Сүт пен D дәрумені болашақ балаларды ересектерге тән шашыраңқы склероздан қорғайды

Өткен жылдың  ақпан айында Американдық Неврология Академиясының (The American Academy of Neurology) ғалымдары: Жүктілік кезінде сүт пен D дәруменін пайдалану болашақ нәрестелерде кездесетін үлкендерге тән шашыраңқы склероздың даму қаупінің алдын алады — деген тұжырым жасаған болатын.

Сүт, Сүт суреті, Сүт туралы

Мамандар 35 мыңнан астам анадан жүктілік кезіндегі тамақтанулары туралы, сүтті және D дәруменін қолданулары туралы ақпарат алды. Сұрау-сараптау жұмыстарынан соң 199 балада шашыраңқы склероздың дамығаны белгілі болды. Зерттеудің анықтап берген тағы бір нәрсесі — аналары тұрақты түрде сүт ішкен және D дәруменін пайдаланған балаларда шашыраңқы склероз кеселінің өте сирек кездесетіндігі. Мысалы, салыстырмалы түрде айтсақ, аналары жүктілік кезінде күніне 4 стакан (шамамен 1 литр — ред.) сүт ішкен балаларда шашыраңқы склероздың даму қаупі аналары жүктілік кезінде айына тек бірнеше рет қана сүт ішкен балаларға қарағанда 56% төмен болған. Сонымен қатар, жүктілік кезінде D дәруменін тұрақты түрде пайдалану болашақ балаларда шашыраңқы склероздың даму қаупін 45% азайтатындығы анықталды.

Әрине, сүт ішкен пайдалы. Бірақ кейбір адамдарда сиыр сүтіне деген аллергия болады. Ондай жағдайда тек D дәруменін (табиғи түрде болғаны абзал) пайдалануға тура келеді.

Дәрумендермен байытылған сүт, майлы балық (мысалы: арқан балық (лосось)) және күн сәулесі D дәруменінің қайнаркөздері болып табылады.

spot_img

Қызықты

Сәбіз салаты

Құрамы: 6-7 сәбіз, 2-3 ас қасық аскөк, 3 шай қасық...

Атопиялық дерматит кезіндегі қателіктер

Атопиялық дерматит кезіндегі қателіктер: 1️⃣Қателік: Атопиялық дерматит= тағамдық аллергия. Көбінесе...

Балаңызды күннің көзінен қорғаңыз

Күннің көзі балаңызға айтарлықтай қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан біз...

Сәбилер өздерінің қимылдары арқылы дамиды

Сәбилер тулғаннан кейін алғашқы айлар мен алғашқы жылы өте...

Баламның тәрбиесін қалай түзесем болады?

  Баламды қалай тәрбиелесем болады? Баламның тәрбиесін қалай түзесем болады? . Есіңізге...