Лосось, қара бүлдірген және мандарин қосылған салат

Бұл дәстүрлі отырыстардан шаршап, мерекені шағын адамдармен атап өтуді жоспарланған адамдар үшін таптырмайтын жеңіл салат.

Лосось, қара бүлдірген және мандарин қосып жасайтын салатқа 2 стақан шпинат жапырақтары, 200-250 грамм пісірілген лосось, 2 мандарин, ½ стақан қара бүлдірген, ¼ стақан туралған жасыл пияз, ¼ стақан асқабақ тұқымы қосылады.

Ал тұздық жасау үшін 1 лаймның шырыны, 1 ас қасық күнжіт майы, 1 ас қасық сұйық бал керек.

Жасалуы

1. Шпинатты бірдей бөліктерге бөліп, тәрелкеге салыңыз. Үстінен туралған лосось пен мандарин кесектерін, қара бүрдіргенді және пияз бен асқабақ тұқымын қойып шығамыз.

2. Лайм шырыны мен күнжіт майын және балды бөлек аларастырып алыңыз. Содан кейін бұл тұздықты салаттың бетіне сеуіп, дастарханыңызды сәндей беріңіз.

Яндекс.Метрика