Tag «Жүктіліктің қиындығы»

Жүктілік кезінде кездесетін кейбір қолайсыздықтар

Барлық ерлі-зайыпты адамдар ерте ме кеш пе балалы болуды ойланады. Бала дүниеге келгеннен кейін еркек тек психологиялық тұрғыдан ғана өзгерсе, ал әйел сырқы келбеті жағынан да өзгеріске ұшырап жатады. Сәбилі болатыныңызды білген керемет бір күні үйреншікті өміріңізбен қоштасуға тура келеді. Өйткені, жас ана жүктілік кезінде түрлі қолайсыздықтармен кездесері анық. Солардың бірнеше түріне тоқтала кетсек:

Токсикоз ауруы: ерте токсикоз

Токсикоз деген не? Болашақ ананың құрсағына ұрық бітіп, ұрықтың көлемі өзгергенде, әйелдің ағзасында өзгерістер болады.  Денсаулық жағдайының ауытқып тұруына байланысты аяғы ауыр әйелде токсикоздар пайда болады. Оның негізгі себебі — метаболизмнің (ағзадағы зат алмасу) бұзылуы. Токсикоздың екі түрі бар: алғашқы (ерте) токсикоз және соңғы (кеш) токсикоз. Алғашқы (ерте) токсикоз жүктіліктің алғашқы кезеңдерінде болады, 6-аптадан бастап 12-аптаға …

Яндекс.Метрика