Category «Нәрестелер»

Балалар арасындағы тершеңдік

Балалар арасында тершеңдік жиі кездеседі. Сәби ұйқыда жатқанда малшынып терлейтіндіктен ұйқысы бұзылып жатады. Мұны ата-аналар түрлі себепке балайды. Дәрігер не дейді екен? Тараз қалалық №2 емхананың жоғары санатты дәрігер-педиатры Шолпан Пралиева жауап береді. Тер деген не? Оның басты белгілері қандай? Жауап: Тер – ағзаның зат алмасу процесінің бірі десек қателеспеспіз. Кез-келген адам терлейді. Бала да …

Бесік жыры

Бесік жырының бұл нұсқасы белгілі жазушы-этнограф Сейіт Кенжеахметұлының «Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары» кітабында жарияланған. Көп жерлері бесік жырының басқа да нұсқаларындағы қатарларға сай келеді.

Нәрестенің тәуліктік тынысы мен ұйқысы және емізу уақыттары жайында

Нәрестенің тәулік бойы дұрыс қалыптасқан демалу режимі, анасының омырауын ему уақыттары, сергек (ояу) сәттері мен ұйқысының ұзақтығы ерекше қадағалауды талап етеді. Әсіресе, нәресте кезеңінде, яғни 1,5-2 жасқа дейін, тәулік тынысы мен ұйқысының мөлшері, қалт жібермей реттеп отыруды қажет етеді. Себебі, нәрестенің жан дүниесі мен тән құрылысының дұрыс жетілуі оның тәуліктік тынысының қатаң сақталатын реттілігіне тікелей байланысты …

Дене қызуы: себебі, салдары, қызуды төмендету амалдары

Нәресте дүниеге келгеннен кейін алғашқы күндері бұл ортаға үйренгенге дейін дене қызуы жоғарылау (37,0–37,4°C) болады. Бірнеше аптадан кейін біртіндеп қалпына түседі (36,0–37,0°С). Әр баланың ағзасы түрлі болатындықтан, дене қызуының бар-жоқтығы былай анықтауға болады. Қалыпты кезеңде дене қызуы 36,0°С болып, келесі күні 37,5-ке көтерілсе, алаңдауға болады. Ал, егер күнделікті қызуы 37,0°С бола тұра, ешқандай жайсыздық байқалмаса, …

1 жасқа дейінгі балаларда кездесетін кейбір аурулар

Өкпенің қабынуы (воспаление легких). Бұл ауру, әсіресе, жас нәресте үшін өте қауіпті. Өкпе қабынуы күз, қыс айларында көп болады. Оның себебі әртүрлі. Сәбиге болмашы ғана тұмау тигеннің өзінде тыныс алу жолдары тарыла түседі де, бала мұндай жағдайда аузымен дем алады. Балаға емшек ему де қиынға соғады. Сәби тыныс жолымен емес, аузымен дем алғандықтан, ауа өкпе …

4 айлықтан 1 жасқа дейінгі баланы тамақтандыру

1. Баланы мүмкіндігінше 1 не 2 жасқа дейін емшектен айырмау керек. 2. 4-6 айлық кезден бастап баланы қосымша тамақтандыра бастаңыз. Бұл үшін алдымен, сәбиді емізіп алып, қосымша тамақты содан соң ғана беру керек. Тамақтандыруды суға немесе сүтке пісірілген жүгері, күріш ботқасын беруден бастаған жөн. Бұдан кейін ботқаларға ағзаға әл-қуат беріп, нығайтатын майлар қосуға болады.

Жаңа туылған сәбидің кіндігін кесу, кіндігіне күтім жасау туралы

Жаңа туылған сәбидің кіндігін кесу — дүние есігін жаңадан ашқан кішкентайға жасалатын алғашқы күтімдердің бірі. Кіндікті қашан және қалай кесу керек екендігі жайлы сантүрлі пікірлер бар. Соларға тоқталып өтейік. Кіндікті қалай кеседі? Дүние есігін ашпай тұрып, анасының құрсағында жатқан сәби үшін кіндік анасымен байланыс құралы, азықпен және оттегімен қамтамасыз етілуіне септігін тигізетін жол ретінде пайдаланылады. …

Шала туылған нәресте және оның күтімі

Өзімізді қоршаған ортадағы зиянды факторлардың ұрыққа әсер ету зардаптарының бірі – баланың айына жетпей туылуы. Бірақ шала туылудың тағы да бұдан басқа да себептері кездеседі: әйел көп ұрықпен жүкті болған жағдайда, жыныс мүшесі онша жетілмеген жағдайда, қатты күйзеліске ұшырағанда, әйелдің жүктілік кезінде денесі жарақаттанса, т.б. Осындай себептерден және оларды толық жоюға мүмкіндіктің болмауынан айына жетпей …

Сүттің пайдасы. Қажетті мөлшерін анықтау

Дүниеге келгеннен бастап баланың кез келген тағамдарының құрамында сүт кездеседі. Мысалы, анасының сүті – табиғи дәрумендер көзі. Кейін ол пайдалы сиыр сүтімен алмастырылады. Оның құрамында бәрімізге пайдалы кальций бар екендігін білеміз. Өкінішке орай, кейбір сәбилердің сүтті жеткілікті мөлшерде қабылдамай жатқанын ата-аналары білмейді. Оның орнына ағзасы мен денсаулығына зиян келтіретін газды шырындар береді.

Балық пен етті сәбиіңізге беруге бола ма?

Уақыт көзді ашып жұмғанша зымырап өтіп жатыр. Сәбиіңіз өсіп келеді. Алғашқыда оған жемістер мен көкөністер, әртүрлі жармалар (крупа) берсеңіз, енді оған тағамына одан да маңызды азық-түліктерді енгізу қажет. Олар – құрамы ақуыз бен минералды заттарға, дәрумендерге бай (фосфор, калий, темір) ет пен балық. Баланы ет пен балыққа үйретуді аз мөлшерден бастаған жөн. Оған қоса, міндетті …

Тәй-тәй, балапаным, келе ғой!

Сәбиіңіздің аттаған алғашқы қадамдары – жаңа өмірге басқан қадамы. Бұл – ата-ана үшін үлкен қуаныш, айтып жеткізе алмайтын бақыт. Қашан? Бұл сұрақ көптеген ата-аналарды мазалайтыны белгілі. Кейде сәбиі тым белсенді болса, ата-аналар ерте жүріп кеткендігіне уайымдай бастайды (бұл баланың әлі қатаймаған аяқтарына зиян болуы мүмкін деп ойлайды). Ал кейбірі керісінше, сәбиінің тез қадам басқанын қалайды, …

Яндекс.Метрика