Tag «Бірінші триместр»

Жүкті әйелдің тіс күтімі қандай болуы керек?

Жүктілік кезінде әйел ағзасында көптеген өзгерістер болады. Осы кезге дейін өзіне ғана арналған дәрумендермен ендігі жерде құрсағындағы сәбиі де ортақтасады. Бұл болашақ ананың бойындағы жетіспеушіліктің орнын қосымша дәрумендерді қабылдауы арқылы ғана толтыра алады. Темір жетіспеушілігі – анемияға, кальцийдің, фтордың, фосфордың аздығы – сүйек пен тістің босауына, шаштың түсуіне алып барады. Біз бұл мақаламызда адам сұлулығының …

Жүктілік және оның кезеңдері (жүктіктің үш триместрі)

Алпыс екі тамырын иіп, сәбиін әлдилеуге дейінгі кезең, әсіресе жас аналар үшін жұмбақ та қуанышты, ал баланың дұрыс дамуын қамтамасыз ету — әйелдің басты міндеті. Ананың бойына бала біткенге дейін, бір ай бұрын, жүктілікке дайындалғаны абзал. Дайындалғанда істелетін жұмыстар: имунды жүйені күшейту, темекі шекпеу керек, алкогольді сусындар тұтынуды тоқтату, зиянды әрі жүйкені тоздыратын жұмысты ауыстыру, …

Жүктіліктің бірінші триместрі

Жүктіліктің бірінші триместрі — алғашқы триместр, жүктіліктің 1-12 апталары, яғни 1-3 айлары аралығын қамтиды. Жүктілік кезеңін үшке бөліп қарастырғанда  «триместр» сөзінің қолданылуы өте орынды. Себебі ол «үштен бір бөлігі» дегенді білдіреді, ал кей жердерде кездесетін «жүктілік тоқсаны» тіркесіндегі «тоқсан» сөзіның мағынасы «төрттен бір бөлігі» дегенді білдіреді.

Жүктілік физиологиясы

Сонымен, сіз жүкті болдыңыз! Ары қарай не болады? Дүниеге келмес бұрын, ұрық қалай дамиды? Болашақ ана ағзасы қандай сынақтардан өтеді? Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында қалыпты жағдайдағы жүктіліктің қалай жүретінін байқап көрейік. Жүктіліктің ұзақтығы шамамен, орта есеппен алғанда, 40 аптаны (280 күн) немесе 9 айдан астам уақытты құрайды. Алайда бұл есептеулер ұрықтанған күннен бастап емес, …

Яндекс.Метрика