Сәбиін емізетін ананың тамақтануы

Тамақтану, сапалы азық-түлік

Жүктілік кезінде әйелдің салмағы шамамен 10-12 кг-ға артатынын сіздер білесіздер. Босанған соң бірден баланың, жолдастың және ұрық маңайындағы судың салмағының есебінен бұл көрсеткіш 4,5-6 кг-ға азаяды. Осылайша, қалған 6-8 кг. қор сақталып қалады, оның 2/3-і – босанған соң ағзаны қосымша энергиямен қамтамасыз ететін май қабаты. Ең алдымен бұл қорлар сүт шығару үшін қажет. Сондықтан сәбиін емізетін ананың арықтау мақсатымен (тіпті сәбиі қосымша тағамдармен тамақтанған жағдайда да) диетаға отырмағаны жөн.

Есіңізде болсын! Жүктілік кезіндегідей босанған соң да түрлі сапалы, дәрумендерге бай тағамдарды пайдаланған жөн.

Сәбиін емізетін ана өзінің күнделікті тамақтанғанына сәбиін емізетін сүттің мөлшері мен сапасы байланысты екенін мүлдем естен шығармауы керек. Күніне 4-5 рет тамақтануы қажет.

Сәбиін емізетін ананың күнделікті рационының негізін құрайтындар тағамдардың тізімі төмендегідей:

  • сүт – 250 мл.
  • майлы емес ірімшік (творог) – 170 г.
  • сары май – 30 г.
  • қаймақ – 50 г.
  • қант – 50 г.
  • майлы емес ет – 120 г.
  • балық өнімдері: майлы емес балықтан даярланған тағамдар – 100 г.
  • жарма мен макарон өнімдері – 60 г.
  • картоп – 200 г.
  • көкөністер: орамжапырақ – 100 г., қызылша – 100 г., сәбіз – 100 г., қызанақ, т.б. – 200 г., пияз – 35 г.
  • жемістер мен жидектер немесе жеміс шырыны – 200 г.
  • ұн өнімдері: қара бидай наны – 100 г., бидай наны – 150 г., тоқаштар мен печенье – 150 г.
  • өсімдік майы – 35 г.

Жұмыртқа рацион құрамына аптасына 1-2 рет енгізіледі (анасы мен баласының оған аллергиялық реакциясы болмаса).
Балада аллергия тудыратын азық-түліктерден аулақ болыңыз! Әдетте оларға бал, цитрустар, құлпынай, шоколад, кофе, тұздалған, консервіленген өнімдер, қою ет сорпасы, тауық еті, балық жатады. Алайда, бұл – қатып қалған қағида емес, кейбірінде бұл азық-түліктер аллергия тудырмайды.

Тәулігіне 2-3 л. сұйықтық ішу (әсіресе, газдалмаған минералды су) керек. Бірақ алкогольды ішімдіктерді, оның ішінде сыраны да қабылдауға мүлдем болмайды. Газдалған сусындарды да ішпегеніңіз жөн, бұдан баланың және анасының іші кебуі мүмкін.

фото: dietyvoda.tk

Comments 34

  • Босанғаннан кейін шұбат ішуге болады ма?

  • Салемаьсыз ба
    Менің босанғаныма 7 күн болды Мен 33аптада босандым баланың салмағы 2500болды казір түсіп бара жатыр сүтімді қалай қоюлатам салмақ қосу үшін кез келген затт жеуге қорқам себебі 7 айлық болғасын балада көп ұйықтайды. Əлі болницадамыз Одан қалса Баланың сарысы бар деп бердк соның бəрі стресс болып кетті енді сүтім аз болып жүрген сияқты????

    • Жанат менде де солай болды . Баланын сарысы бала тойып ембегеннен болады . Жиірек емізіңіз баланы менің баламда көп ұйықтайтын тіпті тұрмайтын сонда да оятып емізетінмін . Мен сүтті көбейту үшін жиі сүт шай іштім сосын көбірек тамақтана беру керек . Бəрі жақсы болады уайымдамаңыз .. Біз қазір Аллаға шүкір 2 аймыз . Баланын сары да кетті емуі де жақсы тояды .

  • Менин кызым 5 айлык 1 аптадан бери медпен шай коп колданган едим кызым устине аллергия каптап кетти енди сутимди калай жанартсам болады

  • Менин балам 5 айлык мен жылкынын етин коп жеп едим ббалама емшектен сут аркылы ишин откизу мумкинбе

  • Менын сутым коп бырак балам тоймайды нестесем болады 1.5 айлык бырак 4.5 кг

Яндекс.Метрика