Азық-түліктен келетін індеттер: Листериоз инфекциясы

Азық-түліктен келетін індеттер (инфекциялар) адамның улануына әкеп соғады. Жүктілік кезінде пайдаланылатын азық-түліктің құнарлы болуымен қатар сапалы екендігіне де көңіл бөліңіздер. Олай болмаған жағдайда листериозды инфекция жұғуы ықтимал.

Жүкті әйелдер неге бұзылған асқа өте сезімтал келеді?

Әйелдің аяғы ауырлағанда иммундық қасиеті төмендейді. Оның себебі жатырда орналасқан ұрықтың ұлпаларының жартылай әкесінен болуына байланысты, яғни әйелдің ағзасындағы иммундық жүйе бойға жартылай бөтен қасиетке ие ұрық біткенде өзгеріп сала береді.

Иммундық жүйе әлсірегенде болмашы аурулар мен індеттер тез жұғады, аурудан емделу қиын болады әрі ұзақ уақытқа созылады. Тамақтың құрамындағы зиянды заттар бірден әсер етіп, әйелді астан улануға итермелейді. Мұндай жағдайға мысал ретінде Листериоз індеті мен Сальмонеллёз індетін жатқызуға болады.

Жүкті әйелдердің листериозға шалдығуы өте жиі кездеседі. Жатырдағы болашақ сәби үшін қауіпті. Ал сальмонеллез індеті жүкті әйелдер үшін оңай жұққанымен, жатырдағы сәбиге зиянын тигізбейді. Десек те, уақыт жоғалтпастан емделуге ұмтылу керек. Асқынған аурдың қайқайсысы болмасын, соңы ауыр болады.

Листериоз деген қандай індет?

Листерия бактериялары, Листериоз, Бактерии листерии
Листерия бактериялары (сурет: infekcii.net)

Листериоз — листерия бактериялары арқылы жұғатын бактериалды індет. Бұл ауру адамдар мен жануарларда болады. Бактериялардың негізгі мекені: топырақ. Топырақтағы листериялар өсімдіктерге өтіп, өсімдіктер арқылы жануарларға және адамдарға жұғады. Құрамында листерия бактериясы бар шикі азық-түліктерді пайдаланғанда немесе дұрыс пісірмегенде оны жеген адамдарға листериоз індеті жұғады.

Листериоз инфекциясын жұқтырғанымды қалай білемін?

Өкінішке орай, кей жағдайларда листериоз ешқандай ауру белгілерін көрсетпейді. Ал егер ауру белгілері болса, олар мынадай болады:

  • дене қызуы көтеріледі;
  • бұлшықеттер ауырады;
  • асқазан мен ішектің ауыруы;
  • бас ауруы және бас айналу.

Аталған белгілер байқалса, жеген асыңыздан күдіктенсеңіз, қаныңызға сараптама жасатыңыз. Листериозды тудыратын листерия бактериялары қанға сараптамалық зерттеу жасағанда бірден анықталады.

Листериоздың белгілері байқалмаған жағдайда індеттің жатырдағы ұрық орналасқан қағанаққа жетіп қалуы ықтимал. Ол дегеніміз болашақ сәбидің денсаулығына қауіп төнді дегенді білдіреді.

Жүкті әйелдердегі листериозды қалай емдеуге болады?

Листериозды емдеудің маңызы өте зор. Өйткені ол жатырдың ішіндегі ұрыққа қауіп төндіре алатын індет болып саналады. Листериозды емдеу кезінде (көп жағдайларда) антибиотикалық терапия тағайындалады. Емдеудің бұл түрі індеттің жатырдағы ұрыққа жетпеуін қамтамасыз етеді.

Мен листериозбен бұрын ауырғанмын. Енді ол індеттің жүктілік кезінде қайталануы мүмкін бе?

Иә, мүмкін. Листериоз бактерия арқылы тарайтындықтан оған қарсы тұратын иммундық қасиет жоқ. Егер сіз бұрын да осы індетті дұқтырған болсаңыз, жүктілік кезінде тағы да ауыруыңыз әдбен мүмкін. Тағамға барынша сақ болғаныңыз абзал.

Листериоз індеті тек қана шикі сүт өнімдерінен шыға ма?

Жоқ, олай емес. Листерия бактериялары шикі сүт өнімдерінен басқа шикі еттен немесе шикі тауық етінен жасалған тағамдарда да дами береді. Сондықтан ет өнімдерін пісіргенде дұрыстап пісіру керек.

Листерия бактериялары маринатталған, ысталған, кептірілген балық өнімдерінде, сонымен қатар сыртынан капталған салаттар мен соя өсінділерінде де бола алады.

Листериоз қоздырғыштарын (бактерияларын) азық-түлікті немесе тағамды қатты қыздыру немесе қатты мұздату арқылы өлтіруге бола ма?

Жоғары температуға дейін қыздыру арқылы өлтіруге болады, бірақ тиісті деңгейге дейін қыздыру керек. Қысқатолқынды пештерде тамақ жылытқан кезде листерия бактериялары өлмейді. Тамақты төмен температурада мұздату арқылы індет қоздырғыштарын өлтіре алмайсыз.

Тамақ дайындағанда тиісті температурада пісіріңіз, барлық жерінің дұрыс піскеніне назар аударыңыз.

Ұқсас мақалалар

Жүктілік кезіндегі токсоплазмоз туралы сұрақтар

Абайла! Токсоплазмоз індеті жұғады

Эндометриоз ауруы туралы сұрақтар

Темекі шегудің жүктілік пен сәбиге әсері

Жүктілік кезінде Нафтизиннің зияны болады ма?

Жұқпалы эритема деген қандай ауру?

Балаларға тән ауруларының жүкті әйелдерге әсері

Жүктілік кезіндегі індеттер мен аурулар

Жүктілік кезіндегі тамақтануға байланысты сұрақ-жауаптар. Вегетариандық тағамдар

Жүктілік кезіндегі тамақтану

Comments 2

  • жүкті әйелдің басы неге шаншып ауырады

  • Сәлеметсіздерме мен бір сурақа жауап іздеп жур едім Менің інім 1 жаста оған Профессорлар Листериоз диагноз қойды бірақта балада Ешқандай шағым жоқ еш қандай ауырсыну болмайды тек қанды тексергенде дәрігерлер Гемоглобин аз 80 Ликацит 27 көбеиуде Сурайын дегенім Ликацитің көбейуі Листериозға, əкеп соғама Және болған жағдайда балада қандай белгілер болады жауап кутем Алдын ала Рахмет !!!

Яндекс.Метрика