Керекті азық-түлік:
1. Фарш — 500 гр.
2. Жуа(лук) — 1 үлкен.
3. Нан — 2 тілім.
4. Сүт(жылы) — 0.5 стақан
5. Тұз.
6. Қара бұрыш.
7. Сұйық май.
8. Пан.сухарики немесе ұн.
9. Жұмыртқа — 1 шт
Дайындалуы:
1. Ең алдымен жылы сүтке нан тілімдерін кубик қылып турап салып қоясыз. Сосын жуаны ұсақтааап турайсыз. Фаршқа туралған жуаны және сүттегі нанды(сүтінен сүзіп аласыз) қосып, тұз бен бұрыш, жұмыртқаны салып жақсылап араластырып, котлет пішінін жасап, пан.сухарикиге ол болмаса ұнға екі бетін былғап қызған майға пісіріп аласыз.
⠀
ЕСКЕРТУ:
1. Котлеттің пішінін қалың қылып жасамаңыз, себебі котлет піскен кезде ортасы шикі болуы мүмкін!
2. Майға пісірерде майды қыздырып алып, жәй отта екі жағында пісіріңіз. Қатты қызған майда екі жағы тез пісіп, ортасы шикі болуы мүмкін!