Author archives

Балаңызда бәрі жақсы болсын десеңіз

  Балаңызда бәрі жақсы болсын десеңіз, алдымен балаңызға қатысты ойлайтын өз ойыңызды өзгертіңіз. Санаңызды сан түрлі негатив ойлардан тазартыңыз. . Мысалы: Балаңызбен аулаға шықтыңыз делік, балаңыз асыр салып жүгіріп ойнап жүр. Сіз сол мезетте, балам жығылып қалып тізесін жаралап алар ма екен деп ойласаңыз, сол ойыңыз орындалып, балаңыз шынымен де жарақаттанып қалады. . Ана мен …

Балаларды түсіну үшін

  Балаларды түсіну үшін ішкі әлеміңіздегі кішкентай баладан хабардар болуыңыз керек. . . Сіздің де балалығыңыз, балалық шағыңыз бар. Сол күннен қалған сандық тола естелігіңіз бар. . Қанша жыл өтті ұмыттық демеңіз. Ақылыңыз ұмытса да миыңыз, тұла-бойыңыз, санаңыздың түпкірі, сезімдеріңіз ұмытқан жоқ… . Тек уақыт керек… Өзіңізбен жеке отырып сырласып, сол күндерге саяхат жасап, ішіңіздегі …

Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін…

    Балаға дұрыс тәрбие беру үшін төмендегі қасиеттер мен мінез-құлықтар сіздің бойыңыздан табылу қажет. . – Бала алдында БЕДЕЛДІ болу. – Беделді болу үшін, өзіңізге СЕНМДІ болу қажетсіз. – Сенімді болу үшін, ӨЗІНДІК БАҒАЛАУ(самооценка) қажет. – Өз-өзіңізді бағалай алу үшін, РУХАНИ АЗЫҚ қажет. – Рухани азықпен қарулану үшін, БІЛІМ қажет. – Білім алу үшін, …

Бала тәрбиесіне қатысты 5 қағида

  Академик, педагог-психолог Шалва Амонашвилидің бала тәрбиесіне қатысты 5 қағидасы: 1.Баламен қарым-қатынас кезінде мына ойды естен шығармаңыз: «Алла тағала, осындай баланы тәрбиелеуді маған сеніп бергенің үшін алғысым шексіз. Мен керемет әкемін немесе анамын, Алла берген алтын балам бар.Балам менің жеке меншігім емес, оны маған Жаратқан берді.Ол өмірге қартайғанда мені бағу үшін емес, өзінің өмірлік жолы …

Баланың мазасызданып кетуі

  Мазасыздық пен қорқыныш бір нәрсе сияқты көрінеді. Бірақ мазасыздықтың себебі нақты емес те, ал қорқыныштың нақты объектісі бар. ⠀ Бала қатты ауырып, содан бірдеме болып қалады деп қорқу – таза қорқыныш, ал денесі қызарса, немесе қызуы көтерілгенінен бірдеме болады деп уайымға бату – мазасыздық. ⠀ Ол көп жағдайда физикалық симптомдар арқылы көрінеді – жүрек …

Бала психологиясы туралы

  Біздің қоғамда көпшілік ата-аналарда мынадай ой қалыптасқан, «бұл бала ғой, не түсінеді дейсің?» Бүгін «көргенін», «естігенін» ертең ұмытып қалады… * Бірақ қарап отыр­саңыз, ең сезімтал жан өсіп келе жатқ­ан бала екені анық. Кіршіксіз көңі­лімен кез келген нәрсені қалай көрсе, солай қа­былдайды. *Біз өмір туралы естеліктерімізді кешегі мен бүгінгі күннен емес, сонау балалық шағымыздан бастаймыз. …

Бала бойындағы қорқыныш

  Бала кезде барлық адамдарда қорқыныш болады. Өйткені, бала кезде адамның қиялы өте тез дамиды. . Жас ерекшелігіне байланысты негізгі қорқыныш түрлері: Жаңа туылған нәресте: жаңа ортадағы қорқыныш анасынан алыстау қорқынышы бөтен адамдардан қорқуы 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларда: қараңғыдан қорқуы түнгі қорқыныштар жалғыз қалып қою қорқынышы 3 жастан 5 жасқа дейін: жалғыздық қорқынышы, …

Бала неге өтірік айтады?

  Бала мына жағдайда өтірік айтады: – Өзін жақсы жағынан көрсету үшін; –  Өзіне деген ортаның мол сенімін иелену үшін; – Ыңғайсыз жағдайға тап болудан қорыққанда; – Ата-анасының жазалауынан қорыққанда; – Ұялғанда; – Қалағанына қол жеткізу үшін немесе ұнатқан нәрсесін алу үшін; – Баланың өзі жақсы көретін досын қорғау үшін; – Үлкендердің мақтауына ие болу …

Бала тәрбиесіндегі басты мақсат

  Көпшілік ата-ана баласын өзіне тең көретін болған. Меніңше, бұл идея жалпы баланың өмірі мен психикасы үшін аса қауіпті. Себебі, шынайы тепе-теңдік бала өз маңдай терімен мүмкіндіктерді теңестіргенде қалыптасады. Бала мұны сезінбесе, ол үнемі сәтсіздікке ұрынып отырады. Бала тәрбиесіне көзқарасың қандай деген сұрақты жиі естимін. Тәрбиенің мақсаты мен одан шығатын әдіс-тәсілдерге ден қоямын. Тәрбие мақсаты …

Ұлға әке керек

  Ұл балаға әке керек. Әрдайым, ешбір сылтау-себепке қарамастан. Қазіргі заманда көп адам басқаша ойлайтынын білемін. Дәстүрлі отбасылық құндылықтар дағдарысты бастан кешіп жатыр. Жалғызілікті аналар саны күрт артты. Ұлдарын бір өздері ғана өсіріп, тәрбиелеп жатыр. Шыны керек, көбісі тамаша тәрбиелейтіні де рас. . Қазір әкенің рөліне, азаматтың әдебіне, тәрбиесіне қатысты көп дүние өзгеріп жатыр. Кей …

Баланың психологиялық қажеттілігі

  Баланың маңызды деген екі психологиялық қажеттілігіне тоқталсақ: Бұл психологиялық қажеттіліктерді білу сізге, балаңызды жақсы түсінуге және онымен жақсы эмоционалды байланыс орнатуыңызға көмектеседі. Сонымен, БІРІНШІ ҚАЖЕТТІЛІГІ — Сіздің балаға көңіл бөлуіңіз(внимание), сіздің баламен эмоционалды байланысыңыз( баланың сізбен эмоционалды байланысы, зейіні). Егер балаға сіздің тарапыңыздан көңіл аудару (внимание ) жетіспесе, бала оны кез-келген жолмен іздейтін болады. …

Ата-ананың бала психологиясына әсері

  Мен осы уақытқа дейін жазған постарымда баланың ата-анасының бір-біріне деген қарым-қатынасы бала психологиясына әсер ететінін үнемі жазып жүрмін. Бұл туралы онлайн кеңесте де ауқымды түрде айтып та жүрмін. – Баламның сабағы нашарлап кетті; . – Балам мені тыңдамайды; – Мінезі өзгеріп кетті; – Тұйықталып алды; . – Сөзіме қарсы шығады; – Сыйламайды; – Өз …

Аутоагрессия

  Бала өзін-өзі лақтырып құлайтын болса, басын қабырғаға ұратын болса немесе тырнағын тістеу, өзін жарақаттау(әдейі), ерінін тістеу, өзін балағаттау, тамақ ішуден бас тарту, отбасы мүшелерімен сөйлесуден бас тарту т.б. мұндай жағымсыз мінез-құлық пен іс-әрекет аутоагрессия болуы мүмкін. Аутоагрессия – агрессивті мінез-құлықтың әртүрлілігі, адамның өшпенділік әрекеті, өз-өзіне бағытталган жағдай. Кейде өз-өзін кемсіту түрінде байқалады. Қандайда бір …

Яндекс.Метрика