Бойға баланың бітуі қалай жүреді?

Бойға баланың бітуі қалай жүреді?

Бойға баланың бітуі әйел ағзасындағы аналық клетканың ұрықтануының нәтижесінде жүзеге асады. Жыныстық қатынас кезінде еркектің жыныс мүшесінен әйел қынабына миллиондаған аталық ұрық (сперматозоид) түседі. Олардың барлық бөлігі әйел жатырына енбейді. Жатырға енген сперматозоидтар жатыр түтігіне қарай көтеріледі. Жатыр түтігінің кең тұсында (ампулада) ұрықтануға қатысады. Нәтижесінде тек бір немесе екі (екі ұрықты егіздер болатын болса) аталық ұрық қана аналық клетканы ұрықтандырады.

Бірақ бұл әрбір жыныстық қатынастан жүкті болып қаласыз деген сөз емес. Бұл көбінесе белгілі бір күндерге байланысты. Бұның не үшін осылай болатынын жақсы түсіну үшін алдымен әйелдер физиологиясының кейбір ерекшеліктерін еске түсірген жөн.

Ұрықтану

Ұрықтанған күйінде аналық клеткалар аналық жыныс безінде бастапқы кезінен сақталып қалады. Олардың мөлшері өте көп – шамамен 300 мыңға жуық. Бала туатын жастағы әйелдерде әр ай сайын бір аналық клетка (кейде екі не одан да көп) ұйқысынан оянғандай түрленіп тұрады, одан соң «қоймасын» тастап, жаңа адамға өмір беру үшін аталық ұрықпен кездесуге дайындалады.

Аналық клетканың аналық жыныс безінен құрсақ аймағына шығуы овуляция деп аталады. Жаңа аналық клетканың овуляцияға дайындығы аналық жыныс безінің ішінде өтеді. Ол етеккірдің алғашқы күнінен басталып, орта есеппен екі аптаға созылады. Пісіп жетілген аналық клетка жатыр түтігіне түседі. Осы овуляция басталған күн – ұрықталуға қолайлы күндердің бірі.

Табиғат-Ана адамзаттың көбеюінің көптеген мүмкіндіктерін туғызған. Біріншіден, аналық клетка ұрықтану мүмкіндігін овуляциядан кейін екі күннен бес күнге дейін сақтайды. Екіншіден, әйел ағзасына түскен аталық ұрық та сол сияқты, аналық клеткамен кездесу сәтін күтіп, үш күнге дейін өмір сүреді. Әр етеккір кезеңінің 11-12 күні жыныстық қатынастың нәтижесінде бойға бала біту бақытын сыйлайды.

Ұрықтанбаған аналық клеткамен не болатынын бәрі де біледі: етеккір кезінде ол ағзадан жатырды төсеп тастайтын (эндометрияның функционалдық қабатымен) шырышты қабықпен бірге сыртқа шығарылады.

Ұқсас мақалалар

Толғақ қысқанда не істеу керек?

Брэкстон-Хикс толғағы деген не?

Босанатын күнді алдын ала анықтауға бола ма?

Жасанды толғақ деген не?

Босанғаннан соң ауыр зат көтеруге бола ма?

Кесар (кесарево) тілігінен соң табиғи жолмен босануға бола ма?

Жүктілікке және босануға байланысты демалыстың берілу тәртібі қандай?

Comments 12

  • Етеккір кезінде жыныстық қатынасқа түсуге бола ма? Және сол кезде бала көтеру мүмкін бе, әлде тек 1 апта өткен соң ғана ма?

    • Динара сәлем! Етеккір кезінде жыныстық қатынасқа түсуге тиым салынады. Етеккір кеткесін ғұсыл дәретіңізді алып, жыныстық қатынасқа түсуіңізге болады. Себебі етеккір уақытында сіздің ағзаңызға микроб жайлауы ықтимал яғни микроб түскен жағдайда бала көтере алмай қалуыңызда ғажап емес, сізге берер кеңесім осы.

    • Болмайды. Шариғат бойынша да лас кезең болып есептеледі.

    • мен тұрмысқа шықалы екі жыл болды бирак кқтере алмай журмин ешкандай ем алмадым енди менделгим келеди неден бастасам болады

  • Менің бір сұрағым бар еді. 2011 жылы 20 маусым күні бала көтеруге қарсы сақтанатын инъекция салдырттым 3 айлық. 2001 жылдың қыркүйек айында ол инъекцияның күші бітті. Енді бала көтергім келеді бірақ қазір сақтанбай жүрмін. Қашан көтерер екенмін деп күтіп жүрмін.

  • менде медикаментоздық түсік болды,бала іштен дамымай қалды деген диагноздан кейін. Содан бері 3 ай өтті,мен ешқандай ем жасамадым бірақ мен әлі бала көтерген жоқпын. Етеккір ай сайын келеді,деенмен өте ауыр. соңғы етеккір өте көп мөлшерде және ұйыған қан бөлшектер шықты. Осының себебі неде? бала көтеру мүмкіндігім қандай?

  • салем мен тұрмысқа шыққалы 2 жыл болды бала котере алмай жүрмин.ешқандай ем алмадым.дәрігерге барғам бирақ узиге түсуге жиберген.етекірім қыз күнимде 2 жылдай келмеди соган байланысты болу мүмкин ба?

  • Салеметсиздер ме?!(телефоным да казакша ариптер жок)Менин хайызымнын кешиккенине 5-6кун болды. 2рет тест алдым. Екеуинде де еки сызык шыкты. Тесттин алдауы мумкинбе,жане белим мен Ишим ауырып жур. Кандай кенес бере алар единиздер.

Яндекс.Метрика