Category «Аналар әлемі»

Табиғи босанудан кейінгі әйелдің жағдайы

Табиғи жолмен босанған соң бірнеше күн бойы, тіпті бірнеше апта бойы әйел бойында кейбір қолайсыздықтар сезіледі. Қынаптан қанды іріңнің бөлінуі (лохия) баланың жолдасы ажыраған кезде жатырдың шырышты қабатының зақымдануынан болады. Босанған соң алғашқы екі-үш күнде етеккірдің алғашқы күніндегідей іріңді бөлініс өте көп мөлшерде және ашық түсті болады.

Мастит және оның алдын алу

Мастит – сүт безінің қабынуы. Ірің тудыратын микробтардың сүт бездеріне түсуінен (әдетте емшек үрпінің жарылуынан) пайда болады. Көбінесе бала емізіп жүрген әйелдер ауырады. Мастит кезінде температура 39°С-ге дейін көтеріліп, әйелдің жалпы жай-күйі нашарлайды, басы ауырады. Зақымданған сүт безі екінші тәулікте бұрынғыдан да қатайып, қатты ауырады, қызарып ісіп кетеді. Мастит көбінесе бірінші рет босанған әйелдерде болады. …

Ана сүтінің мөлшері мен сапасы емшектің өлшеміне тәуелді емес

«Егер әйелдің (бала емізетін ананың) емшегі кішкентай болса, баласын тойдырып емізе алмайды. Өйткені емшегі кішкентай анадан аз сүт бөлінеді» деген түсініктің бар екендігі белгілі. Оны аңыз десек те болады. Себебі әйел омырауынан бөлінетін сүт пен сүттің сапасы емшектің үлкен немесе кіші болуына байланысты емес. Әйелдің емшегінің басым бөлігі май ұлпаларынан тұрады. Ұлпалардың көлемі емшектің көлемін …

Ана сүтінің пайдасы мен ерекшеліктері

Сәбидің ана сүтін емуінің маңызы зор Сәбидің тіршіліктегі ең алғаш татар нәрі – анасының сүті. Ана сүті өмірге жана келген сәби үшін бірден-бір таптырмайтын қорек. Ана сүтін беру интеллектуальды және эмоциональды дамудың жақсы негізін қалайды. Ал ана сүтін ембеген бала, көп жағдайларда, аурушаң болып өседі.

45-65 жас аралығында алғаш рет жүкті болатын әйелдерде кездесетін қиындықтар

Израильдің «Тель а-Шомер» медициналық орталығында 2003–2008 жылдары 45-65 жас аралығындағы алғаш рет жүкті болған әйелдерді бақылаған мамандар 45 жастан бастап алғашқы перзентіне жүкті болу әйел мен сәбидің денсаулығына қауіпті деген қортындыға келген.

Сәбиді емізу барысында кездесетін қиындықтар

Сәби жарық дүниеге келгеннен соң оның қорегі анасының омырауынан шыққан ана сүті болады. Тойып емген сәби мен сәбиін емізуі оңай болған ана — сәтті емізудің көрінісі. Сүтті ему мен сәбиді емізу әрқашан оңай іске аса бермейді. Қиындықтар туып, жаңадан босанған әйелдердің қиыналып қалатындары бар. Емшек ұшына жара шығу, бала емізгенде жайсыз сезіну, сүттің тиісті мөлшерде шықпай …

Сүт безі ауруы

Елімізде соңғы кезде әйелдердің сүт безі ауруы белең алып барады. Кейінгі жылдары оның көбейгендігі соншалық жас келіншектер арасында да осы дертке шалдыққандар кездесіп қалады. Дәрігерлер 60-70 пайызға дейінгі ана атануға қабілетті әйелдердің дер кезінде мамандардың кеңесіне жүгінбейтіндігінің салдарынан орын алатындығын айтып отыр. Сүт безінің рагін алдын-алу үшін мастопатияны анықтап, дереу емдету керек. Мастопатия сүт безінің …

Босанудан кейінгі сұлулықты сақтау

Міне, тоғыз ай, тоғыз күн көтерген балаңыз жарық дүниеге келді! Бұл – отбасыңыз үшін, өзіңіз үшін де үлкен қуаныш. Дегенмен, перзентханадан келгеннен кейін айнадан өзіңізді көріп, көңіліңіз жабырқап қалды ма? Жүктілікке дейінгі сымбатыңыздың ізім-қайым жоғалғанын аңғардыңыз ба? Артық салмақ өз алдына, ұйқысыздықтың салдарынан бетіңіз бозарып, көзіңіздің асты қарайып, теріңіз құрғап кеткенін байқадыңыз ба? Онда тез арада …

Босанғаннан кейін салмақты реттеудің амалдары

Жүктілік кезінде барлық әйел салмақ қосады. Бірі шамалы ғана қосса, екіншісі 20 келіге дейін семіреді. Кейбір әйелдердің бойындағы ісіну құбылысы уақыт өте келе қалпына келеді. Ал босанғаннан кейін артық майдан арылу кез-келген мүсінін ойлайтын әйел үшін бас ауыртар мәселеге айналады.

Яндекс.Метрика