Кесар тілігі (Кесар тілігі операциясы)

Кесар тілігі деген не? Әйел табиғи жолмен, өздігінен босана алмаса немесе әйел мен сәбидің өміріне қандай да бір қауіп төніп тұрса (мысалы, босану кезінде оттегі тапшылығы), кесаре тілігі жасалады. Ол дегеніміз жүкті әйелдің ішін жарып, нәрестені сол кесілген (тілінген) жер арқылы шығарып алатын хирургиялық операция.

Операция алдын ала жоспарланған немесе шұғыл түрде болуы мүмкін. Алдын ала жоспарланған кесар тілігі жүктілік кезінде дәрігерлер әйелдің табиғи жолмен босана алмайтынын болжаған жағдайда жүргізіледі. Ол төмендегі жағдайларда жасалады:

  • – жолдастың дұрыс орналаспауы;
  • – кез келген операциядан кейінгі тігістердің қанағаттанарлықсыз жағдайы немесе жатыр қабатында бірнеше операциялық тігістердің болуы;
  • – жатыр миомасы;
  • жамбас сүйегі тар болса (баланың басының диаметрі анасының жамбас сүйектердің арасындағы саңылаудан үлкен болса, осындай диагноз қойылады);
  • – баланың туылуына кедергі келтіретін жамбас сүйектерінің деформациясы;
  • – шат сүйектерінің алшақтығы (айқын симфизит);
  • – гестоздың ауыр түрі;
  • – онкологиялық, жүрек-қан тамырларының, жүйке жүйесінің, эндокриндік аурулар, т.б.;
  • – миопияның ауыр түрі (көздің нашар көруі);
  • ұрықтың жатырда көлденең немесе керсінше жатуы;
  • – ұрықтың артық (3,6 кг артық) немесе жеткіліксіз салмағына (1,5 кг төмен) сәйкес жамбас алдында жатса;
  • – ұрықтың салмағы 4 кг артық болғанда жүктіліктің асқынуы;
  • – 30 жастан асқан әйелдің жүктілігінің асқынуы (қиындауы);
  • – ұзақ уақыттан кейінгі бедеуліктен соң жүкті болғанда туындаған асқынулар (оның ішінде жасанды түрде ұрықтандыру нәтижесі де бар);
  • – ұрықтың созылмалы оттек жетіспеушілігі (гипоксия), әдетте анасы ауырғанда және жүктілік кезінде өмір салтын дұрыс сақтамаудан пайда болады;
  • – ұрықтың гемотологиялық ауруы (резус-конфликт кезінде);
  • анасында генитальды ұшықтың (герпес) асқынуы;
  • – уақытына жеткен (9 ай толған) жүктілікті тоқтату қажеттілігі туындаса;

Шұғыл түрде жасалған кесар тілігі жүктілік кезінде әйелдің немесе сәбидің өмірі мен денсаулығына байланысты немесе босанатын уақыты басталғанда аяқ астынан қауіп туындаса жасалады. Ол төмендегі жағдайларда жасалады:

  • – жолдастың уақытынан бұрын қатпарлануы (босанатын уақыты басталған кезде);
  • – әйелдің туу әрекетінің әлсіздігінен;
  • – туу әрекеті болмаған жағдайда ұрық маңайындағы судың ағып кетуі;
  • – ұрық туылмай тұрып, кіндігінің ілмектерінің түсіп қалуы;
  • – ұрықтың ауыр гипоксиясы;
  • – ұрықтың басының дұрыс орналаспауы (бетімен немесе маңдайымен жатса).

Кесар тілігін жасау үшін босанушы әйелдің келісімін алу қажет. Егер ол келісім бермесе, операция дәрігердің көрсеткіштеріне байланысты жасалады, міндетті түрде босанушының медициналық карточкасына барлық жағдайлар жазылады. Кесар тілігі жасалғаннан кейінгі әйелдің жағдайы Алғашқы 6-12 сағат бойы әйел өзінің бойында наркоздың әсерін сезінеді. Ерте жасалған операциялық кезеңнен кейін әйел реанимация бөлімінде немесе интенсивті терапия палатасында жатады. Егер операция ешқандай асқынуларсыз жасалса, онда келесі күні әйел реанимациядан босанғаннан кейін жататын палатаға ауыстырылады (баласын жанына береді). Егер ешқандай қауіп туындамаса, баланы анасымен бірге әдетте 6-7-ші күні шығарады. Оның алдында 4-5-ші күндері тігістерін алады. Кесар тілігінен соң сәбиді табиғи жолмен тууға бола ма? Иә. Ешбір қауіпсіз өткен кесар тілігі операциясы келесі сәбиді табиғи жолмен дүниеге әкелу мүмкіндігінен айырмайды. Алайда жатыр қабатындағы тігістің бітіп кетуіне шамамен екі жылдай уақыт қажет, сондықтан кесар тілігінсіз сәбиді дүниеге әкелуді үш жылдан соң жоспарлауға болады (денсаулығыңыз жақсы болған жағдайда). Мүмкіндігінше, кесар тілігі жасалған соң алғашқы екі жыл жүкті болып қалудан сақтанғаныңыз жөн. Кесар тілігінен соң табиғи жолмен босануға байланысты сұрақ-жауап фото: doctor54.ru, PA

Ұқсас мақалалар

45-65 жас аралығында алғаш рет жүкті болатын әйелдерде кездесетін қиындықтар Жатырдағы баланың жамбастап орналасу күйі

Яндекс.Метрика