Tag «Жүктілік күнтізбесі»

Жүктілік күнтізбесі: бірінші ай (1-4 апта)

Шамамен 14 күндік етеккір кезеңінде жетілген аналық ұрық жасушасы жатыр түтігіне (фаллопий түтігі, аналық без бен жатырды байланыстырады, ұзындығы: 10-12 см) келіп түседі. Осы жерде ол 24 сағат бойына ғана ұрықтану қабілетіне ие болады, яғни өмір сүру ұзақтығы бір тәулікке созылады. Сол аралықта ұрықтанбаса, «өледі». Келесі етеккір кезеңінде сыртқа шығады.

Жүктіліктің бірінші триместрі

Жүктіліктің бірінші триместрі — алғашқы триместр, жүктіліктің 1-12 апталары, яғни 1-3 айлары аралығын қамтиды. Жүктілік кезеңін үшке бөліп қарастырғанда  «триместр» сөзінің қолданылуы өте орынды. Себебі ол «үштен бір бөлігі» дегенді білдіреді, ал кей жердерде кездесетін «жүктілік тоқсаны» тіркесіндегі «тоқсан» сөзіның мағынасы «төрттен бір бөлігі» дегенді білдіреді.

Жүктілік күнтізбесі (қысқаша)

Басы: Жүктілік физиологиясы 10-12 апта: Сәби дамудың жаңа сатысына өтеді – фетальды сатысы. Енді бұл эмбрион емес, тұқым болып келеді («фета» – тұқым). 10-аптаның басында тұқымның салмағы 4 г., ал 12 аптаға қарай оның массасы 13-14 г. болады. Болашақ  сәби диспропорционалды жағынан күрделі болып келеді: оның басы үлкен, қолдары аяқтарына қарағанда ұзындау. Дамудың осы кезеңінде құйрығы …

Жүктілік физиологиясы

Сонымен, сіз жүкті болдыңыз! Ары қарай не болады? Дүниеге келмес бұрын, ұрық қалай дамиды? Болашақ ана ағзасы қандай сынақтардан өтеді? Осы сұрақтарға жауап алу мақсатында қалыпты жағдайдағы жүктіліктің қалай жүретінін байқап көрейік. Жүктіліктің ұзақтығы шамамен, орта есеппен алғанда, 40 аптаны (280 күн) немесе 9 айдан астам уақытты құрайды. Алайда бұл есептеулер ұрықтанған күннен бастап емес, …

Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Жүкті болуға қолайлы күндерді анықтау

Жүктілікті анықтаудың бірнеше әдіс-тәсілдері бар. Соның ең тиімді екі әдісі туралы төменде айтамыз. Бірінші әдіс – жеке «овуляция күнтізбесін» құрастыру. Бірақ ең алдымен, етеккірдің келу аралығының ұзақтығы әрдайым тұрақты екендігіне (яғни әр етеккірдің келу аралығы кейбірінде 28, кейбірінде 30-34 күн) көз жеткізіп алу керек. Бұны анықтау үшін алты-жеті айдай уақыт кетеді, бұл кезеңде сіз жай

Яндекс.Метрика