Author archives

Ораза кезіндегі жүктілік және бала емізу

Айлардың сұлтаны, Құран түскен Рамазан айы келгенде исі мұсылман жан әрбір тынысының сауабы мол екенін біліп қуанатыны белгілі. Тирмизи жеткізген хадис шәрифте пайғамбарымыз (Аллаһтың оған игілігі мен сәлемі болсын): «Себепсіз рамазанда бір күн ораза тұтпаған кісі оның орнына жыл бойы ораза тұтса, рамазандағы әлгі бір күндік сауапқа жете алмайды» – деген сөзінің мәнін ұққан қайсыбір …

Ұрық қабының ерте жарылуы қаншалықты қауіпті?

Ұрық қабы, Амниотикалық қапшық, Ұрық қабының ертерек жарылуы

Жүктілік соңына жетіп, босану процесінде ұрықты тоғыз ай бойына қорғап, қағанақ суын сырттай қоршап, сыртқа ағып кетуден сақтап келген қабықшаның жарылатын уақыты келеді. Қабықша жарылғанда су ағады. Мамандардың келтіретін деректері ұрық қапшығының жарылуына көп жағдайларда әлеуметтік жағдайы төмен және жалғыз өмір сүретін әйелдердің душар болатындығынан хабар береді.

Кішкентай жатырмен бала көтеру мүмкін бе?

«Жатырдың кішкентай болуы» деген не? Оның себебі неде? Кішкентай жатыр немесе ғылыми тілдегі жатыр гипоплазиясы дегеніміз әйел жатырының толық дамымай қалуы. Оның негізгі себебі — жыныстық жетілу кезеңіндегі гормондық бұзылыстар мен жүйке жүйесіндегі бұзылыстар мен стрестік жағдайлар. Кейде жатыр аймағымен байланысы жоқ инфекциялық аурулардың салдарынан да жатырдың жетілмей қалуы мүмкін. 11-15 жас аралығындағы қыз балалардың сапалы азықпен …

2011 жылғы ең таңдаулы есімдер

ҚР Статистика агенттігінің деректеріне сүйенсек, 2011 жылы елімізде дүниеге келген нәрестелерге берілген есімдердің ең таңдаулылары ұл балалар үшін Ерасыл, қыз балалар үшін Кәусар. Таңдаулы есімдердің алғашқы ондығын мынадай есімдермен толыққан: Ұл балалар: Нұрислам, Әлихан, Нұрасыл, Мирас, Санжар, Артем, Никита, Арсен, Нұрсұлтан. Қыз балалар: Айару, Інжу, Аружан, Аяулым, Мадина, Айша, Диана, Айзере, Жанерке.

Кеш токсикоз (соңғы токсикоз)

Кеш немесе соңғы токсикоз — жүктіліктің екінші жартысындындағы қауіпті асқынулардың бірі. Көп жағдайларда кеш токсикозды жүктіліктің бірінші жартысындағы ерте токсикоздың баламасы ретінде жүрек айну, құсу белгілерімен көрінеді деп санайды. Кеш токсикоз ерте токсикозға қарағанда қауіпті және қатерлі. Қатерлілігі – жүкті әйелдің өзіне сезілмейтін қан қысымының жоғарлауымен, жасырын ісікпен және зәрде нәруыздың (ақуыз) болуымен көрінетін ауру. Нәтижесінде, айтарлықтай зат алмасудың …

Жүктілік кезінде сыра ішуге бола ма?

Сыраның құрамында қанша грамм спирт болады? Сыраның құрамындағы спирттің мөлшерін анықтау үшін сыраның қанша пайызы спирттен тұратындығын және ішілетін сыраның мөлшерін анықтау керек. Көп сыралардың бір стаканында (0,2 л) шамамен 8-12 грамм спирт болады. Ал 0,5 литрлік шөлмегінде 20-30 грамм спирт болады. Жүкті әйелдердің сыра ішуіне бола ма?

Сыңарына жұтылып кеткен шарана

Ішінде сыңары жатқан бала. Фото: theblaze.com

Адам айтса, нана қою екіталай жағдай. Перуде дәрігерлер үш жасар сәбидің ішінен толықтай дамымай қалып кеткен шарананы тапты. Жалпақ тілмен айтсақ, үш жасар баланың ішінде бала бар болып шыққан. Мұндай жағдай дүние есігін тірідей ашқан әрбір 500 000 нәрестеде кездеседі екен. Амазонканың ну ормандарын мекен еткен тайпалардан шыққан үш жасар баланың денсаулық жағдайы сыр беріп, …

Бала, ұрпақ, перзент туралы мақал-мәтелдер (Екінші бөлім)

Қазақ халқының бала, ұрпақ, перзент, ұл, қыз туралы мақал-мәтелдері (Екінші бөлім) *** Балаға пышақ бермесе, бір жылар, Пышақ берсең, екі жылар. *** Бала соққан кездіктің басы жарық. *** Баланың ұяты – әкеге, Қыздың ұяты – шешеге.

Қынап туралы не білеміз?

Қынап (орыс.: влагалище; лат.: vagina) — әйелдің ішкі жыныстық мүшелерінің бірі, түтік тәрізді болып келеді, қыздық пердеден жатыр мойнына дейінгі аралықты алып жатыр.  Жатырдың қалыпты жағдайдағы ұзынды 7-12 см құрайды.

Әйелдің репродуктивті жүйесі

Әйелдің репродуктивті жүйесі немесе әйелдің жыныс мүшелері дегеніміз көбейіп, ұрпақ жалғастыруға жауапты мүшелердің жиынтығы. Әйелдердің репродуктивті жүйелері ішкі және сыртқы жыныс мүшелерінен тұрады. Бұл жүйе әйелдерді еркектерден ерекшелеп тұрады, яғни әйел жыныстылардың анатомиясына ғана тән ерекшелік болып табылады.

«Папа» мен «мама» сөздері жайлы

Бұл екі сөз де қазақ тіліне жат болған. Бірақ бірнеше ондаған жылдан бері қазақ тілінің ең көп қолданылатын сөздерінің қатарында келеді. Көп адам екеуін де орыстың сөзі деп, қазақылыққа жат сөздерге жатқызады. Тіпті, әкесін «папа» деп атайтындарды жетесіздер, арсыздар қатарына жатқызатындар да бар. Қоғам болған соң әртүрлі пікірдегі адамдардың болатыны табиғи заңдылық қой. 

Яндекс.Метрика