Босанғаннан кейінгі күтім. Жас ана күйзеліске түспес үшін не істеу керек?

«Ана» атану қандай керемет сезім иә! Баланы босану, физикалық тұрғыдан ғана емес психологиялық жағынан да жас ананы қайта қалыптастырады. Ол  психологиялық жай-күйі көңіл-күйінің түсуі, күйзеліс және психоз деп аталатын күйге түсуі мүмкін.

1. Көңіл — күйінің түсуі:

Бұл жаңа босанған жас ананың бәрінде дерлік кездесетін жайт. Бұл психикалық бұзылыстың белгілері босанған соң  соңғы 3-4 тәулікте білініп, 10-күні жоғалуы тиіс.

Белгілері:

  • мазасыздану, көңіл-күйдің ауытқуы
  • ызалану, мұңаю;
  • зер салудың төмендеуі, жылау;
  • ұйқысыздық.

2. Күйзеліс

Егер мазасыздық күйі екі аптадан кейін жоғалмаса, әйелдің жағдайының бала босанудан кейінгі торығуға дейін нашарлағаны. Бұл кезде анаға баланы сеніп тапсыруға болмайды, тезірек маманға көрінуі керек. Егер қажетті шаралар қолданылмаса торығудың жылдарға немесе одан да ұзаққа созылуы, тіпті бала босанудан кейінгі психозға ұласуы мүмкін.

Белгілері:

  • ұйқысыздық, тәбет жоғалту;
  • ызалану, шектен тыс ашулану;
  • шамадан тыс шаршау;
  • ұялу, кінәлік сезімі немесе адекватты емес мінез-құлық;
  • өзіне немесе нәрестеге зиян келтіру туралы ойлар, туыстарымен қарым-қатынастан бас тарту.

3. Психоз

Аса қауіпті психологиялық бұзылыс. Оның реактивті дамуы, бала бір айға толғанша білінуі мүмкін.

Белгілері:

  • есінен  шатасуы;
  • галлюцинациялар, паранойя, лағу;
  • өзіне немесе балаға зиян келтіру талпыныстары.

Босанғаннан кейін қандай жағдайда депрессияға түседі?

Бірінші, генетикалық тұқым қуалаушылық. Егер әйелдің туысқандарының бірінде күйзеліс болса, оның да ұшырауы мүмкін;

Екінші, күйзеліс.  Жас ана өте ауыр босанған болуы мүмкін. Мысалы, кесір тілігі арқылы босанатын әйелдер немесе босану кезінде жатырдың жыртылып кетуі. Мұның бәрі ауырып, тек жата бергің келеді. Осыған байланысты әйелде физикалық стресс пайда болады.

Үшінші, күйеуімен, туысқандарымен болатын түсініспеушіліктер. Босанғаннан кейін әйелдің гормондары оны тез ашуланатын, жылауық қылып жіберуі мүмкін. Көңіл-күйі де құбылмалы болады. Жақындары осыны түсінбегендіктен, араларында ұрыс-керіс болады. Бұл да күйзеліске әкеп соқтырады.

Босанғаннан кейінгі күйзелісті қалай жеңуге болады?

  • Дәрігерлердің айтуы бойынша, эмоцияңды өзіңде сақтау денсаулыққа зиянды, сондықтан жылап алудың да пайдасы бар;
  •   Мұңаюға жол бермеңіз, көңіліңізді басқаға аударуға тырысыңыз. Егер ана көңіл-күйінің түсіп, жылағысы келіп тұрғанын сезсе, ойын жақсы әрекетке аударуға тырысқаны дұрыс;
  • Жас ананың өмірінде байланыс көп болуы керек. Жас аналардың бір-бірімен жиі сөйлесіп, білмегендерін сұрауы кез келген сұрақтарына жауап алуына және кішкене болсын сергіп қалуға мүмкіндік береді;
  • Өзіңді жиі қуанышқа бөлейтін әрекеттер жасаған жөн. Әйелдің көңілін көтерудің ең жақсы тәсілі – сауда жасау яғни керегін сатып алу.

Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика