Author archives

Балаңызды күннің көзінен қорғаңыз

Күннің көзі балаңызға айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан біз сізге жаз айларында ыстықтан қорғанудың жолдары туралы кеңес бермекшіміз. Ыстықтан алған соққы — бұл ағзаның қызып кетуінен, көбінесе, басынан күн өтіп кеткеннен (күн шуағының тікелей басқа түсуі, есінен танып, құлап қалуы мүмкін), ыстықтан әлсіреу (ыстықтан алған соққының жеңіл түрі, бірақ есінен танып құламайды), ыстықтан тырысу (дененің бір …

Балаңыздың алдында айтылмайтын әңгімелер

«Ол әлі кішкентай, ештеңе де түсінбейді», – деп ойлайды көп ата-аналар. Сөйтіп, балаларының алдында көршілері, мұғалімдері, туыстары, таныстары туралы неше түрлі жаман әңгімелер айтып отыра береді. Бірақ бала әңгіменің мәнін түсінбеуі мүмкін, үлкендердің айналасы туралы айтылған «қызықты» әңгімелері мен пікірлерін есінде жақсы сақтап қалады. Содан соң, көпшілік жиналғанда немесе қонаққа барғанда, магнитофон жазбасы сияқты, сөзбе-сөз, тіпті, ата-анасының …

Балалар бойындағы қорқыныш пен үрей

Жалғасы. Басы: Кішкентайыңыз неге қорқақ? Балаңыздың бойында өлім алдындағы қорқыныш сезімі бар-жоқтығын қалай анықтауға болады? Кей жағдайларда бұл қорқыныш сезімі басқа сипатта байқалады: шабуылдан, аурудан, табиғат апаттарынан (су, от, өрт) қорқу. Бұл үрей үлкендерге де тән, бірақ аздап қана. Бұл көп жағдайда ертегі кейіпкерлерімен байланысты. Мысалы: оттан қорқатын себебі — аузынан от шашатын үшбасты айдаһар туралы …

Кішкентайыңыз неге қорқақ?

Баланың қорқыныш сезімі – бұл не? Ұйқысының бұзылуы немесе басқа психикалық ауру ма? Мүмкін, балаңыздың қыңырлығы шығар. Әлде баланың үлкендердің назарын өзіне аудару үшін ойлап шығарған жалған ойы ма? Енді бізге осы сұрақтарға жауап іздеу қажет. Ол үшін бұл мәселелер байсалдылықты қажет етеді. Баланың қорқыныш сезімін түсіну дегеніміз оның сол қорқыныштан құтылуына көмектесіп, өзіне деген сенімін …

Балаңыз немен ойнайды?

Сіздің балаңыз барлығымен дерлік алысады, есерленіп, айқай-шу шығарады, ал түнде қорқынышты түстер көріп, шошып оянады. Неге? Сіз бұны балаңыздың мінезінде немесе жүйкесінің әлсіздігінде деп ойлайтын шығарсыз. Айналаңызға бір мезет зер салып қараңызшы, ол қандай ойыншықтармен ойнайды, теледидардан не көреді? Басты себеп осында болуы мүмкін. Қыздардың қуыршақтарын ұйықтатып, қоңыр қонжығының жараланған аяғын емдейтін, ал ұлдардың ойыншық …

Яндекс.Метрика