Category «Жаңалықтар»

Жаңалықтар

6 айлық сəби анасының өмірін сақтап қалды!

26 жастағы Сара Бойл 28 жастағы күйеуі Стивенмен бірге Тедди есімді ұлды тəрбиелеп отыр. Көптен күткен сəби өткен жылдың ақпан айында дүниеге келді. Босану сəтті өтіп, 3,5 келіден аса салмақпен туылған нəресте денсаулығымен ата-анасын қуантты. Сара мен Теддидің арасында құрылған эмоционалды байланыс, емізудің арқасында күшейе түсті. Бұл байланыстың орнауына қуанышты болған Сара, нəрестесін барынша ұзақ …

Сәкен Майғазиев қызды болды

«Музарт» тобының әншісі, көпшіліктің сүйікті әншісі Сәкен Майғазиев 2013 жылдың 3 тамызы күні таңертең қызды болды. Бұл туралы әнші өзінің Туиттер мен Фейсбуктегі ресми акаунттары арқылы хабарлады. Сәкен Майғазиев пен жұбайы Динараның 1998 жылы дүниеге келген Әділет есімді ұлдары бар. Майғазиев мырза мен оның жұбайын отбасындағы екінші перзенттерінің дүниеге келуімен «Ана мен бала» сайтының атынан құттықтаймыз. Кішкентайдың бауы …

Сыңарына жұтылып кеткен шарана

Ішінде сыңары жатқан бала. Фото: theblaze.com

Адам айтса, нана қою екіталай жағдай. Перуде дәрігерлер үш жасар сәбидің ішінен толықтай дамымай қалып кеткен шарананы тапты. Жалпақ тілмен айтсақ, үш жасар баланың ішінде бала бар болып шыққан. Мұндай жағдай дүние есігін тірідей ашқан әрбір 500 000 нәрестеде кездеседі екен. Амазонканың ну ормандарын мекен еткен тайпалардан шыққан үш жасар баланың денсаулық жағдайы сыр беріп, …

Ауғанстандық әйел бірден 6 нәрестені дүниеге әкелді

Бала туу мен жас балалар өмірі үшін әлемдегі ең қауіпті елдердің бірі саналатын Ауғанстанда 22 не 24 жасар Сара Гүл есімді әйел 24 қаңтар күні Мазар -и-Шариф қаласында бірден алты перзентін дүниеге әкелді: үшеуі — ұл бала, үшеуі — қыз бала. Нәрестелердің барлығы да шала туылған, біреуінің салмағы тым аз, 700 гр. Олардың барлығы дәрігерлердің үздіксіз бақылауында.

Емшекті үлкейтудің соңы өліммен аяқталды

Францияда емшектерін үлкейткен әйелдер арасында сүт безінің қатерлі ісігіне шалдыққандар саны жиырмаға жеткен. Бар мәселе франциялық Poly Implant Prothese компаниясының әйелдердің емшектерін үлкейтуге арналған протезін жасауға пайдаланған материалдың әйел өміріне төндірген қатерінде болып тұр. Аталған компанияның протез дайындау барысында клиникалық тексеруден өтпеген өндірістік заттарды пайдаланғандығы жайлы хабар тарады.

Балалар аналарының миын өсіреді

Ана миының өсуі

Американдық ғалымдар өткен жылдың соңында: «Балалар аналарының миын өсіреді» — деп таң қаларлық мәлімдеме жасады. Бұның мағынасы дүниеге бала әкеліп, оның күтімін жасаған әйелдердің миындағы кейбір бөліктердің үлкейетіндігін білдіреді. Ал сыры неде?

Сүт пен D дәрумені болашақ балаларды ересектерге тән шашыраңқы склероздан қорғайды

Өткен жылдың  ақпан айында Американдық Неврология Академиясының (The American Academy of Neurology) ғалымдары: Жүктілік кезінде сүт пен D дәруменін пайдалану болашақ нәрестелерде кездесетін үлкендерге тән шашыраңқы склероздың даму қаупінің алдын алады — деген тұжырым жасаған болатын. Мамандар 35 мыңнан астам анадан жүктілік кезіндегі тамақтанулары туралы, сүтті және D дәруменін қолданулары туралы ақпарат алды.

Яндекс.Метрика