Tag «Жатырдан тыс жүктілік»

Кішкентай жатырмен бала көтеру мүмкін бе?

«Жатырдың кішкентай болуы» деген не? Оның себебі неде? Кішкентай жатыр немесе ғылыми тілдегі жатыр гипоплазиясы дегеніміз әйел жатырының толық дамымай қалуы. Оның негізгі себебі — жыныстық жетілу кезеңіндегі гормондық бұзылыстар мен жүйке жүйесіндегі бұзылыстар мен стрестік жағдайлар. Кейде жатыр аймағымен байланысы жоқ инфекциялық аурулардың салдарынан да жатырдың жетілмей қалуы мүмкін. 11-15 жас аралығындағы қыз балалардың сапалы азықпен …

Темекі шегу жатырдан тыс жүктілікке себеп болады

Темекінің зияны көп-ақ: материалдық, моральдық, денсалулыққа байланысты зияндар. Әйелдің немесе еркектің денсаулық жағдайына кері әсер ету арқылы олардың ұрпақ сүю бақытынан айырылуларына себеп болады не болмаса жүкті болу құбылысын қиындатады. Сондай қиындықтардың бірі — жатырдан тыс жүктілік.

Эндометриоз ауруы туралы сұрақтар

Эндометриоз деген не? Эндометриоз (эндо – ішкі; метра – жатыр) — жатырдың эндометрий қабатындағы (жақсы қанданатын, циклды түрде жаңарып тұратын жатырдың ішкі шырышты қабаты) жасушалардың жатырдан тыс жерлерде (мысалы: жатыр түтігінде (фаллопий түтігі), жатыр мойнында

Жасанды жолмен ұрықтандыру

Өкінішке орай, табиғи жолмен ұрықтану мүмкіндігі адам ағзасының физиологиялық жағдайына немесе денсаулығына байланысты барлығында бола бермейді. Жетілген ағзаның табиғи жолмен ұрықтануға қабілетсіздігі бедеулік деп аталады. Бедеуліктің себептері әртүрлі болуы мүмкін. Ал олардың алдын алу үшін (жою үшін) дәрі-дәрмектер мен хирургиялық әдістер қолданылады. Алайда, мұндай әдістер де кейде оң нәтиже бере бермейді. Ағзаның табиғи жолмен ұрықтану …

Жоспарсыз жүктіліктен сақтану жолдары

Адамзат қауымы баланы жоспарлаудың тәсілін үйренді. Қазіргі кезде жүктіліктен сақтанудың түрлі амалдары бар. Тек дәрігердің кеңесімен өзіңізге лайықтысын таба біліңіз. Өйткені, әр адамның ағзасының ерекшелігіне қарай сақтану құралдарының бірі лайықты болса, керісінше бірі жақпауы мүмкін. Сондықтан, кеңінен қолданылып жүрген жүктіліктен сақтайтын құралдармен таныстырып өтсек.

Жатырдан тыс жүктілік

Жатырдан тыс немесе жатырдың сыртындағы жүктілік (внематочная беременность) — аналық ұрық жасушасы мен аталық ұрық жасушасының қосылып, олардан ұрықтанған жұмыртқаның әдеттегісінше жатырдың шырышты қабатына келіп түспей, аналық безде немесе жатыр түтігінде (фаллопий түтігі) қалып, сол жерде дамуы, яғни ұрықтың жатырдан тыс жерде дамуы. Ұрықтанудың барысында аналық безден келетін ұрықтанған жасуша жатыр түтігі арқылы жатырдың жоғарғы …

Яндекс.Метрика