Бедеуліктің себебін екі жақты (әйелі мен ерін) бірдей тексеру арқылы анықтайды.
Әйелге гинеколог, ал еркек урологқа қаралуы қажет. Еркек бедеулігі перзент сүйе алмай жүрген некелік одақтың 40-50 пайызында кездеседі.
Еркекке қажетті тексерулер:
1. Спермограмма — сперманың ферменттілігін анықтау (әсіресе ұрықтануға);
2. Жыныс жолдары арқылы берілетін инфекцияларға тексерілу;
3. Шуварский әдісі — жыныстық қатынастан 2,5-3 сағаттан кейін шырыштан сперматозоидтардың қозғалғыштығын, екі жастың иммунологиялық сәйкестілігін анықтайды.
Әйелге қажетті тексерулер:
1. Анамнезін мұқият қарау.
2. Өмір тарихы.
3. Өткен жүктіліктері және олардың нәтижелері.
4. Бедеуліктің ұзақтығы.
5. Контрацепция әдістері.
6. Жалпы аурулары.
7. Дәрілік заттарды қабылдауы.
8. Әйел жыныс ағзаларының қабыну аурулары, жатыр мойынының және сүт бездерінің аурулары.
9. Операциялары.
10. Зиянды әдеттері.
11. Тұқымқуалаушылығы.
12. Етеккірінің тұрақтылығы.
13. Жыныс жолдары арқылы берілетін инфекцияларға тексерілу.
14. Ректальді температура – овуляцияны анықтау үшін шамамен 3 ай өлшенеді.
15. Гормон деңгейлерін анықтайды: тестостерон, ДЭА, пролактин, қалша бездерінің гормондары, олар эндокринді бедеуліктің себебін анықтайды.
16. УДЗ – гинекологиялық ауруларын және даму ақауларын анықтау үшін қолданылады.
17. Бастың рентгенографиясы, гипофиз ісіктерін шығарып тастау үшін.
18. Көз түбін және көру алаңын тексеру, ол да гипофиз ісіктерін анықтау үшін.
19. ГСГ (гистеросальпингография) жатырға контрасты затты жібергеннен кейін кіші жамбасты рентген суретке түсіру, ол жатырдың шырышты рельефін және көлемін, жатыр қосалқыларының функциональді өткізгіштігін анықтайды. Етеккір басталудан 6-7 күн бұрын жасалынады.
20. Лапароскопия — операция, ол кезде науқастың құрсақ қуысына оптикасы бар аспап кіргізеді, оның арқасында ішкі жыныс ағзаларының жағдайын толығырақ көруге мүмкіндік алып, анықталған бедеуліктің себебін хирургиялық коррекциялауға болады.