Жүктілікті жоспарлау

Отбасын құрып, шаңырақ көтерген кез-келген жұбайлар отын өшірмей, ұрпағын жалғастырар бала сүюді армандайды. Осы ретте болашақ аналарға мамандардың берер кеңесі жетерлік. Құрсағында 9 ай, 9 күн көтерген нәрестесінің дені сау болып туылуына ата-ананың өзі себепші екендігін ескерген жөн. Балалы болу дегеніміз – ерлі-зайыптылардың жауапкершілігінің артуы десек, екі жаққа да артылар міндеттің жүгі ауыр болады. Тек осы сыннан сүрінбей өту үшін сауаттылықтың болу керек. Сонымен, мамандар кеңесіне назар аударайық:

1. Салауатты өмір салтын қалыптастыру. Есіңізде болсын: темекі шекпек түгіл оның иісінің өзі бала дамуына кері әсерін тигізеді;
2. Кез-келген дәрі-дәрмек атаулыдан бас тартыңыз. Әсіресе, гормональды дәрілер өте зиян.
3. 3-4 ай бұрын дәрігерге көрініп, денсаулығыңызды кінәратының бар-жоқтығын тексертіп алғанның да айыбы болмас. Өйткені, бала көтергеннен кейін тұрмыс құрғанға дейінгі кезеңде білінбеген аурулар асқына бастайды. Ал, жүктілік кезінде дәрі пайдаланудың болмайтындығын ескерсек, сізді емдеу қиынға түсетіні айтпаса да түсінікті.
4. Дәруменге бай азық-түліктерді, мысалы, көкөніс, жеміс-жидектерді күнделікті тамақ рационына енгізіңіз. Егер ондай мүмкіндік болмаса, дәрігермен ақылдасып, дәріханаларда сатылатын дәрумендерді алып ішуге де болады.
5. Көңіл-күйіңіз әрдайым көтеріңкі болсын! Өмірде кездесетін түрлі проблемалар мен қиындықтарға қарамастан, бірінші орынға болашақта нағыз ана бақытын сезіндіретін сәбиіңіздің денсаулығын қоя біліңіз!

Жүктілікке қолайлы уақыт етеккірдің келген күнінен санағанда екінші аптаның соңы мен үшінші аптаның басы болып саналады. Мамандар осы уақыттан бұрын бірнеше күн жыныстық қатынасты тоқтата тұрудың керектігін ескертеді. Осылайша, ағзаны дайындайсыз. Баланы жоспарлап жүрген әрбір ерлі-зайыптылар алкогольді ішімдіктерден бас тартып, ыстық моншаға бармауы керек. Оған қоса, жұбайлардың бір-біріне деген ілтипаты мен мейірімділігі де ұрықтың белсенділігін арттыратын көрінеді.

Сонымен, қорыта келе айтарымыз, өмірге бала әкелмес бұрын болашақ әке мен анаға үлкен дайындықтан өтуге тура келеді. Өйткені, сәби сүю отбасы беріктігінің кепілі ғана емес, ол өмір сүруге, бақытты бала атануға құқылы кішкентай Адамның келгендігінің белгісі.

Comments 41

  • Менің тұрмысқа шыққаныма алты ай болды іирак әлі бала көтере алмай жүрмін. Не істеу керек, айтыңыздаршы өтінем сіздерден. Қалай көтерсем болады?

  • Сәлеметсіздерме? Менің 1 жас 4 ай ұлым бар . 2010 жылы 16 шілдеде босандым. Босанғанннан кейін 40 күн өткен соң спираль салдырдым. Е л құлағы елу деген 1ші баладан кейін спираль салуға тиым салынады деген сөзді жиі естіп жүрмін соңғы кезде, осы сөздің шын мәнінде дұрыс немесе бұрыс екендігіне қалай көз жеткізсем болады? көмек бере аласыздарма?

  • Сәлеметсізбе. Менің 9 айлық қызым бар. Бұйырса, 2-ші балам ер бала болғанын қалаймын. Көтерейін десем, көтере алмай жүрмін. Бала емізіп жүргенде көтере алмайсың дейді. Сол рас па?

    • Сәлем! Иә, рас. Бала емізетін әйелдің көтеруі де көтермеуі де мүмкін. Егер көтере алмай жүрсеңіз, қорқудың қажеті жоқ. Бұл бала емізетін әйелдерге тән құбылыс.

  • Сәлеметсіздерме? Менің бір қызым бар. ол енді бірден асты. Екіншісін біраз тұра тұрсам деймін. Өйткені жұмысқа шығып жұмыс істегім келеді. Бұл туралы жолдасыма айтсам ол екінші бала болғанын қалайды. Мен оқуды бітіре салып тұрмысқа шығып кеткен едім, дипломымды ойлаймын. Енді тағы көтеріп балалы болсам тағы 2 жыл үйде отыруыма тура келеді. Енді не істесем болады? Ой бөлісіңіздерші.

  • жыныстық қатынаста төменгі мүше өте кішкентай болса балалы болуға болама???

    • Жүкті болу қынаптың немесе сыртқы жыныс мүшелерінің өлшемдеріне байланысты емес.

Яндекс.Метрика