Category «Бала денсаулығы»

Балаларда кездесетін аллергиялар

Аллергия

Таңертең ұйқыдан оянған балаңыздың денесін қызыл бөртпелер басып кеткендігін байқадыңыз ба? Қышынып, мазасызданып жылай бастайды. Ондай кезде не істер едіңіз? Әрине, дереу дәрігер шақыртасыз. Дегенмен, ондай белгінің неден пайда болғандығын анықтап алғанның да артықтығы болмас. Көбіне мұны дәрігерлер қандай да бір заттың әсерінен (жеміс-жидек, сапасыз киім, төсек-жабдық, т.б.) болғандығын жасырмайды. Әсіресе, тағамдардың кесірінен бөртпе, яғни …

Балаңыздың тісі ауырса…

Тістің ең көп тараған аруларының бірі – тістің ішін үңгіп жеп қоятын кариес (жегі) болып табылады. Бұл ауру басталғанда тіс ыстық немесе суық, қышқыл не тұзды тамақ ішкен кезде қақсайды. Егер мұндай тіске пломба салғызбаса, онда тіс одан әрі бұзыла береді де, оның ішінде тістің жүйке талшықтарының қабынуының күрделі процесі жүреді.

Балалар арасындағы сүйек-буын туберкулезі

Бұрындары сүйек туберкулезі деген сөзді ілуде біреу болмаса, ести бермейтінбіз. Алайда,соңғы кездері халық арасында құрт ауруы деген атпен белгілі дерт қанатын жайып келеді. Сондықтан, балалар сүйек туберкулезі туралы Жамбыл облыстық туберкулезге қарсы балалар ауруханасының дәрігері Жанат Асқаровадан егжей-тегжейлі сұрап білуді жөн көрдік. Балалар сүйек туберкулезі деген не? Ол қалай таралады? Балалар сүйек буын туберкулезі өте ауыр …

Сүт пен D дәрумені болашақ балаларды ересектерге тән шашыраңқы склероздан қорғайды

Өткен жылдың  ақпан айында Американдық Неврология Академиясының (The American Academy of Neurology) ғалымдары: Жүктілік кезінде сүт пен D дәруменін пайдалану болашақ нәрестелерде кездесетін үлкендерге тән шашыраңқы склероздың даму қаупінің алдын алады — деген тұжырым жасаған болатын. Мамандар 35 мыңнан астам анадан жүктілік кезіндегі тамақтанулары туралы, сүтті және D дәруменін қолданулары туралы ақпарат алды.

Емшектен сүт емудің жақ сүйекке пайдасы

Жаңадан туылған сәбидің төменгі жақ сүйегі жоғарғы жақ сүйегіне қарағанда 1,5 см-ге қысқа болып келеді. Анасының омырауынан жарты жылға жуық сүт емген баланың төменгі жақ сүйегі жылдамырақ өсіп, жоғарғы жақ сүйекпен теңеседі.

Сәбиіңіздің дені сау болу үшін

Қазіргі қоғамда балалардың денсаулығын сақтау және нығайту өзекті мәселеге айналып отыр. Баланың қандай да бір ауруы болмағанда, жүйке-психикалық дамуы үйлесімді, ақыл-ой және дене еңбегіне қабілеті жоғары болғанда ғана оның дені толық сау деп айтуға болады. Сәби денсаулығы оның құрсақішілік даму ерекшеліктері, тектік бейімділігі, қоршаған ортасы, әлеуметтік жағдайы секілді көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады.

Яндекс.Метрика