке мән берейік.

КОРОЛЕВА!
«Если xочешь шлюxу, купи её. Если тебе нужна Королева, заслужи!»,- деді Серсея «Игра престолов» сериалында. Мұны естіп, бір риза болдым. Менің ұстанымымнан дөп түсті. Бүгін сериалды досыммен талқыладық. Осы тұсын айтып «Біздің қазақ әйелдеріне жетпейтін өрлік қой мынау. Біздікілерде самооценка деген нөл ғой»,- дедім. Досым да «Біздікілер «Келін», «Абысындар» секілді әйелді мал қып жіберетін сериалдар көреді ғой»,- деді. Ойымен толық келісемін. Рас қой. Өздерін күйеулеріне бағыттап, оның көңілін табу арқылы бақытқа кеңелу тренингтерінен қалмай жүрген қыз-келіншек көп. Тренерлер де әйелдерге басылыңдар дейді. Күйеуге де таптап кетуге басылған әйел ыңғайлырақ. Басылып-басылып жер болды ғой байғұс әйел.

Королева болыңыздар!
Өзінің не қалайтынын білетін, оны іске асыратын, құл болып кетпей үйдегі барлық шаруаны бірдей бөлетін, өзін күтіп баптайтын, өнер-білімнен қалмайтын, талап ете білетін, шешімді Корольге қалдырып, оны ұлықтайтын Королева болыңыздар! Королева – ол истерикаға жоқ өте салмақты, ұсақ әңгімеге, іштарлыққа жоқ ТЕКТІ Әлсізге жанашыр, мейірімді. Оның өз әлемі бар. Гаремде шаруасы жоқ. Алайда, Королева даналығымен, қайсарлығымен, кез келген жағдайда әдемі ұйымдасуымен Короліне де, xалқына да құнды
Биікте болыңыздар!

Бала психологиясы

Яндекс.Метрика