Менін атым Лауан, мамамнын аты Дулдыз.
Бүгінгінің баласы сақау болса немесе тілінде басқадай кемшіліктер болса, айналып келіп қоршаған ортаның ластануын себеп етіп шыға келетіндер аз емес. Алайда, қазіргі уақыттағы экологиялық жағдай Кеңес Одағы тұсындағы экологиялық жағдаймен салыстырғанда жақсармаса, нашарлап кеткен жоқ. Қазір бұрынғыдай ақты-қаралы түтіннен будақтаған «бұлттарды» шығаратын ірі зауыттар мен өндіріс орындарының қарасы азайды. Ядролық сынақ мүлдем тоқтады.
Логопед мамандардың айтуынша, балалардың тілдерінің мүкіс болуына емізікті (соска) көп сорулары мен ата-анасының балаларымен қажетті деңгейде сөйлеспеуі себеп болады екен. Қалай дейсіз ғой …
Емізікті көп емген (сорған) балалардың таңдайы өзгеріске ұшырап, артикуляциялық қозғалысы нашарлайды. Бұл дегеніміз баланың таңдайы тарсылдап, тілі жатық болып өсуіне кедергі келтіретін негізгі факторлардың бірі. Егер адам баласы шығаратын дыбыстардың басым бөлігінің таңдайға байланысты екендігін ескерсек, бала таңдайының дұрыс қалыптасуының қаншалықты маңызды екендігін ұғамыз.
Ертедегі ата-балаларымызда емізік деген зат болмаған. Сондықтан болса керек, ол уақыттың балаларына «тіл кемістігі» деген түсінік өте аз қолданылатын болған.
Ата-анасы немесе жақын адамдары еркелетіп, тілін бұрмалап сөйлетін балалардың тілі бірден анық болып шықайды екен. Анық шығайын десе, анық әрі түсінікті түрде сөйлетін кімі бар?! Тілі енді шығып келе жатқан бала айналасындағылардың айтқан сөздерін сол қалпында қабылдайды. Кейін өзі сөйлегенде сол қалпында сақауланып шыға келеді.
Екітілді ортада өскен баланың тілі мүкістеніп қалуы әбден мүмкін. Себебі екі тіл тұрмақ бір тілде сөйлей алмай жүрген жас бүлдіршіннің тілі қай тілде шығарын кім білсін. Үйде қазақша, балабақшада орысша (немесе керсінше) сөздерді еститін баланың тілі біртілді ортада өскен балаларға қарағанда кеш жетіледі.
Сонымен, не істеу керек?
Жоғарыда айтылған жайттан не істеу керек екендігін білуге болады. Егер мәселенің себебі анықталса, оның шешу жолдарын анықтау қиын шаруа емес. Сол сияқты баланың тілін мүкіс ететін факторларды болдырмау мен оларға қарсы «күрес» жүргізу ісін қолғаалу керек. Мысалы, былай:
• балаңызды емізікке тәуелді етпеуге тырысыңыз. Аса маңызды қажеттілік болсама, аузынан емізікті алып қойғаныңыз жөн;
• балалармен оларды еркелеткен «былжырақ» тілде емес, анық дыбысталатын әдеттегі тілде сөйлесіңіз. Баланы анық естілетін сөздермен де еркелетуге болады;
• баланы өз ана тіліндегі ортада тәрбиелеуге немесе ойнатуға тырысыңыз. Екі тілді бірдей меңгеру, жас бүлдіршінді айтпағанда, ересектер үшін де оңайға түспесі анық.
Мен емізік сорғаннан баланың тілі мүкіс болады дегенге қарсымын. Себебі, менің балам аузына емізік салып көрген бала емес. Ол тілі шыққаннан 5 жасқа дейін ш,с,ж,з әріптерін айтпай олардың бәрін т деп айтатын. Балабақшадағы достары туралы бір күні әңгіме айтып отыр: Тата айтты деп. Кім ол Тата деген деп сұрасам, Тата ше, Тата дейді. Ол кім, Саша ма десем, иә, Тата, Тата деп қуанып кетті балам, Ол сонда өзінің Сашаны Тата деп тұрғанын білмейді. Біз сақауланып сөйлегенін қызық көріп, кейін қоятын шығар деп жүре бергенбіз, балабақшадағы тәрбиешісі орыс кемпір еді, сол мына баланы логопедке көрсетіңдер, тілі сақау боп, кейін өскенде қиналады деген соң, логопед тауып, 1-2 ай қараттық. Сөйтсек, баламыз қазақша 9 әріпті дұрыс айтпайды екен. Тәрбиеші айтпаса, логопед деген маман бар екенін, оған қарату керек екенін мүлде ескермеппіз де. Менің таныс қызым филология факультетінде оқып жүргенде, мектепке практикаға барады. Сөйлегенде, тілін төсеп сөйлейтін, кейбір әріптерді бұзып айтатынына біз мән бермейтінбіз, өзіне жарасып тұратын, бізге қайта ұнайтын, бір түрлі еркелеп сөйлеп тұрғандай. Сол қыз бақылау жұмысын жаздыртып, оқушылардың жазғандарын тексеріп отырса, диктанттың соңына бір бала: Апай, сөздеріңіз түсініксіз, логопедке қаралсаңызшы, деп жазып қойыпты. Содан ол қыз мектептен безіп, мұғалім болудан бас тартты. Неге логопедке бармағаны есімде жоқ, мүмкін жас кезінде бару керек пе екен. Сондықтан, баланың тілін бұзып сөйлегенін елең қылмай жүре бермей, мақалада айтылғандай, баланың келешегіне алаңдаған ата-ана ерте бастан мамандарға қаратқаны дұрыс. Мен баламның тәрбиешісі Мария Ивановнаға ризамын, сол кісі айтпаса, мүмкін балам қазір қатарынан қысылып, сақау атанып жүрер ме еді, кім білсін?!
Бұл мақаладағы балалар тілінің емізікті көп соруынан кеміс болуы мүмкін екендігі рас. Менін сіңілім 3 жасқа келгенше емізік сорған, тіпті 5 жасына дейін бесікте жатып уйыктайтын ерке бала болган.Інім дүниеге келгенде «балам, енді сенін емізігінді (сосканды) бопен соруы керек, соган бер» деп калжындап айткан атамнын созін естіп, інісінін касына орамалга оралган коп емізіктерді акеп тастап кеткеннен кейін гана әдетін койды. мектеп жасында тілі «р» әріпіне арен шыкты, кейін дурысталып кетті. ал емізікті ешкашан ембеген жиенім казір 3 жастан асса да 5 жастағы балалардын создері тарізді сойлейді, сойлемін толык курайды және анык дыбыстайды. улкен кісілерге сойлегенде «сіз, сыз» жалгауларын колданып, курделі сойлемдерді пайдаланады. бала-бакшанын тәрбиешілері оган логопедтін сабагын алудын кажеті жоқтығын да айтқан.Болашакта озімнін сәбиім болганда бұл кеңесті есте сақтармын!!!
Мақаланың тақырыбын оқып, бір жаңа ғылыми нәрсе білем бе деп қарасам…. бәрі де өзіме бес саусақтай белгіліжайттар екен…Балам туылғаннан кейінгі 2-3 айдан басқа емізікті аузына алған да емес.Сөйлескенде, сөздерді анық, дәл сол күйінде айтам, ал ортасы нағыз қазақша: әкесі де мен де, 4 жасар әпкесі де тап-таза қазақша сөйлейміз. Алайда 2-ге толса да, 4-5 сөзден басқаны айтпайды. Бәрін түсінеді, түсіндіреді, бірақ сөйлегісі келмейді, жаңа сөз қосуға құштар емес. Соған қарағанда, ұл-қыздың және жалпы әр баланың дамуының өз ерекшелгі де аз фактор ойнамайтын шығар…
Ал әпкемнің баласы 10-ға толады. Р-ды айту мұң болды. Қазақ логопедтеріне жылдап апарды еш нәтиже болмады, ал былтыр бір білікті орыс логопедке апарып еді, сол әріпті қойып берді. Алайда….. кештеу қойылғандықтан, сөйлем арасында р-ды айтуды ұмыта береді, сондай-ақ тек орыс тіліндегі сөздерде жақсы естіледі, ал қазақша сөздерді әдейілеп айтқанда, қасқыр секілді ырылдап шыға келеді….))))))))
Заманға сай техника-әдістерді жақсы меңгерген, қазақ логопедтері қашан тәрбиеленеді?????
Менің балам ноябрьде 5 жасқа толады. әлі күнге дейін анық сөйлей алмайды. үйде балабақшада таза қазақша сөйлейміз, не істеуге болады? ауылда логопед маман жоқ. 2 жасқа дейін соска сорды, содан да шығар. Қазір барлық нәрсені үлкен адамдай қабылдап өзінше түсіндіріп айтады, қимылы, іс – әрекеті белсенді, көп ауырмайды. өзі ойдан ертегі құрайды, би билейді, компьютерді меңгерді. тек осы тілі мені қатты алаңдатып болды. Өзге балаларды көргенде қатты намыстанамын. ал қарындасы 2 жаста бәрін айтады, тек ағасына еріп кейде анық айтпайды. мамандардан кеңес сұраймын.
Мен тұрмыс құрғам жоқ, әйеседе бұл мақала маған қатты ұнады. себебі мұндай жайттарды болашақ аналардың білгені абзал деп ойлаймын.
Әсіресе ана тілімізде осындай мақалалардың жазылуы көңіл құштарлық.