Category «Энциклопедия»

Гипертермия деген не және оны қалай емдейді?

Гипертермия деген не? Гипертермия — денедегі жылу алмасу қызметінің бұзылуы салдарынан жиналған жылудан дененің қызып кетуі. Бұл құбылыс аурулардың салдары ретінде де болады, бірақ ауруға жатпайды. Гипертермия дене қызуы 37°С-ден жоғары болғанда байқалады, 42,2°С-ге жеткенде адам ес-түссіз күйге енеді. Егер оны уақытылы емдемесе (қызуын түсірмесе), миына зақым келеді.

Даун синдромы

Даун синдромы генетикалық ауытқулар салдарынан пайда болатын геномдық ауру. Әдетте 21-ші хромосомада қалыпты жағдайдағы екі хромосома емес, үш хромосома болады. Ол патологиялық жағдайды Трисомия деп атайды. 21-ші хромосомада трисомия болғандықтан, Даун синдромының Трисомия 21 деген де атауы бар. Даун синдромын алғаш болып ағылшын дәрігері Джон Лэнгдон Даун ашты. 1862 жылы Даун өзі зерттеген ауруды психикалық …

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ)

Ультрадыбыстық зерттеу (УДЗ) — ағзаны ультрадыбыстық толқындар көмегімен инвазивті емес түрде тексеру. Диагноз қоюда, жатырдағы ұрықтың күйін бақылауда кеңінен қолданылатын әдістердің бірі — УДЗ. Зерттеудің бұл әдісі арқылы жатырдағы ұрықтың жынысын, жағдайын (өлі немесе тірі екендігін) анықтауға болады. «УДЗ жатырдағы сәбиге зиян» деп, тексерілуден бас тартуға болмайды. Олай етсеңіз, сәбидің бойындағы аздаған ақаулардың соңы үлкен кемшіліктерге ұласуы мүмкін.

Цитогенетикалық әдіс

Цитогенетикалық әдіс (цитогенетикалық зерттеу әдісі) — адамның хромосомалық жиынындағы ауытқушылықтар мен бұзылыстарды анықтауға арналған сарапатама, зерттеу. Бұл әдіс хромосомаларды микроскоп арқылы зерттеуге негізделген. Зерттеу нәтижесінде хромосомалардың саны мен құрылымын анықтауға мүмкіндік туады.

Кесар тілігі (Кесар тілігі операциясы)

Кесар тілігі деген не? Әйел табиғи жолмен, өздігінен босана алмаса немесе әйел мен сәбидің өміріне қандай да бір қауіп төніп тұрса (мысалы, босану кезінде оттегі тапшылығы), кесаре тілігі жасалады. Ол дегеніміз жүкті әйелдің ішін жарып, нәрестені сол кесілген (тілінген) жер арқылы шығарып алатын хирургиялық операция. Операция алдын ала жоспарланған немесе шұғыл түрде болуы мүмкін. Алдын …

1 жасқа дейінгі баланың салмағы (массасы) мен бойы

Қалыпты жағдайда дүниеге келген сәбилердің салмақтары мен бойлары жыныстарына қарай әр түрлі болады. Мысалы, ер балалардың орташа салмақтары 3200–3500 грамм, орташа бойлары 49–52 см болады. Ал қыздарда басқаша: орташа салмақтары 3000–3300 грамм, орташа бойлары 48–50 см.

Алтын алқа

Алтын алқа — жеті немесе одан да көп бала туып, тәрбиелегені үшін көпбалалы аналарға тағайындалатын алқа түріндегі марапат, ҚР ордені мәртебесіне ие. Бұл награданы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі Жарлық шығару арқылы тағайындайды. Қазақстан Республикасының «Алтын алқа» марапаты 1993 жылы ҚР Президентінің жарлығымен бекітілді. Алғашында он және одан көп баласы бар аналарға берілетін еді. Кейіннен …

Цистит ауруы

Цистит — әйелдерде жиі кездесетін ауру, қуық жолдарының қабынуы және жатырдың шырышты қабығының қабынуы арқылы анықталады. Циститті 80 пайыз жағдайларда E.coil (ішек таяқшасы) бактериясы қоздырады. Алайда, қуық жолдарының қабынуына қосымша факторлар да әсер етеді. Кейде жыныстық қатынаспен де байланысты болып жатады.

Апгар шкаласы

Апгар шкаласы (Apgar score) — адам баласы дүниеге келген алғашқы минуттарында (бірінші тест бірінші минутта, екінші тест бесінші минутта) өтетін тест. 1952 жылы өткен анестезиологтардың XXVII конгресінде американдық анестезиолог-дәрігер Вирджиния Апгар (Virginia Apgar) жаңадан туылған нәрестелердің өмірлерінің алғашқы минуттарындағы жағдайларын бағалайтын жаңа жүйені көпшілік назарына ұсынды. Апгар шкаласы бойынша бағалау бес критерий негізінде жүргізіледі. Әрқайсысы …

Жүктілік гестозы ауруы

Жүктілік кезіндегі гестоз ауруы — қазіргі акушерлік саладағы өзекті проблеманың бірі және аурулардың арасында алдыңғы орындарда тұр. Гестоз — әйелдердің жүктілік кезіндегі асқынған ауру түрі, ол ана ішіндегі нәрестенің ең маңызды органдары мен жүйке жүйесі функциясының бұзылуымен сипатталады. Гестозбен ауырған әйелдерде созылмалы түрдегі бүйрек және гипертония аурулары қалыптасады. Сондықтан аурудың алдын алу шараларын қолданған жөн. Мұндай …

Астана қаласының перзентханалары

Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы

Ел ордасы Астана қаласында жыл сайын 16 мыңдай сәби дүниеге келеді. Сол сәбилердің біразы жоғары дәрежеде қызмет көрсететін перзентханаларда дүние есігін ашады екен. Астаналық перзентханаларға шолу жасаған адамдардың айтуынша, ол жақтағы жақсы жағдайды көрген әйелдер жасалған жағдайларды көріп, риза болады. Босанатын әйелдерге медицина жәрдем беретін мекемелерді таңдау еркі – өзіңізде Қазіргі уақыттағы Ұлттық бірыңғайденсаулық сақтау …

Яндекс.Метрика