Author archives

Жоспарсыз жүктіліктен сақтану жолдары

Адамзат қауымы баланы жоспарлаудың тәсілін үйренді. Қазіргі кезде жүктіліктен сақтанудың түрлі амалдары бар. Тек дәрігердің кеңесімен өзіңізге лайықтысын таба біліңіз. Өйткені, әр адамның ағзасының ерекшелігіне қарай сақтану құралдарының бірі лайықты болса, керісінше бірі жақпауы мүмкін. Сондықтан, кеңінен қолданылып жүрген жүктіліктен сақтайтын құралдармен таныстырып өтсек.

Ажырасудың балаңызға тигізер әсері

ҚР Статистикалық агенттігінің таратқан мәліметтеріне қарағанда 2010 жылы елімізде 144 357 отбасы заңды түрде үйленсе, оның 40 982-ң некесі бұзылған. Бұл әрбір тіркелген төртінші некенің соңы ажырасумен аяқталады деген сөз. Әсіресе, менталитеті батыстанып бара жатқан Солтүстік өңірлерде әрбір үшінші неке бұзылса, оңтүстіктегі ахуал да оңып тұрған жоқ. Ондағы әрбір алтыншы некеге тұрғандар

Босанғаннан кейін салмақты реттеудің амалдары

Жүктілік кезінде барлық әйел салмақ қосады. Бірі шамалы ғана қосса, екіншісі 20 келіге дейін семіреді. Кейбір әйелдердің бойындағы ісіну құбылысы уақыт өте келе қалпына келеді. Ал босанғаннан кейін артық майдан арылу кез-келген мүсінін ойлайтын әйел үшін бас ауыртар мәселеге айналады.

Балаңыз өтірік айта бастаса…

Өтірік айтпайтын бала болмас. Кез-келген ата-ананың алдынан осы проблема ерте ме, кеш пе шығатыны анық. Психолог мамандардың пікірінше, дер кезінде қолға алса, бұл «аурумен» де күресуге болады. Бала не үшін өтірік айтады? Бұл туыла сала пайда болатын қасиет емес. Жағымсыз әдеттен арылту үшін оның себебін анықтап алғанның маңыздылығы зор. Себебі әр түрлі болуы мүмкін. Біз өте …

Балаңызды ұрасыз ба?

Сіз балаңызды ұрасыз ба? Осы сұраққа жауап беруден бастасақ. Кейбіреулер «Онда тұрған не бар? Бізді де ұрған. Қисайған жеріміз жоқ. Керсінше, көп жайтты түсініп өстік» деуі мүмкін. Сонда қаншама көз жасыңыз төгіліп, жаныңыздың ауырғанын ұмыттыңыз ба? Өзіңізді керексіз жандай сезініп, ата-анаңызға талай рет өкпелегеніңіз ше? Тіпті, «өліп қалсам, жақсы болар еді – менің қадірімді білер …

Балалар арасындағы сүйек-буын туберкулезі

Бұрындары сүйек туберкулезі деген сөзді ілуде біреу болмаса, ести бермейтінбіз. Алайда,соңғы кездері халық арасында құрт ауруы деген атпен белгілі дерт қанатын жайып келеді. Сондықтан, балалар сүйек туберкулезі туралы Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы балалар ауруханасының дәрігері Жанат Асқаровадан егжей-тегжейлі сұрап білуді жөн көрдік. Балалар сүйек туберкулезі деген не? Ол қалай таралады? Балалар сүйек буын туберкулезі өте ауыр …

Жүктілікті жоспарлау

Отбасын құрып, шаңырақ көтерген кез-келген жұбайлар отын өшірмей, ұрпағын жалғастырар бала сүюді армандайды. Осы ретте болашақ аналарға мамандардың берер кеңесі жетерлік. Құрсағында 9 ай, 9 күн көтерген нәрестесінің дені сау болып туылуына ата-ананың өзі себепші екендігін ескерген жөн. Балалы болу дегеніміз – ерлі-зайыптылардың жауапкершілігінің артуы десек, екі жаққа да артылар міндеттің жүгі ауыр болады. Тек …

Яндекс.Метрика