Депрессия және психоз

Бек депрессиялық шкаласы – депрессия деңгейін анықтауда қолданылатын әдіс.
Үйде отырып, онлайн тест жасап депрессиялық деңгейіңізді біле аласыз.

Депрессиямен айналысатын мамандар – психологтар, психотерапевтер және психиатрлар. Психологтан бастайық.

Психолог – дәрігер емес. Әдетте бұл педагогикалық жоғары білімі бар маман.
Оның дәрі-дәрмек жазып беруге, диагноз қоюға құқығы жоқ, бірақ психологиялық қолдау көрсете алады, талдаулар жүргізеді, кеңес береді.

Психиатр – мамандығы бойынша сертификаты бар дәрігер. Дәрігер ретінде белгілі бір психикалық ауытқушылықты анықтауға, рецепттер жазуға, емдеуді тағайындауға құқығы бар.

Психотерапевт – психиатр маман. Бірақ психиатрияда жұмыс істей отырып, психикалық бұзылыстарды дәрілік емес әдістермен емдейтін – психотерапияны меңгерген маман.

КӘСІБИ КӨМЕК
Босанғаннан кейінгі депрессиямен күресудің жақсы әдісі – психотерапия сеанстары. Олар әйелге өзін-өзі бағалауды арттыруға, қамқорлық жасауға, нәрестемен қарым-қатынасты ынталандыруға, өмірге деген қызығушылықты қайтаруға көмектеседі. Маман сізге қалай дұрыс демалып, өзіңізге күтім жасау керектігін айтады, мысалы, арт-терапия, медитация немесе йогаға кеңес береді. Сеанстарға жас ананың жақын туыстары жиі шақырылады, өйткені олардың қолдауынсыз сауығу мүмкін емес.

ӨЗ – ӨЗІҢІЗГЕ КӨМЕК
Депрессияны жеңуге қалай көмектесуге болады?

Мүмкіндігінше демалыңыз, демалыңыз және демалыңыз. Алла тағала, табиғат керемет жаратқан, яғни нәресте ең алғаш туылған айларында көп ұйықтайды, ал анасы онымен бірге демалуға болады. Нәрестеге үйренуге өзіңізге уақыт беріңіз: оны жиі қолға алыңыз, сүйіңіз, құшақтаңыз, емізіңіз. +Нәрестені омыраумен емізу🤱 депрессияның алдын алады. Бар болса жеңілдетеді.
Ұйқыңыз қанық және жақсы тамақтаныңыз, әсіресе емізетін болсаңыз: барлық микроэлементтер мен витаминдер қажет. Өзіңізді дәмді және пайдалы тағаммен еркелетіңіз.

Ақпарат – ДДҰ дерек көзінен алынды.
Фото – интернеттегі ашық сайттан алынды.

#депрессия #босанғаннанкейінгідепрессия #психоз #жүйкежүйесібұзылысы

Яндекс.Метрика