Жатыр мойны эрозиясы

Жатыр мойны эрозиясы, Жатыр мойны эрозиясы, Жатыр мойны эрозиясы суреті, эрозия шейки маткиЖатыр мойны эрозиясы (орыс.: эрозия шейки матки) — жатыр мойнының шырышты қабықшасының тұтастығының бұзылуы немесе шырышты қабат ұлпаларының зақымдалуынан пай болатын кішігірім жаралар (эрозиялар). Бұл ауру әйелдерде ең жиі кездесетін гинекологиялық аурулардың бірі болып саналады.

Жатыр мойны дегеніміз қынап пен жатырды жалғап тұратын, қоймалжың сұйықтыққа толы, цилиндрлік пішіндегі қуыс.

Жатыр мойны эрозиясының екі түрі бар: шынайы (эндоцервикоз) және жалпы эрозиялар (эктопия, псевдоэрозия).
Шынайы этозия сирек кездеседі, ол жатыр немесе қынапта вирусты немесе бактериалы инфекцияның пайда болуынан, механикалық немесе химиялық бұзылыстардан (зақымдалудан) туындайды. Тексеру кезінде ол жатырдың сыртқы бетінде қызарып, жара секілді болып көрінеді.

Жалпы эрозия — қынап ішінде секреторлы эпителийдің жайылуы салдарынан пайда болатын, эрозияның жиі кездесетін түрі. Бұл, әдетте, жыныстық жетілу кезіндегі гормоналды бұзылыстардың салдарынан дамиды. Секреторлы эпителий қынаптың қышқылдық ортасына төзе алмайды, яғни ондай ортаға бейімделмеген. Сол себепті ол өздігінен жазылуға тырысады да, тегіс қорғаушы эпителийге айналады. Бұл процесс кезінде қиындықтар туындап, ісіктер пайда болуы мүмкін. Әдетте, бұндайісіктер қатерсіз ісіктер болып табылады.

Жатыр мойны эрозиясының пайда болу себептері

Эрозия туа біткен болуы мүмкін (псевдоэрозия немесе эктопия) және жүре пайда болған (жарақат алу немесе инфекция салдарынан) болуы мүмкін. Әдетте, жатыр мойны эрозиясы жасанды түсік жасатқан, гормоналды бұзылыстары бар, жыныстық инфекциялары бар және қынап дисбактериозы бар әйелдерде жиі кездеседі.

Жатыр мойны эрозиясының пайда болуының себептері:

  • Жыныстық қатынас арқылы берілетін аурулар: урогенитальды хламидиоз, трихомониаз, микроплазмоз және уреаплазмоз, гонорея, папиллома вирусты инфекциясы, екінші типті герпес вирусы немесе генитальды герпес.
  • Әйелдердің жыныс мүшелерінің басқа да қабынушы аурулары.
  • Қынаптың қабынбалы аурулары ( вагиниттер, кольпиттер, бактериалды вагиноз, молочница).
  • Жатыр монының шырышты қабықшасының механикалық зақымдалуы ( бала босану, жасанды түсік тастау, дөрекі жыныстық қатынас).

Эрозияның дамуына келесі факторлар әсер етеді:

  • Гормоналды бұзылыстар;
  • Етеккір циклының бұзылуы;
  • Жыныстық өмірді ерте бастау және серігін жиі ауыстыру;
  • Иммунитеттің төмендеп кетуі.

Жатыр мойны эрозиясы белгілері (симптомдары)

Жатыр мойны эрозиясының ешқандай клинникалық белгілері болмайды: ауруды тек гинеколог маманға тексерілу арқылы білуге болады. Алайда, кей жағдайда, эрозия бар екендігін, жыныстық қатынастан соң қынаптан қызғылт немесе қоңыр түсті сұйық бөлінулердің болуы арқылы білуге болады. Сонымен қатар жыныстық қатынас кезінде ауырсынулар сезілуі мүмкін. Қуықтың асты ауырады.

Жатыр мойны эрозиясының диагностикасы

Гинеколог дәрігер жатыр мойнын айнамен тексеру арқылы аурудың бар екенін анықтай алады. Бірақ эрозия оптикалық жабдық – колькоскоп – арқылы тексеріледі. Тексеру кезінде дәрігер сараптама үшін жағынды немесе патологиялық өзгеріске ұшыраған жерден (биопсия) кішкентай тері үлгісін алады. Бұл тері үлгісі микроскоп арқылы толық тексеріледі. Диагнозды растағанда типтік емес жасушалардың болмауына аса көңіл бөлу керек. Өйткені бұл — онкологиялық процестің белгілірінің бірі.

Жатыр мойны эрозиясын емдеу

Эрозияны дәрі-дәрмек арқылы және дәрі-дәрмектің көмегінсіз (Мысалы: термиялық күйдіру, лазер, сұйық азот және т.б. арқылы) емдеуге болады.

Жатыр мойны эрозиясын дәрі-дәрмектер арқылы емдеу. Дәрі-дәрмек арқылы емделгенде қабынуға қарсы дәрілер қолданылады. Олар эрозияның пайда болу себептеріне әсер ету арқылы, зақымдалған жасушаларды қайта қалпына келтіруге септігін тигізеді. Егер де эрозия қынаптың инфекциялық ауруының (хламидиоз, микоплазмоз) салдарынан пайда болса, алдымен осы ауруларды емдеп болып, кейін эрозияны емдеуге кірісу арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Зақымдалған жасушаларды жылдам қалпына келтіру үшін вагиналды шамдар, ерітінділер, жақпа майлар белгіленуі мүмкін. Бұл дәрі-дәрмектер микробтарға қарсы әрекет етіп, жатыр мойнының шырышты қабықшасы жасушаларының жылдам қалыпқа келуіне септігін тигізеді.

Жатыр мойны эрозиясының бетіне жағылатын дәрі-дәрмектер зақымдалған жасушаларды сау жасушаларға алмастыру арқылы әсер етеді. Бұны химиялық коагуляция деп атайды. Алайда тек дәрігер ғана алынған сараптама көрсеткіштері бойынша дұрыс ем қабылдау жолы мен керекті дәрі-дәрмектерді белгілей алады.

Жатыр мойны эрозиясын дәрі-дәрмектердің көмегінсіз емдеу. Бұл тәсіл жатыр мойнының шырышты қабықшысына төмендегі әрекеттер арқылы әсер етумен түсіндіріледі:

  • сұйық азот (криодеструкция);
  • лазерлі лоагуляция (лазермен күйдіру);
  • электр тогы ( күйдіру);
  • диатермокоагуляция (термиялық күйдіру);
  • жатыр мойны эрозиясын радио толқынмен емдеу.

Comments 95

  • Салеметсиздерме. Менде эрозия шейки матки басталды дейди. Мен бусинки деген свеча колданса кетеди дегенди естидим. Сол каншалыкты рас. КуйдСалеметсиздерме. Эрозиядан сон 2ши баламды котере аламын ба ??? Эрозиянын каупи кандай? Аса кауиптиме???

  • Салеметсиздер ме!2баланын анасымын.ажырасканыма 4жыл болды.жыныстык катынаста болмагалы сондай болды.жакында гинекологка ауырп барган едим ески эрозия деди.босанганда внутренний разрыв болган тикпеген срл эрозияга айналган деди.свеча гана берди салып едим кышып болмаган сон салмадым.енди врачка барганга коркам.бурынгы акушерлердин кесиринен эрозия болды ма?енди не истесем болады.народн мед мен емдейин бе билмей отырмын.комектесиниздерши.жауап берин здерши

  • Салеметсизбе отиниш болса жауап беринизши маган эрозия бар деди и соны куйдирип емдейди деди. Сосын оны канша кун куйдиреди и одан кейн бала котере аламынба?????

  • Саламатсыздар ма! Жоғарыда айтылған Ипар фирмасының продукциясы көмектесуы мүмкін: жалпы емделуге және бала көтеруге. Өзіме көмектесты. «Кун чечак» ты Розовое масломен майлап салу керек. Және очищающий Хуш мейда, Джаф херидан, Экстракт лука, цинк деген капсулаларын да іштім одновременно. Өте пайдалы, бірақ өте қымбатқа түседы. Содан кейін жыланның уынан жасалған дәрісі бар еді, атын ұмытып қалдым. Өте пайдалы. Мен 2013 жылы пайдаланып, бала көтердім.

  • Салеметсизбе Ана мен бала!?Сизден сурарым маганда гинеколг енди басталган эрозиян бар емдеу керек деген.свечалар жазып берген салып журм. Менде спералмен жургем екинши баламнан кейн 2 жыл болды. Бала котерсен эрозиян кетип калад дегенди естип ем енди спералди алып емди жалгастыра берсем болама?жауапсыз калдырманызшы отиниш.

Яндекс.Метрика