Author archives

Жеріктік: Жүкті әйелдердің талғамы неге өзгереді?

Жүкті әйелдердің талғамы неге өзгереді? Жүктілік әр әйелде әрқалай өтеді. Бірі – ешбір белгісіз, бірқалыпты өткізсе, екіншісінің тағамға деген талғамы ауысып, өзгелердің санасына сыйымсыз азық-түлікке жеріктігі пайда болады. Таныстарыңыздың бірі сыраға, енді бірі қыс ортасы бола тұра қарбызға, сағызға, шекілдеуікке, қандай да бір иіске құмар болады. Оған таңқала қараудың қажеті жоқ  Бұл – әйел ағзасында …

Баланы балабақшаға жіберу қажет пе?

Кеңес Одағы тарағаннан кейін балабақшалар ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетті. Енді соның салдарынан еліміз бойынша балабақшаға деген тапшылық әжептеуір сезілуде. Тіпті, туыла салысымен балабақша кезегіне тіркетіп жатқандарды көз көріп, құлақ естіп жүр. Бұл көпшілік ата-ананың ұл-қызының балабақша қамқорлығында болғанды жөн көретіндігін білдірсе керек. Бес саусақ бірдей емес. Өйткені, кейбірі, керісінше, баланың отбасы, ошақ қасында, ата-әжесінің …

Балаңыз тырнағын жесе…

Балаңыздың тырнағын жейтінін аңғардыңыз ба? Әдетте, олар бас бармағын немесе сұқ саусағының тырнағына «тыныштық» бермейді. Тістемегендігін айтып, өзіне шаң жуытпауы да мүмкін. Ондай жағдайда дүрсе қойып, ұрсудың пайдасы шамалы. Жазаламаңыз да. Өйткені, тістелген тырнақ – ішкі жанайғайдың белгісі. Қатты ренжігенде, ашуланғанда, қорыққанда, өзге де эмоцияға берілгенде осындай іс-әрекетке барады. Тырнағын жеу арқылы жүйкесін тыныштандырады. Мұндай …

Баланың қиялдау қабілетін арттыру

Мен 5 жасар баламның қиялдау қабілетінің мүлде аз екендігін байқап жүрмін. Қалай дамытуға болады? Сұраққа Тараз қалалық №23 балабақшасының психолог-тәрбиешісі Әлия Қазыбаева жауап береді. — Фантазия, яғни қиял кез-келген балада жақсы қалыптасқан. Бірақ, оны дамытуды қолға алмағандықтан уақыт өте келе жойылып кетуі мүмкін. Ата-ана баласының алдына түрлі-түсті ойыншықтарды үйіп тастайды. Бірақ, сіз жақсылық жасаймын деп оған …

Жалғызбасты ана болу оңай ма?

Өткен ғасырдың ортасында-ақ біздің қоғамда «жалғызбасты ана» ұғымы пайда болған еді. Өйткені, оған дейін әйел балаларын жалғыз тәрбиелемеген. Ері қайтыс болған әйелді қайынағасы немес қайынінісіне әмеңгерлікпен үйлендірген. Ал, ажырасуды құлақ естіп, көз көре бермейтін. Мүлде болмайтын десек те қателеспеспіз. Сондықтан, ел аузында «Жесір ерден кетсе де, елден кетпейді» сөзі қалды. Әйтсе де, бүгінгі күні «жалғызбасты …

Дене қызуы: себебі, салдары, қызуды төмендету амалдары

Нәресте дүниеге келгеннен кейін алғашқы күндері бұл ортаға үйренгенге дейін дене қызуы жоғарылау (37,0–37,4°C) болады. Бірнеше аптадан кейін біртіндеп қалпына түседі (36,0–37,0°С). Әр баланың ағзасы түрлі болатындықтан, дене қызуының бар-жоқтығы былай анықтауға болады. Қалыпты кезеңде дене қызуы 36,0°С болып, келесі күні 37,5-ке көтерілсе, алаңдауға болады. Ал, егер күнделікті қызуы 37,0°С бола тұра, ешқандай жайсыздық байқалмаса, …

Перзентханаға не алып бару керек?

Жүктіліктің соңғы апталары жақындаған сайын әрбір ананың бойында қорқыныш пен үрей билейтіні жасырын емес. Мейлі, біріншісі болсын, мейлі, төртіншісі болсын, қобалжымайтындар некен-саяқ. Толғақ кенеттен басталса абыржып, перзентханаға қажетті заттарды ұмытып кетуіңіз мүмкін. Сондықтан, алдын-ала әзірлеп қойыңыз! Енді босанғанға дейін қажет болатын заттардың тізімін жасасақ: Ең әуелі, құжаттар. Жеке бас куәлігі немесе паспорт, жүкті әйелдің картасы …

Сүт безі ауруы

Елімізде соңғы кезде әйелдердің сүт безі ауруы белең алып барады. Кейінгі жылдары оның көбейгендігі соншалық жас келіншектер арасында да осы дертке шалдыққандар кездесіп қалады. Дәрігерлер 60-70 пайызға дейінгі ана атануға қабілетті әйелдердің дер кезінде мамандардың кеңесіне жүгінбейтіндігінің салдарынан орын алатындығын айтып отыр. Сүт безінің рагін алдын-алу үшін мастопатияны анықтап, дереу емдету керек. Мастопатия сүт безінің …

Босанудан кейінгі сұлулықты сақтау

Міне, тоғыз ай, тоғыз күн көтерген балаңыз жарық дүниеге келді! Бұл – отбасыңыз үшін, өзіңіз үшін де үлкен қуаныш. Дегенмен, перзентханадан келгеннен кейін айнадан өзіңізді көріп, көңіліңіз жабырқап қалды ма? Жүктілікке дейінгі сымбатыңыздың ізім-қайым жоғалғанын аңғардыңыз ба? Артық салмақ өз алдына, ұйқысыздықтың салдарынан бетіңіз бозарып, көзіңіздің асты қарайып, теріңіз құрғап кеткенін байқадыңыз ба? Онда тез арада …

Ұрлық па, шалалық па?

Екі жастан асқан балалар арасында ұрлық атаулы арагідік болса да кездесіп қалады. Кей ата-аналар асығыстық танытып, әркімнен кеңес сұрап, мазасыздана бастаса, кейбірі, керісінше, баланың шылылығына балап, қолды сілтей салады. Бұл екеуі де дұрыс емес. Өйткені, ең алдымен, ұрлық жасалғанын байқасаңыз ескерусіз қалдырмаңыз. Өйткені, бәрі де осы кезде басталады. Дегенмен, 5 жасқа дейінгі балақай ұрлықтың байыбына …

Балалардың құлақ, мұрын, тамақ ауруы

Балалар арасында тамақ, мұрын, құлақ ауруларына шағымданған ата-аналар жиі кездеседі. Жыл өткен сайын олардың қатары көбеймесе, азаяр емес. Құлақ аурулары жедел және созылмалы деп бөлінеді. Оған қоса, ішкі және сыртқы түрлеріне де бөлінеді. Жиі кездесетін сыртқы құлақ ауруларына перихондрит, отогематома, құлық жатады. Әсіресе, балаларда жиі ұшырасатын түрі – сыртқы есту жолына бөгде заттың түсуі. Бұл …

Балаларда кездесетін аллергиялар

Аллергия

Таңертең ұйқыдан оянған балаңыздың денесін қызыл бөртпелер басып кеткендігін байқадыңыз ба? Қышынып, мазасызданып жылай бастайды. Ондай кезде не істер едіңіз? Әрине, дереу дәрігер шақыртасыз. Дегенмен, ондай белгінің неден пайда болғандығын анықтап алғанның да артықтығы болмас. Көбіне мұны дәрігерлер қандай да бір заттың әсерінен (жеміс-жидек, сапасыз киім, төсек-жабдық, т.б.) болғандығын жасырмайды. Әсіресе, тағамдардың кесірінен бөртпе, яғни …

Шілденің шіліңгір ыстығында баланы қалай қорғаса болады?

Шілденің ыстығында балаңызды қорғаңыз! Шілденің шіліңгір ыстығында баланы неден қорғау керек? Ең әуелі – күннен, әрине. Өйткені, тым ыстық тым суық секілді балаға өте зиянды. Суық секілді денеге өткен ыстықтан баланы сақтамасаңыз басы айналып, жүрегі айнып, дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, мұрнынан қан кетуі мүмкін. Кей жағдайда қалшылдап, дірілдеп кетеді. Егер осы жағдайға ұшырасаңыз, …

Яндекс.Метрика