Жүктілік кезіндегі тырысулар

Бұлшық еттердің еркінен тыс тырысуы жүктіліктің кез келген кезеңінде байқалады.
Жүктіліктің алғашқы кезеңіндегі тырысу токсикоздың себебінен болуы мүмкін. Бұл жағдай қалқанша безі маңындағы бұлшық еттердің (ағзадағы фосфор мен кальцийдің алмасуына жауап береді) қызметінің бұзылуынан болады. Бұлшық еттердің мұндай тырысуы қолдың білегі мен табан сүйектерінде байқалады. Егер тырысу кеудеңіз бен бетіңізден байқалса, онда міндетті түрде ауруханаға жатуыңыз керек.

Бұлшық еттеріңіздің тырысқанын сезінген кезде ауырсынған бұлшық етіңізді өзіңізге қарай тартыңыз. Егер тырысу балтырыңызда сезілсе, табаныңызды өзіңізге қарай тартуыңыз қажет. Енді аздап бойыңызды жеңіл ұстап, сосын қайтадан қайталаңыз. Тырысқан маңайды жайлап уқалауға немесе түйреуішпен ақырын ғана түйреп алуға да болады. Бұлшық еттерінің тырысуын емдеу үшін қалқанша безі гормондарын, D2 дәруменін, кальций препараттарын қолданады.

Екі аяғыңызда ұзақ тұрғаннан, ұзақ жүргеннен, жатырдың ұсақ жүйке талшықтарын жаншуынан, ағзадағы кальцийдің, магнийдің жеткіліксіз болуынан аяқтың тырысуы жүктіліктің екінші кезеңінде байқалуы мүмкін. Бұл тырысулар жағымсыз, бірақ аса қауіпті емес. Бір жақ бүйіріңізге жатып немесе аяғыңызды сәл жоғары көтеріп демалғаныңыз жөн. Аяқкиіміңіз де ыңғайлы болсын, өкшесі бар аяқкиімдерден мүмкіндігінше аулақ болған жөн (5 см-ден артық болмасын), одан гөрі, жайтабан аяқкиімдер жақсы. Бандаж қолданыңыз, құрамында кальций мен магний көп кездесетін азық-түліктерді пайдаланыңыз.

Жүктілік кезінде темекі тарту да тырысудың пайда болуына себеп болуы мүмкін. Сонымен қоса, құрамында кофеині көп шырындарды шамадан тыс көп ішу де осындай жағдайға душар етеді.
Қояншық ауруымен (эпилепсия) ауыратын әйелдерде де жүктілік кезінде тырысу болып жатады. Есінен танып құлап қалады. Сондықтан дәрігерлер қояншық ауруымен ауыратын әйелдерге жүкті болмауға кеңес береді. Ал егер көтеріп қойса, тырысуға қарсы препараттар қабылдағаны жөн. Әйтпесе, жүктілік кезіндегі қояншық ауруының ұстамасы болашақ сәбидің өміріне қауіпті және анасының өміріне де қауіп төндіруі мүмкін. Мұндай аурумен ауыратын әйелдерді кесар тілігімен босандырып алады.

Омарова Нұрбану

Comments 7

  • Сұрақ.Жүктілк кезінде әйелдерге қара дақтар шағады. Ол туғаннан кейін кетеме, қалай кетіруге болады?

  • менің анам айтады босанғаннан кейін жаңа шыққан сүтіңіз яғни уызбен сүртсеңіз қара дақтарды да көзіңіздің астындағы әжімдіде алады дейді ол рас көріңіз

  • Неге баланың басы жогарыда болса кесарба болады олсыз аякпен шыгуга болмайма

  • Менің сұрайын дегенім. Жүктіліктің 33 ші аптасындамын. Бала қатты қимылдап қарным қатты тырысып қалып жатыр. Жатсам да тырысып ауырады отырсам да солай тырысып ауырып жатыр. Бұл жағдайды қалай түсінсе болады не істеу керек. Өтініш тездетіп жауап қатсаңыздар. Түнде ұйқыдан айырылып отырмын

  • Салеметсізбе? Мен өзімнің жүкті немес жук емес екенімді біле алмай жүрмін. Тест көрсетпей жатыр, бірак менде көніл аину, матка жақтарымның ауырсынуы, тез шаршағыштық бар. Менің кіндігімнің астынан қоңыр сызық шығыпты жане көкірегімнің ұшыда қарайып келе жатыр. Аитып жібермисіздерме көтергенмінбе?

Яндекс.Метрика