Tag «Балалар»

Үш жастағы балада невроз қайдан пайда болады?

  1 жас пен 4 жас аралығындағы балалар өмір мен мультфильмнің ара жігін ажырата алмайды. Яғни, олар мультфильмдегі болмаса, фильмдердегі көрністерді бұл шынайы өмірде деп қабылдайды. Қазіргі балалар ақпаратты анағұрлым көбірек қабылдай алады. Бірақ, бұл ақпаратты мөлшерден артық қабылдаудан баланың психикасы зардап шекпейді деген сөз емес. Қазіргі 1 жастағы баланың өзінде телефонға, гаджеттерге тәуелділік бар. …

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні

1 маусым — Халықаралық балаларды қорғау күні

Жаз маусымының алғашқы күні, яғни 1 маусым — Халықаралық балалар күні.  Қазақстанда »Балаларды қорғау күні» деген атпен белгілі. Балалар күнінің тарихы қандай? Бұл күннің тарихы Түркия елімен байланысты. Алғаш рет 1920 жылы 13 сәуірде Түркияда балалар күні аталып өтіледі. Одан соң 1925 жылы Швейцарияның Женева қаласында өткен Балалардың денсаулығы мен бейбіт өмір сүруі туралы әлемдік …

Көктемнің қиындығы мен қуанышы

Көктемнің алғашқы айы келіп, далада 6 ай қыс жатқан қалың қар ери бастайды. Осындай кезде, балаларын алып, шуағын төккен күннің астында саябаққа серуендеуді әдетке айналдырған ата-аналарын жиі кездестіре бастаймыз. Дегенмен, қуанышымен қатар көктем өз әурешілігін де ала келетіні жасырын емес. Мәселен, көше біткен лайсаңданып, әр жерде жиналған көлшік жұртшылыққа ыңғайсыздық туғызатыны бар. Әсіресе, балалы ата-аналар …

Тұйық мінезді балаларға арналған жаттығулар

Жалғасы. Басы: Балаңыздың мінезі тұйық болса Баланының мінезі қалай тұйық болады? Баланың психологиялық және эмоциялық күйін Роршах (швейцарлық ғалым) тесті арқылы анықтауға болады. 5-6 жастағы балаларға жүргізуге ұсынылған. Шарты мынандай: бала қағазға орналасқан он симметриялы суреттен (дақ түрінде) кез келген фигураны байқап қалуы тиіс. Тесттің шешімі күрделі, оны маманмен жүргізген дұрыс. Бірақ ата-аналардың да жүргізуіне …

Баланың жауапкершілігі: Ойна да, жина

Балалы үйде ойыншықтардың болатыны —  анық жайт. Ойыншықтардың үйдегі бөлмелерде немесе ойын алаңында шашылып жатуы бала саны мен олардың жасына және ойыншықтардың санына байланысты. Балаларға ойыншықпен қалай ойнау керектігін үйретудің қажеті жоқ. Өздері үйреніп алады. Үлкендер оларға ойнауды үйретуді өздеріне міндет деп санамаса болады. Есесіне, балаларға ойнап болғаннан кейін ойыншықтарды жинауды үйретуге болады. Ойыншықтарды жинау …

Қызым кішкентай ойыншықтармен ойнағанда

Менің қызым алты айлық. Өз бетінші сылдырмақтармен және жүн, мақта, маталардан тігілген ойыншықтармен ойнайды. Оның ойынына араласу керекпін бе? Жоқ, араласпаңыз. Қызыңыздың кішкентай ойыншықтармен өз бетінше ойнауы кішкентайлардың алғашқыда үйренулері тиісті негізгі

Яндекс.Метрика