«Инфантильность» деген не?

Қазіргі уақытта мойнына жауапкершілікті жүктегісі келмейтін, әйелінің тапқанын жақсы көріп, жұмыс жасамай, үйде отыратын ер кісілерді, бала туып, оны өсіріп, қиындығы мен қызығын бірге көруден жалтарып, балаларын тастап кететін әйелді немесе өзін қорғансыз ретінде көрсетіп, балаларына жас кезінен жұмыс жасатып,бірден ересек балаға айналдыратын «бала — ата-аналарды» кездестіреміз. Иә, осыларды, инфантильді-жетілмеген (незрелый) ересектер деп атаймыз. Ал, енді оның түпкі себеп тамырын қопарып көрейік.
Адам инфантильді болып туылмайды, оған осы қасиетті тәрбие арқылы береді. 8 жастан 12 жасқа дейінгі кезеңде бала өз әрекеті үшін жауапкершілікті өз мойнына ала алады. Бірақ баланың өздігінен әрекет етуі үшін оған ата-ана сенім арту керек. Дәл осы кезеңде ата-аналар мынадай қателік жасайды:

• «Мен сенің анаңмын,саған қандай киім алу керектігін мен жақсы білемін!»-балаға таңдау еркіндігін бермейді.
• «Мені тыңда,менің айтқаным дұрыс болады.»-балаға сөз еркіндігін бермейді,онымен ақылдаспайды.
• «Сенің пікірің маған маңызды емес!»-баланы өсіп келе жатқан тұлға ретінде есептемейді.
• «Мен қалай айттым,солай болады!»-баланың ішкі эмоциясын білдіргізбейді.
• «Сенің қолыңнан түк келмейді!»-балаға сенім білдірмейді,қолдамайды.
• — Кет, мен оны өзім жасаймын.-балаға қателік жасауға және одан сабақ алуға жол бермейді.
Осындай сөздерді күнде естіген бала жылдар өте келе ата-анасының сөзінің дұрыс екендігіне, өзінің неудачник екеніне нық сенімде болып,өздігінен әрекет етуге,жұмыс жасауға тырыспайды.. Өкінішке орай, көптеген ата-аналар балаларының тыныш, мойынсұнғыш болса және ата-анасын жиі мазаламаса,тамағы тоқ екенін білсе болды.Осыдан кейін балаңыз нағыз өздігінен шешім қабылдай алмайтын тұлға болып өссе таң қалмаңыз…


Жарнама

error: !!!Мақалаларды рұқсатсыз пайдалануға болмайды!!! Сайттағы мақалаларды тек қана жеке басыңыздың қажеттілігі үшін пайдалануға немесе ағартушылық мақсаттарда ғана көшіруге болады. Мақалаларды сайт әкімшілігінің жазбаша рұқсатынсыз коммерциялық баспа өнімдерінде жариялауға, теле-радио хабарларға пайдалануға және басқа да коммерциялық мақсаттарға пайдалануға болмайды. Мысалы, газет-журналдарда жариялау, телебағдарлама сюжетіне пайдалану сынды әрекеттер редакцияның жазбаша рұқсатынсыз жасалмау керек.
Яндекс.Метрика